A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Шортанды ауданының көпбалалы аналары мемлекеттік наградалармен марапатталды

"Алтын алқа" және "Күмiс алқа" алқаларының Қазақстан Республикасының орденi мәртебесiне ие. Бүгiн ауданымызда олардың иегерлерiнiң тiзiмi тағы да толықты. Елiмiздiң демографиялық дамуына қосқан елеулi үлесi үшiн "Алтын алқа" иегерi Жапар Нұржамал марапатталды, сонымен қатар "Күмiс алқа" иегерi Мағауова Нұргүл мен Хызырхан Еркегул марапатталды.

"Бүгiнгi күнi Батыр аналар бiздiң тәуелсiз мемлекетiмiздiң қоғамдық дамуына елеулi үлес қосуда. Бүгiн марапат алған адамдардың барлығы құрмет пен алғыс айтуына лайық, өйткенi төрт, бес және одан да көп баланы өсiру және тәрбиелеу — бұл үлкен жауапкершiлiк және қиын мiндет. Сiздерге мықты денсаулық және отбасылық амандық тiлеймiн!" дедi өз құттықтау сөзiнде аудан әкiмiнiң м.а. Ерлан Мұхамедин.

Шортанды ауданында әлеуметтiк салаға үлкен көңiл бөлiнетiнiн атап өту қажет. Мысалы, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Шортанды кентiнде көп пәтерлi тұрғын үй құрылысы жүргiзiлуде, 36 жалға берiлетiн пәтердiң 24-iн көп балалы отбасыларға тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн тапсыру жоспарлануда.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2019 17:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2019 17:18
Қаралым саны: 556

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz