A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Салымшылардың алтын уақыты үнемделеді

БЖЗҚ жоғары технологиялық байланыс құралдарының көмегiмен қашықтан байланыс жасау арналарын дамытып жатыр. Бұл қазiргi өркениеттiң қарыштап дамып жатқан кезеңiнде өте маңызды екенi сөзсiз.

Интернет — белсендi қолжетiмдiлiк құралы, ал ұялы қосымша — ақпарат алудың заманауи тәсiлi.Қазiргi уақытта олар көпшiлiк салымшылар үшiн ең сұранысқа ие қызметтердiң бiрiне айналған.

Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) мен құпиясөз немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы кез келген уақытта www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетке кiрiп, зейнетақы жинақтарының жай-күйiн, табыстылығын көруге болады. ЖСН мен құпиясөз және ЭЦҚ ұялы телефонға жүктелген ENPF ұялы қосымшасында авторлану үшiн де қолданылады. Ұялы қосымшаны Android және iOS базасында жұмыс iстейтiн кез келген смартфон немесе планшетке тегiн жүктеп алуға болады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшiн бұл қызмет қазақ және орыс тiлдерiнде жұмыс iстейдi. Салымшылар ENPF ұялы қосымшасы арқылы: зейнетақы шоттарының жай-күйiн, зейнетақы жинақтарын төлеу жөнiндегi өтiнiштiң орындалу барысын, зейнетақы жүйесiндегi барлық өзгерiстердi, Қордың жақын жердегi кеңсесiнiң мекенжайын анықтап, байланыс орталығына хабарласа алады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Қор қызметi туралы барлық сұрақтар бойынша жауап алу үшiн БЖЗҚ байланыс орталығына 1418 нөмiрi бойынша хабарласуға болады (Қазақстан бойынша телефон шалу тегiн). Ағымдағы жылдың 5 айы iшiнде Қор операторлары 171 290 қоңырауға жауап берген.

Қор сайты арқылы тиiстi нысанды толтырып, керi қоңырау шалуға тапсырыс беруге болады. Қор мамандары өтiнiште көрсетiлген уақытта хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап бередi. Бұдан басқа Қор сайты арқылы жазбаша түрде сұрақ қойып, жауап алуға мүмкiндiк бар. Сондай-ақ онлайн кеңес берушi қызметi арқылы да онлайн тәртiбiнде ақыл-кеңес алуғаболады.

Жоғарыда аталған байланыс арналарынан бөлек, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың жеке блогы үлкен танымалдыққа ие. Сол арқылы салымшылар Қор басшысына тiкелей хабарласып, жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Қор қызметi туралы өздерiн толғандырған барлық сұрақтар бойынша жан-жақты жауаптар ала алады.

2019 жылдың қаңтар-мамырында осы блог арқылы 114 сұраққа жауап берiлдi.Ақпараттардың толыққандылығы және ашықтығы БЖЗҚ-ға деген сенiмдi арттыра түседi.

What’s Арp сервисi арқылы +7 777 000 1418 нөмiрi бойынша Қор маманына хабарласып, өзiңiздi қызықтырған ақпаратты ала аласыз.

Telegram-bot қызметi де салымшылар арасында сұранысқа ие болып отыр. Сол арқылы зейнетақы шотыңыздан кiшiгiрiм үзiндi көшiрме алып, оны электронды поштаңызға жiбере аласыз. Айтпақшы, осы сервистiң көмегiмен Жеке кабинетке арналған паролiңiздi қалпына келтiрiп, Қордың маңызды жаңалықтарымен және ағымдағы көрсеткiштерiмен танысып, жақын маңдағы кеңсесiнiң мекенжайын анықтауға болады.

Қашықтан байланысу арналарын дамыту уақытты үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар қазiргi жастарды жинақтаушы зейнетақы жүйесiне тартуға септiгiн тигiзедi. Ал олар әлеуметтiк желiлердiң белсендi пайдаланушылары екенi белгiлi. Сәйкесiнше Қордың «Одноклассники», «Facebook», «В контакте», «Twitter» және «Instagram» әлеуметтiк желiлерiнде ресми парақшалары жұмыс iстейдi. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы мәлiмет бойынша оларға жазылушылардың жалпы саны 38 мыңнан асты.

Осылайша Қордың қашықтықтан байланыс жасау арналарын пайдалана отырып, салымшылар мен алушылардың жинақтары туралы мәлiметтердi қоспағанда, БЖЗҚ қызметтерi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы ақпараттар және ақыл-кеңестер алуға болады. Бұл ретте салымшылар мен алушылардың жинақтары туралы мәлiметтер құпия болып саналатындықтан, оны Жеке кабинет арқылы ЭЦҚ немесе ЖСН және құпиясөздiң көмегiмен анықтауға болады.

Мақаланың шыққан күні: 18.07.2019 09:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.07.2019 09:30
Қаралым саны: 543

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz