A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сыбайлас жемқорлыққа жоқ деп айтамыз!

Қазiргi кездесы байлас жемқорлық әлемнiң кезкелген елiнде оның саяси дамуына байланыссыз, оныңiшiнде Қазақстанда да, әлеуметтiк құбылыс ретiнде өмiрiн жалғастырып келедi, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленедi. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк-экономикалық даму үдерiсiн, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесiнте жейдi. Демократиялық мемлекеттiң саяси және қоғамдық институттарына керi әсерiн тигiзедi, елдiң болашақ дамуына елеулi қауiптөндiредi. Қазақстанның мемлекеттiк саясатының негiзгi басымдықтарының бiрiсы байлас жемқорлықпен күрес болыпта былады.

Осыған байланысты, көрсетiлген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңнамалық актiлер, бағдарламалар мен стратегиялар қабылдануда

Шортанды ауданында 2016-2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс — қимыл жөнiндегi хаттамалық тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында жергiлiктi атқарушы органмен ғана емес, сондай — ақ ауданның құқық қорғау органдарымен белгiлi жұмыс атқарылды. Аудан әкiмдiгiнiң жанында жаппай құқықтық бiлi беру жөнiндегi үйлестiру — әдiстемелiк кеңес iс — әрекет етуде, тыңдаушылар әкiмдiктiң қызметкерлерi, мектеп директорлары, бөлiм қызметшiлерi болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблемаларға қатысты мәселелер мiндеттi түрде аппараттық оқыту мен жаппай құқықтық бiлiм беру жөнiндегi аудандық үйлестiру — әдiстемелiк кеңестiң жұмыс жоспарына енгiзiледi.

Аудандық «Өрлеу», «Вести» газеттерiнде 2017-2018 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы мақалалар жарияланды: «Коррупция вредит государству», «Сыбайлас жемқорлықпен күресу — баршымызға ортақ iс», «Коррупция наказуема», «Не должно быть места коррупции», «Причины, формы, виды коррупции», «Коррупция. Не подрывать доверие». Сондай — ақ мақалалар интернет ресурстарда да жарияланады.

Ауданда әртүрлi тақырыпқа, оның iшiнде «Ақмола облысы халқының көзқарасымен сыбайлас жемқорлықтың деңгейiн бағалау» тақырыбына да облыстық әлеуметтiк зерттеулер жүргiзiледi. Сауалнама аудан халқының арасында жасырын нысанда өткiзiледi және Ақмола облысы iшкi саясат басқармасының талдау мен мониторинг бөлiмiне жiберiледi.

Аудандық БАҚ редакторлары мен журналистерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруға бағытталған үздiк журналистiк жұмыстарға БАҚ өкiлдерi арасындағы өткiзiлетiн облыстық конкурстарға қатысады.

Аудандық «Өрлеу» және «Вести» газеттерiнде тұрақты негiзде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруға бағытталған ақпараттық — түсiндiру жұмыс жүргiзiледi. 2017 жылы 26 мақала мен арнайы басылымдар, 2018 жылдың өткен мерзiмiнде 3 мақала жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бағдарламаның тармақтарын орындау шеңберiнде мемлекеттiк органдары басшыларымен аудандық газеттерде табыстары туралы ақпарат жарияланады.

Осылайша, 2018 жылдың ағымдағы мерзiмiнде 8 мақала мен арнайы жариялау жарияланды.

Шортанды ауданында «Адал жол — Честныйпуть» облыстық марафоны шеңберiнде, сондай — ақ Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күнiне ұштастырылған iс — шаралар шеңберiнде әртүрлi форматтағы iс — шаралар, оның iшiнде жастар флеш — мобы, суреттер мен плакаттар конкурсы, диалогтiк алаңдар мен басқа iс — шаралар өткiзiлуде.

Аудан әкiмi, ауылдық округтерi мен кент әкiмдерi аппараттарында, дербес бөлiмдерде «сенiм телефоны» жұмыс iстейдi, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне арналған пошта жәшiгi бар.

Мемлекеттiк сатып алудың рәсiмдерiн өткiзу ашықтығы бұл рәсiмдердi мемлекеттiк органдардың сайттарында жариялау есебiнен артады.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға республикалық және облыстық бюджеттерден бөлiнген қаражаттың нысаналы пайдалануы толық көлемiнде қамтамасыз етiледi.

Аудан әкiмдiгiмен кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғау бойынша олардың қызметiне бақылау жасайтын мемлекеттiк органдардың араласуына, сондай — ақ мемлекеттiк қызметшiлермен коммерциялық құрылымдардың мүдделерiне ерекше ықылас бiлдiруге жол бермеу жөнiндегi жұмысқа ерекше назар аударады.

Нормативтiк құқықтық актiлер және кәсiпкерлiк субъектiлердiң мүдделерiн қозғайтын және мемлекеттiк тiркеуден өткен нормативтiк құқықтық актiлер мiндеттi түрде бұқаралық ақпарат құралдарда жарияланады.

Мемлекеттiк қызметшiлердi сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға оқыту бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

Алғаш рет қабылданатын қызметкерлермен тәрбие жұмысы жүргiзiледi, онда Әдеп кодексiн қатаң сақтау және азаматтар мен мемлекеттiк органдармен жұмыс жасау кезiнде сыбайлас жемқорлық мiнез — құлыққа жол бермеу немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшiн жағдай жасау мәселесi түсiндiрiледi.

Ерекше назар жергiлiктi атқарушы органмен және халыққа қызмет көрсету арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге аударылады.

Жыл сайын қаңтар — ақпанда барлық ауылдық округтерiнде, сондай — ақ кенттерде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауын түсiндiру жиындар өтедi, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс — қимылға назар аударылған болатын.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi ақпараттық — түсiндiру жұмысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауын насихаттау бойынша аудандық ақпаратты — түсiндiру топтары белсендi тартылуда. Бұл жұмыс барысында ақпаратты — түсiндiру топтарының мүшелерi бiздiң мемлекет пен халық сыбайлас жемқорлық үрдiсiне қарсылық көрсетуге қабiлеттi деп идеология жүргiзедi. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша атқарылатын iс — шаралардың ақпараттық сүйемелдеуiн аудандық газеттерi қамтамасыз етедi.

Жер учаскелерiн беру жөнiндегi нормативтiк актiлер аудандық жер комиссиясы хаттамасы негiзiнде, Қазақстан Республикасы жер кодексiнiң талаптарына сәйкес шығарылады.

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасы негiзiнде көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiнiң журналы және мемлекеттiк қызмет көрсетуге тұлғалардың шағымдарын тiркеу журналы жүргiзiлуде. 2018 жылдың есептiк мерзiмiнде қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Ауданның бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк органдардың қызметiн түсiндiретiн көрнекi үгiтi бар стендтер iлiнген. Ауданның бiлiм беру мекемелерiнде оқушылардан, мұғалiмдер мен ата — аналардан ақшалай қаражат жинау оқиғаларынан жол бермеу бойынша қосымша шара қабылдануда. Ауданның барлық жалпы бiлiм беретiн мекемелерiнде мүдделi тұлғалар өз ұсыныстарын немесе наразылығын сала алатын хаттар мен ұсыныстарға арналған жәшiктер бар.

2016-2018 жылғы мемлекеттiк қызметтiң беделiн түсiретiн тәртiптiк қылық жасаған үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке мемлекеттiк қызметшiлер тартылған жоқ.

2017 жылы сыбайлас жемқорлықпен қарсы iс — қимыл мәселелерi бойынша бекiтiлген жоспарға сәйкес комиссияның 2 отырысы өттi.Өткiзiлген семинар — кеңестердiң, дөңгелек үстелдердiң, көшпелi семинар — кеңестердiң саны: 2017 жылы — 18. 2017 жылы құқықтық насихаттау мен жаппай құқықтық бiлiм беру бойынша өткiзiлген оқыту саны -12. 2017 жылы аудандық «Өрлеу» және «Вести» газеттерiнде және әкiмнiң веб — сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы 26 мақала жарияланды.

Комиссияның ережесiне сәйкес комиссия отырысы жартыжылдықта кемiнде бiр мәрте өткiзiледi. 2018 жылдың 1-жартыжылдығына Шортанды ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс — қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссияның жұмыс жоспары әзiрлендi және бекiтiлдi. Комиссияның кезектi отырысын 2018 жылғы маусым айында өткiзу жоспарлануда. 2017 жылы мемлекеттiк органдар мен ауылдық округтерi әкiмдерiмен плакаттар мен үнпарақтарды қоғамдық жерлерде, Шортанды кентiнiң темiр жол вокзалы, «АҮЭК-Энергосбыт» ғимараты, Шортанды ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы ШЖҚ «Шортанды су» МКК, ХҚКО, «Қазпошта» АҚ, Шортанды ауданының әдiлет басқармасында, «Шортанды ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ орналасластыру мен тарату бойынша жұмыс жүргiзiлдi. 2017 жылы үнпарақтарды тарату жөнiндегi жұмыспен 3836 аула қамтылған, халөқытың жалпы қамтылуы — 13427. 2018 жылдың өткен мерзiмiнде 10 340 үнпарақ таратылды, 140 плакат орналастырылды.

2017 жылғы 30 мамырда «Шортанды ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекiтiлдi.

Осыған байланысты, барлықтарыңызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсене қатысуға шақырамыз. Сыбайлас жемқорлықпен күресуге тартылған мемлекеттiк органдардың әрекетiмен бұл бәленi жеңе алмайтынымыз түсiнiктi, сондықтан жаппай қолдау қажет.

Сәдуақасова Г., Шортанды ауданының әкiмi

Мақаланың шыққан күні: 07.11.2018 16:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.11.2018 16:28
Қаралым саны: 1107

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz