A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Басшылық

Шортанды ауданының әкiмi — Қасенов Гайдар Қабдоллаұлы

Қасенов Гайдар Қабдоллаұлы, 1976 жылы Ақмола облысы Атбасар ауданында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы аграрлық университетi, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Халықаралық бизнес академиясын бiтiрген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласының «Алматы» ауданы әкiмi аппаратының бас маманы болып бастаған. 2001 жылдан бастап 2006 жылға дейiн коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс iстедi.

2006-2008 жылдары Астана қаласының «Алматы» ауданы әкiмiнiң орынбасары, содан кейiн әкiм қызметiн атқарды.

2008-2015 жылдары «Қазтемiртранс» АҚ Корпоративтiк даму жөнiндегi вице-президентi болып жұмыс iстедi.

Шортанды ауданының әкiмi болып тағайындалғанға дейiн Нұр-Сұлтан қ. «Nur Otan» партиясы Алматы аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары болды.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Аудан әкімі орынбасары - Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлы

Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлы 1980 жылы туған, бiлiмi жоғары, 2000жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетiн «Экономист» мамандығы бойынша, 2006 жылы «Фемида» заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша тамамдады. 2017 жылы «Қаржы академия» Астана қ. экономика мен бизнес магистрi бакалаврының академиялық дәрежесiмен бiтiрдi

Еңбек жолын 2002 жылдың сәуiр айында бастады, 2002 жылдан 2004 жылға дейiн Шортанды ауданы бойынша салық комитетiнде әртүрлi лауазымдарда, 2006 жылдан бастап Шортанды ауданының «Кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ бас маманы болып, 2007 жылдан бастап Шортанды ауданының «Кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ бастығы болып қызмет атқарды. 2009 жылдың қаңтарынан бастап 2012 жылдың тамызына дейiн Шортанды ауданы әкiмi аппараты басшысы лауазымында жұмыс атқарды.

2012 жылдың тамызынан бастап — Шортанды ауданы әкiмiнiң орынбасары.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр

Тел. 8 (71631) 2-10-69

shortandy.akmo.gov.kz

Функционалдық мiндеттерi: Жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша ауданның мемлекеттiк органдарының, ауылдық ,селолық округ және кенттер әкiмдерiнiң қызметiн үйлестiру және бақылауды жүзеге асыру.

Президент, Парламент Сенаты және Мәжiлiсi, мәслихаттар депутаттарын және Қазақстан Республикасы басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн, Шортанды ауданы кенттерi мен ауылдық округтар, селолық әкiмдерiн сайлауға дайындық өткiзу бойынша шараларды ұйымдастыру және өткiзу мәселелерiн үйлестiру.

Мемлекеттiк, инновациялық, инвестициялық бақылауды жүзеге асыру және жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша аймақтық бағдарлама.

Жетекшiлiк шегiнде — ауданның дамуының әлеуметтiк- экономикалық кешендi жоспарының тармақтарының орындалуын ұйымдастыру, халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету және рейтингтiк көрсеткiштi орындау.

Аймақтың дамуының әлеуметтiк-экономиканың кешендi жоспарының орындалуын бақылау және ортақ мәселелердi үйлестiру, аудан дамуының рейтингтiк көрсеткiштерi.

Экономикалық жоспарлаудың және дамудың мәселелерiн үйлестiру, бюджеттiк жоспарлау, бюджет аралық қатынастарды жетiлдiру, банктермен, салық органдарымен және басқа да қаржылық структуралармен өзара әрекет ету. Статикалық есептiң мәселелерi.

Мемлекеттiк мүлiктi және коммуналдық меншiктi басқаруды мемлекеттiк органдарға жетекшiлiк етуiн үйлестiру.

Кәсiпкердiң, орта және шағын бизнестiң, сауданың дамуының мәселелерiн үйлестiру, бизнестiң дамуының инновациялық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, аймақтың бағалау саясатын, жәрмеңкенiң өтуiн ұйымдастыру, Шортанды ауданы қауымдастық бiрлестiктермен өзара әрекет ету.

Индустралдi-инновациялық дамудың мәселелерi, Шортанды ауданында мемлекеттiк бағдарламаны және инновациялық жобаларды жүзеге асыру.

Идеология, бiлiм, ғылым, ақпарат, денсаулық сақтау, мәдениет, мәдени мұраны қалыптастыру және дамыту, халықтың әлеуметтiк қамтамасыз етiлуi, зейнетақы және жәрдемақы төлеу, кедейлiктi төмендету, мүгедектердi қолдау бойынша мәселерге жетекшiлiк ету.

Жастардың мемлекеттiк саясатын жүзеге асыру.

Тарихи және мәдени мұраны, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлердi сақтау, дене шынықтыруды, спортты дамыту, мұрағат, көшi-қон және демографиялық саясат мәселелерiне жетекшiлiк ету. Отбасы және гендерлiк саясат, мемлекеттiк және басқа тiлдердi, ономастиканы, әлеуметтiк әрiптестiктi, пошта телефон байланыстарын дамыту мәселелерiне жетекшiлiк ету.

Жетекшiлiк ететiн мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылау.

Аудан әкiмiнiң айқындалған өзге де өкiлеттiлiктерiн жүзеге асыру.

Комиссия:

- Еңбек қатынастары және әлеуметтiк реттеу мен әлеуметтiк серiктестiк бойынша аудандық комиссия.

- Мүгедектер үшiн қолайлы ортаны қалыптастыру әлеуметтiк инфрақұрылымдық нысандарды түгендеумен ведомства аралық комиссия құру.

- Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау бойынша кеңестi үйлестiру.

- Жан-ұя- демографиялық саясат және әйелдер iсi бойынша аудандық комиссия.

- Төрағаның орынбасары- жастар саясатын жүзеге асыру бойынша аудандық комиссия.

- Төрағаның орынбасары- дiни бiрлестiктермен және ұлттық мәдениетпен бiрлесе әрекет ету бойынша кеңес.

- Төрағаның орынбасары- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi бойынша аудандық комиссия.

- Әлеуметтiк көмектi бiр уақытта көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшiн комиссия құру.

- Төрағаның орынбасары- бюджетке төлемдер және салық, жалақы және зейнетақыны жинақтау қорына аударымдар бойынша қарыздарды болдырмау, жергiлiктi бюджетке қосымша түсiмдер резервiн талап ету мақсатында мемлекетiк органдардың өзара әрекет етуiн арттыру жөнiндегi жұмыс тобы.

- Жеке кәсiпкерлiк субъектiлердi бiрiктiру үшiн аккредиттеудi өткiзу бойынша комиссия.

- Шағын және орта кәсiпкерлердiң дамуы және көмек көрсету мәселелерi бойынша сараптау комиссиясы.

- Семей сынау полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу үшiн арнайын комиссия.

- Кәмелетке толмағандардың iстерiнiң құқығын қорғау бойынша комиссия.

- Ономастика және тiлдер саясаты бойынша аудандық комиссия.

Аудан әкімі орынбасары -Орынбасаров Қабдулла Нұритенұлы

Орынбасаров Қабдулла Нұритенұлы 1964 жылы, Целиноград облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет ауылында туған.

1985 жылы Целиноград құрылыс техникумын азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бiтiрдi, 1999 жылы Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетiн тау-кен инженерi және экономика мамандығы бойынша бiтiрдi.

2014 жылдан тағайындалғанға дейiн «Шортанды ауданының құрылыс бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болған.

Үйленген, екi ұлын тәрбиелеуде.

Тел. 8 (71631) 2-10-69

shortandy.akmo.gov.kz

Функционалдық мiндеттерi:

Жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша ауданның мемлекеттiк органдарының, ауылдық, селолық округ және кенттер әкiмдерiнiң қызметiн үйлестiру және бақылауды жүзеге асыру.

Президент, Парламент Сенаты және Мәжiлiсi, мәслихаттар депутаттарын және Қазақстан Республикасы басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн, Шортанды ауданы кенттерi мен ауылдық округтар, селолық әкiмдерiн сайлауға дайындық өткiзу бойынша шараларды ұйымдастыру және өткiзу мәселелерiн үйлестiру.

Жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша мемлекеттiк инвестициялық, инновациялық, аймақтық бағдарламаны жүзеге асыруын бақылау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жекешелендiру, мемлекеттiк мүлiктi және коммуналдық меншiктi басқару мемлекеттiк органдарда жетекшiлiк ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жекешелендiру, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн, жер қойнауын пайдалану,тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары. халықты су-, жылу-, энергия-, газбен жабдықтау коммуналдық қызмет мәселелерiне жетекшiлiк ету.

Қазан қондырғыларын жөндеу дайындығын жылу беру маусымына дейiн бақылау, ауданның ұйымдарында және кәсiпорындарда, мекемелерде жылу беру маусымының өтуiн бақылау.

Елдi мекендердiң аумақтарын көгалдандыру және санитарлық тазалау, абаттандыру бойынша жұмыстарды және шараларды ұйымдастыру, қоршаған ортаны, су, орман, балық, аңшылық шаруашылықтарды қорғау, жануарлар әлемiн, табиғи және жасанды қоймаларды қорғау.

Қоғамдық және жол қауiпсiздiгi мәселелерiн қорғау, әдiлет органдарымен өзара әрекет ету, прокуратура сот және құқық тәртiбiн қорғау.Өрт қауiпсiздiгi.

Азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығын, төтенше жағдайлардың алдын-алу немесе жою және су тасқынына қарсы шараларды өткiзу мәселелерiн жетекшiлiк ету.

Селолық аумақтарында мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жетекшiлiк ету. Ауыл шаруашылық, өсiмдiк шаруашылығының дамуы, жем шөптердi дайындау, сүт өндiрiстерiнiң дамуы, мал шаруашылығы, ветеринарлық мәселелердiң алдын алу шаралары. Көктемгi, дала және тазалау жұмыстарын үйлестiру, ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлерiне көмектiк қаржы бөлу немесе несиелендiру мәселелерi және олардың қайтарылуын қамтамасыз ету.Аграрлық ғылыми ұйымдармен, ауыл шаруашылық көрмелерiн өткiзу барысында өзара iс әрекет ету, ғылыми конференциялар, симфозимдер және басқа аграрлық кенестерiмен өзара iс әрекет ету.

Жер қатынастары мәселелерi.

Қала аймағын дамыту мәселелерi, Астана аймағының азық-түлiк белдеуiн дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру.Мемлекеттiк органдармен Астана қаласы маңындағы аумақтарды көгалдандыру мәселерi бойынша өзара әрекет ету.Қала аймағының дамуының кешендi жоспарын орындау.

Жетекшiлiк шегiнде- ауданның дамуының әлеуметтiк-экономикалық жоспарының кешендi тармақтарының орындалуын жүзеге асыру, халыққа мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы және рейтингтiк көрсеткiштердi орындау.

Жетекшiлiк ететiн мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылау.

Аудан әкiмiнiң айқындалған өзге де өкiлеттiлiктерiн жүзеге асыру.

Комиссиялары:

-Жер телiмдерiне қатысты құқығын беру бойынша аудандық комиссия

-Ауылшаруашылық өнiмдерiн енгiзу үшiн жер телiмдерiн жалдауға беру барысында конкурс жүргiзу және ұйымдастыру бойынша конкрустық комиссия.

- Аудан әкiмдiгi маңындағы тұрғын үй комиссиясы.

- Су тасқынына қарсы комиссия.

- Төтенше жағдайларды жою және ескерту бойынша ведомства аралық аудандық комиссия.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия.

Аудан әкімі аппаратының басшысы - Жұмкей Берген

Жұмкей Берген 1985 жылы 15 маусымда туған. Бiлiмi-жоғары. 2007 жылы "Көкше" Академиясын "экономика, бухгалтерлiк есеп және аудит" мамандығы бойынша бiтiрген.

Еңбек қызметi:

2008-2009 ж. Ж. — Көкшетау қ. "ХҚКО" ММ филиалының инспекторы;

2009-2010 ж. Ж. — Шортанды ауданы әкiмi аппаратының ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маманы;

2010-2011 ж. Ж. — Шортанды кентiнiң әкiмi;

2011 ж. — Шортанды ауданының "iшкi саясат бөлiмi" ММ басшысы;

2011 — 2017 ж. Ж. — Шортанды ауданының "Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" ММ басшысы;

Шортанды ауданының" жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi " ММ басшысы.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Тел. 8 (71631) 2-11-45

shortandy.akmo.gov.kz

Функционалдық мiндеттерi:

Жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша ауданның мемлекеттiк органдарының, ауылдық ,селолық округ және кенттер әкiмдерiнiң қызметiн үйлестiру және бақылауды жүзеге асыру.

Президент, Парламент Сенаты және Мәжiлiсi, мәслихаттар депутаттарын және Қазақстан Республикасы басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн, Шортанды ауданы кенттерi мен ауылдық округтар, селолық әкiмдерiн сайлауға дайындық өткiзу бойынша шараларды ұйымдастыру және өткiзу мәселелерiн үйлестiру.

Ауданның комиссия сайлаушыларымен бiрлесе әрекет ету.

Аудан әкiмi мен оның орынбасарлары қатысуымен шараларды хаттамалық-ұйымдастырумен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестiру. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Елбасының тапсырмалары мен актiлерiн, облыстық және аудан әкiмдiктерiнiң қаулыларын, облыс және аудан әкiмдерiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн бақылау және орындалуын тексерудi ұйымдастыру.

Әдiлет, ХҚК, құқық қорғау органдармен, басқа да мемлекеттiк мекемелермен өзара әрекет ету, әртүрлi меншiк кәсiпорындар және ұйымдар бойынша уақыттылық мәселелер және халыққа мемелкетiк қызмет көрсетудiң сапасы.Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын талдау, азаматтардың жолданымы бойынша және мемлекеттiк қызмет бойынша мерзiмдi бұзуға тыйым салуын бақылау.

Аудан әкiмiнiң сайтының жұмыс iстеуiн ұйымдастыру және мемлекеттiк органдардың сайттарды толтыруларының сапасын бақылау.Компьютерлiк бағдарлама мен технологиялық ақпараттарды енгiзу және функцияларын үйлестiру.

Жоғарыда тұрған мемлекеттiк мекемелердiң хат-хабарының уақтылы орындалуын бақылау.Аудан әкiмi аппаратының iс қағаздарын ұйымдастыру.

Ауданның дамуының әлеуметтiк-экономикалық кешендi жоспардың тармақтарының орындалуын ұйымдастыру, аудан әкiмi аппаратының бөлiмдерi халыққы мемлекеттiк қызмет көрсету және рейтингтiк көрсеткiштердi орындау.

Селолық округтардың дамуының әлеуметтiк-экономика бойынша шараларды орындап жүзеге асыру, селолық әкiмдерiнiң қызметiн бағалау және халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы, рейтингтiк көрсеткiштердi орындау.

Селолық және ауылдық округтар, кенттер әкiмдерiмен, жергiлiктi өкiлеттi органдармен аудан әкiмi өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

Әкiмдiк отырыстарын, аппараттық, жұмыс селекторлық кеңестердi өткiзудi ұйымдастыру.Жоғары атқарушы және өкiлеттi органдар өкiлдерiмен өңiрлiк кеңестердi, семинарларды, кездесулердi ұиымдастыру және өткiзу.

Селолық, ауылдық округтар және кенттер әкiмдерiн, дербес бөлiмдердiң басшылары және бюджеттiк саланың басқа да басшыларына берген аудан әкiмiнiң тапсырмаларын орындаудың сапасын бақылау.Тапсырмалардың орындауларын талдау.

Электрондық бағдарламалар жұмысының сапасын бақылау, аудан әкiмi мен оның орынбасарларын селекторлық және өзге байланыс пен қамтамасыз ету.Аудан әкiмi мен орынбасарларына жиналысқа метериалдарды және құжаттарды уақтылы дайындау және ұсыну.

Аудан әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметi кадр қызметi арқылы кадр саясатын қамтамасыз ету, Б корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiнiң орнын толтыруға конкурс өткiзу, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiн бағалау және аттестациялауды өткiзу, мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлауды қамтамасыз ету, тәлiмгерлiк бойынша жұмысты ұйымдастыру жөнiндегi қызметтiк бiрiңғай үйлестiру.

Құқықтың бiрiңғай оқыту аясында мемлекеттiк қызметшiлердi заңнамадағы өзгерiстер бойынша оқытуды өткiзудi бақылау.

Мемлекеттiк марапаттауларды тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Инвесторлармен, шағын және орта кәсiпкерлермен, құқық қорғау органдарымен, жеке меншiк нысандарының барлық кәсiпорындарымен, ұйымдармен, аумақтық мемлекеттiк мекемелерi аудан әкiмiмен бiрлесе әрекет етуiн ұйымдастыру.

Кезекшiлiктi ұйымдастыру.

Жетекшiлiк ететiн мәселелер қаржы шаруашылығының қызметiнiң және аудан әкiмi аппаратының материалдық-технологиямен қамтамасыз ету, әкiмдiктiң мүлiктерiн сақтауды қамтамасыз ету, күзету мәселелерi және әкiмдiк ғймаратына өрт қауiпсiздiгi орнату.

Жетекшiлiк ететiн мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылау.

Аудан әкiмiнiң айқындалған өзге де өкiлеттiлiктерiн жүзеге асыру.

Комиссиялар:

- Б корпусындағы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер лауазымындағы бос орынды алу үшiн кеңес өткiзу бойынша комиссия.

- Тәртiптiк комиссия.

- мемлекеттiк қызметшiлердiң өтiлiн есептеу бойынша комиссия.

- Жалпы құқықтық бiлiм беру және құқығын насихаттау бойынша әдiстемелiк кеңестi үйлестiру.

- Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзу және жыл сайынғы қызметтi бағалау үшiн комиссия.

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2018 11:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.11.2019 11:44
Қаралым саны: 4588

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz