A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
«БЖЗҚ» АҚ барлық филиалында «Ашық есiк күнi» шарасы өттi

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы 21 маусым

«БЖЗҚ» АҚ барлық филиалында «Ашық есiк күнi» шарасы өттi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында зейнетақы жүйесiне қатысты барлық сұрақтар бойынша ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзiп келедi.

Бұл жолғы шараның жаңашылдығы мен артықшылығы сол, бұл күнi Қор мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтiк қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органдардың, қоғамдық және мемлекеттiк емес бiрлестiктердiң өкiлдерi келушiлерге әр түрлi сұрақтар бойынша жауаптар мен ақыл-кеңестер бердi. Олар:

- «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы»;

- «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ;

- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң департаментi;

- ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң департаментi;

- «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ;

- Нур-Султан қаласы әкiмдiгiнiң «Халықты жұмыспен қамту орталығы»;

- «Атамекен» кәсiпкерлер палатасы.

Ашық есiк күнiн өткiзудегi мақсат — салымшыларға зейнетақы және әлеуметтiк сала бойынша жан-жақты ақпарат беру және тұрғындар арасында ең сұранысқа ие қызметтердi бiр жерде көрсету.

Шара барысында азаматтарды бiрiншi кезекте зейнетақының неден құралатындығы қызықтырды. «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ өкiлдерi базалық және ортақ зейнетақы, ал Қор мамандары өз кезегiнде зейнетақы төлемдерiнiң жинақтаушы бөлiгi туралы әңгiмеледi. Сонымен қатар шара барысында әлеуметтiк сақтандыру туралы да сұрақтар қойылды. «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ қызметкерлерi жұмыс берушiлер үшiн мұның мiндеттi екендiгiн еске салды.

Бала күтiмiмен декреттiк демалыста жүрген әйелдер үшiн бюджеттен мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша қосымша көмекқаржы бөлiнетiндiгiнен әйелдердiң көпшiлiгi бейхабар болып шықты. Еске сала кетелiк, жұмыс iстейтiн әйелдердiң Қордағы жеке зейнетақы шотына баласы бiр жасқа толғанша мемлекеттiк бюджет пен Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан мiндеттi зейнетақы жарналары аударылып отырады. Мұны «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы жүзеге асырады.

Аталмыш шара «БЖЗҚ» АҚ Нур-Султан қ. филиалында жоғары деңгейде өттi. Келушiлер көп болды және олар зейнетақы жүйесiнiң жұмысына үлкен қызығушылық танытты.

«Ашық есiк күнi» шарасының соңында қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерiнiң пiкiрлерi мен ескертпелерiн жазып қалдыруға мүмкiндiк алды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 26.06.2019 12:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.06.2019 12:03
Қаралым саны: 669

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz