+A A -A
Қаз

/

Рус

1-маусымнан бастап БЖЗҚ қызметтерi Қазпоштаның 304 бөлiмшесiнде қолжетiмдi

Елiмiздiң шалғай елдi мекендерiн зейнетақы қызметтерiмен қамтамасыз ету мақсатында «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына ұлттық пошта операторының бөлiмшелерiнде қызмет көрсету бойынша бiрлескен жобаны сәттi атқарып келе жатқандарына да жылдың жүзi болып қалды. Қазпошта операторларын оқыту шарасы өткiзiлгеннен кейiн зейнетақы қызметтерi БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ елдi мекендерде енгiзiлдi. Ендi салымшылар бұрын таяу жерде орналасқан iрi елдi мекендерге бару керек болған қызметтердi еш қиындықсыз ала алады. Тек өткен жылдың өзiнде ұлттық пошта желiсi операторының шамамен 200 бөлiмшесi iске қосылды. Ал 1 маусымнан бастап бұл сан 300 бөлiмшеден асып түстi. Әсiресе Қарағанды және Түркiстан облыстарында БЖЗҚ қызметтерi көрсетiлетiн Қазпошта бөлiмшелерiнiң саны тиiсiнше, 44 және 19 бөлiмшеге толықтырылады.

Естерiңiзге сала кетейiк, тұрғындар Қазпошта бөлiмшелерiнде мына қызмет түрлерiн ала алады:

•салымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң деректемелерi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтiнiш беру);

•хабарландыру тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ қызметтерiне электрондық форматта қол жеткiзу үшiн) туралы келiсiмге қол қою.

Ағымдағы жылдың маусым айында Қазпоштаның жаңа бөлiмшелерi iске қосылғаннан кейiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының республика бойынша белсендiлiгi 142%-ға артады. Қазақстандық ұлттық пошта желiсiнiң операторы арқылы қызмет көрсетуге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан және Түркiстан облыстарындағы елдi мекендер қосылды. Ал барлық елдi мекендердiң толық тiзiмiн enpf.kz сайтынан көруге болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланы құрған күні 18.06.2020 14:17
Мақаланы жаңартқан күні 18.06.2020 14:17
Қаралым саны: 98