A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы с – қимыл мәселелері бойынша аудандық комиссиясының № 1 хаттамасы
Шортанды к. 2017 жылғы 20 желтоқсан
сағат 15:00
 
Төреғалық еткен: Г.Ә.Сәдуақасова - Шортанды ауданы әкімі
Қатысқандар: Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Е.Қ.Мұхамедин, Шортанды ауданы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша аудандық комиссиясы мүшелері, ауданның атқарушы органдары мен ұйым басшылары, аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері.
Комиссия хатшысы: Ю.А.Зуева
 
 
Күн тәртібі:
 
1. Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданатаын шаралар туралы.
1 баяндамашы: Амантай Жәнібек – Шортанды ауданы әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау және ақпараттық технологиялары бөлімінің басшысы
2. Әлеуметтік қорғау саласында азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу мен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысы туралы
2 баяндамашы: Жұмкей Берген – «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.
3. Қоғамды жемөорлықпен күрестің негізгі элементі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлық қауіптерді талдаудың және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасауға жол бермеу қорытындылары.
3 баяндамашы: Зуева Юлия Александровна – Шортанды ауданы әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы.
4. Комиссия жұмысының 2018 жылдың 2-жартыдылдығына жоспарын бекіту
 
КОМИССИЯ ҚАУЛЫ ЕТТІ:
 
1. Баяндамашылардың ақпараты назарға алынсын.
2. Шортанды ауданы әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау және ақпараттық технологиялары бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақмола облысы бойынша филиалымен бірлесіп (келісімі бойынша) халықты және мемлекеттік қызметшілерді «e-gov» электрондық порталымен пайдаланумен оқыту және ауылдық округтері мен кент әкімдері аппараттарында өзіне өзі қызмет көрсететін бұрыштар құру бойынша жұмыс жүргізсін.
3. Дамса ауылдық округі әкімі ғимараттың бірінші қабатында мемлекеттік қызметтер көрсету тұрғысында «Дамса ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ғимаратында өзгеруді жүргізсін.
4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақмола облысы бойынша филиалы (келісімі бойынша) «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы» КЕ АҚ теңгеріміне ХҚКО ғимаратын тапсыру мәселесін пысықтасын, алаңдарды кеңейтсін, ғимарат қасбетінің жаңғыртуы жүргізілсін.
5. Шортанды ауданының мемлекеттік органдары, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері, ауылдық округтері мен кент әкімдері:
1) сыбайлас жемқорлық көріністерді алдын алу мақсатында мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынышты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық жасау үшін алдын ала жағдайларды барынша жоюға бағытталған жұмысты тұрақты жүргізсін;
2) бағынышты қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың аолын алу мен профилактика бойынша түбегейлі шаралар қабылдасын;
3) жартыжылда кеміне бір рет ведомстволық бағынышты мекемелер мен кәсіпорындарда қаржы – шаруашылық қызметінің талдауын жүргізсін..
6. Шортанды ауданының мемлекеттік органдары, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері:
1) Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № А-3/65 қаулысымен бекітілген Ақмола облысында құқық бұзушылықтың барлық нысандарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған іс – шаралар Жоспарын орындау бойынша дереу шаралар қабылдасын;
2) жүйелі негізінде оң көрсеткен институты ретінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға жәрдем болатын себептер мен шарттарды айқындау тұрғысында сыбайлас жемқорлық қаіуптердің ішкі талдауы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізсін;
3) бұқаралық ақпарат құралдарда түсіндіру жұмысты үнемі жүргізсін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызы бар іс - шараларды ұйымдастыр.
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үнпарақтарды коммуналдық қызмет көрсетудің түбіртектеріне жапсыру жолымен мәселені пысықтасын.
 
 
Шортанды ауданының әкімі, комиссия төрайымы Г. Сәдуақасова
 
 
Комиссия хатшысы Ю.Зуева
Мақаланың шыққан күні: 05.01.2018 16:10
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.01.2018 16:10
Қаралым саны: 1434

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz