A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
«Бес сұрақ» айдары

1.Менiң жалақы мөлшерiм аса көп емес, демек БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлемеуiме болады ма?

Жоқ. ҚР барлық азаматтары ай сайынғы зейнетақы жарналарын төлеп, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуға мiндеттi. Зейнетақы жарналарының жиiлiгi жинақ көлемiне ғана байланысты емес, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi өтiлге де байланысты. Жүйедегi өтiл базалық зейнетақыға тiкелей әсер етедi. Зейнетке шығуға әлi уақыт бар болса да, банктерден несие алған кезде ай сайынғы зейнетақы жарналары маңызды көрсеткiш болып табылады. Бұл сiз үшiн жүйеге белсендi қатысудың тағы бiр ынталандырушы көрiнiсi.

Қазақстан Республикасның«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Занының 24 бабында тек белгiлi санаттағы тұлғалардың бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылатыны туралы жазылған:

1) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғалар (еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58 жасқа толған кезде. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап — әйелдер 58,5 жасқа толғанда, одан әрi жыл сайын жарты жылға ұлғайып, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 63 жасқа толғанда);

2) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар жеке тұлғалар босатылады. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетiлген адамдардың өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады;

3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметтiң қызметкерлерi, сондай-ақ, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылған адамдар;

4) еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушылар;

5) салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтердi көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кiрiстер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн жеке тұлғалар босатылады.

Бұл тiзiмге кiрмейтiндердiң барлығы зейнетақы жарналарын мiндеттi түрде төлейдi,сол арқылы өзiнiң жеке зейнетақы капиталын қалыптастырады.

2.Жақын уақыттан берi кеншi болып жұмыс iстеймiн. Маған түсiндiргендей, жұмыс берушi ай сайын 10%мiндеттi зейнетақы жарналарымен қоса, 5% мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарынөз есебiнен аударуға тиiс екен. Салымдардың дер кезiнде аударылғанын қалай қадағалуға болады? Жұмыс берушi салымдарды аудармай, уақытынан кешiктiрiп жатса оған қандай шара қолданылады?

Әрине, зейнетақы шотының, мiндеттi және мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарының жай-күйiн әркез тексеруге болады. Осыған орай, БЖЗҚ сiзге барлық жағдайларды жасап отыр. Мысалы, БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесiне баруыңызға болады. Онда шоттың жай-күйiн бiлiп, сондай-ақ, ақпарат алу тәсiлiн таңдау туралы қосымша келiсiм жасауға болады: жылына бiр рет әдеттегi пошта хаты арқылы немесе сiз таңдаған кезеңдiлiкпен көрсетiлген мекенжайға электрондық хат жiберу арқылы.Интернет арқылы ақпарат алу ең ыңғайлы болып табылады. Жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы шотыңызды тексеруiңiзге болады. Осы тәсiлдi пайдалану арқылы жеке шотыңызды кез келген ыңғайлы уақытта қадағалай аласыз. Егер сiзде электрондық цифрлық қолтаңба болса, онда үзiндi көшiрмеңiздi тексерiп, Қорға бармай-ақ ақпарат алу тәсiлiн таңдай аласыз.

Ендi мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналары(МКЗЖ) ұғымына түсiнiктеме бере кетейiк. МКЗЖ жұмыс берушiнiң өз пайдасы есебiнен жұмысшы пайдасына аударылатын 5% қосымша жарнасы болып табылады. Қосымша жарна аудару себебi, кеншiлер қауiптi, денсаулыққа зиянды еңбек жағдайларында, өндiрiстiк орындарда жұмыс iстейтiн мамандықтар тiзiмiне кiредi. Денсаулыққа зиянды, өмiрге қауiптi ортада жұмыс iстейтiн жұмыскерлер үшiн қосымша зейнетақы жарналары аударылады.

Егер жұмыс берушi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiпте және мерзiмде арнаулы салық режимi қолданылатын шаруашылық субъектiсi болмаса, табыстарды төлеу айынан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей МКЗЖ төленiп отыруы тиiс. МКЗЖ уақытылы аударылуын салық органдары қадағалайды. Ал егер жұмыс берушi дер кезiнде Сiздiң зейнетақы шотыңызға қаражат аудармаса, салық органдары жұмыс берушiден әрбiркешiктiрiлген күн үшiн есептелген сыйақы сомасымен бiрге БЖЗҚ-ғы шотыңызға ай сайынғы салымды аудартады.

3. Қазақстанда зейнетақы жарналарының сақталуының қандай кепiлдiктерi бар?

Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында көрсетiлгендей мемлекет жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз етудi 2003 жылы қолға алды. Сол уақыттан бастап мемлекет жеке зейнетақы шоттарындағы қаражатты қорғауды өз мiндеттемесiне алды. Бұл iс жүзiнде жасалған жарналар көлемiнде ғана емес, сонымен қатар инфляцияны ескере отырып жүзеге асырылады. Егер зейнеткерлiк демалысқа шығу уақытында жинақ инфляцияға қарағанда төмен болса, онда бұл айырмашылық республикалық бюджет есебiнен өтеледi. Бұл механизм қаржы дағдарысы салдарынан зейнетақы активтерiнiң табыстылығы төмендеген кезде 2009 жылдан берi белсендi түрде жұмыс iстеп келедi.

Қаржы нарықтарындағы ахуалға байланысты зейнетақы активтерiн инвестициялаудың кiрiстiлiгi инфляция деңгейiнен жоғары немесе төмен болуы мүмкiн. Осыған байланысты iс жүзiнде жасалған жарналар мен нақты жинақ көлемi арасында айырмашылық бар. Демек, қызметкер зейнетке шықса, жинақталған зейнетақы жүйесiндегi барлық кезең үшiн инфляция деңгейiне байланысты өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатының табыстылығын есептейдi. Инвестициялық кiрiс инфляция деңгейiнен асып кетсе, онда салымшыға мемлекеттiк кепiлдiк төленбейдi. Мемлекет тарапынан кепiлдiк табысы инфляция деңгейiнен төмен болатын тұлғаларға ғана берiледi.

Мемлекеттiк кепiлдiк зейнетақы төлемдерiн алуға құқығыбар салымшыларға төленедi. Бұл құқыққа: зейнеткерлiк жасқа толған адамдар, мүгедектiгi мерзiмсiз уақытқа тағайындалған I және II топтағы мүгедектер, ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен азаматтар, сондай-ақ, мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын аударған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ие болады. Мемлекеттiк кепiлдiк алуға құқығы бар салымшы қайтыс болған жағдайда, қаражатмұрагерлерге аударылады. Бұл үшiн өтiнiш пен жеке куәлiктiң көшiрмесiнен басқа мұрагерлерге қайтыс болу және мұраға құқық туралы нотариалды куәландырылған куәлiктердi ұсынулары қажет.

4. Мен 2-шi топтағы мүгедекпiн. Өзiмдi қызықтыратын сұрақтар бойынша жеке кеңес алғым келедi. Осы ретте қызметкерлер үйге келiп, маған қызмет көрсете алады ма?

Иә, әрине. 1 және 2 топтағы мерзiмсiз мүгедектiгi бар адамдар үйлерiнде кеңес ала алады. Осы мақсатта Қорда «Мобильдi агент» қызметi бар — ол денсаулығына байланысты кеңсеге өз бетiмен бара алмайтын адамдарға баратын қызметкер. Осы қызмет түрiне ие болу үшiн сайтта өтiнiм қалдырып немесе 1418 нөмiрiне қоңырау шалу керек.

Сiздiң қауiпсiздiгiңiздi қамтамасыз ету үшiн Қор қызметкерлерi алдын-ала қоңырау шалып, келетiн күнiн және уақытын хабарлайды. Сондай-ақ, әр қызметкерде қызметтiк куәлiгi болады, сондықтан күмән туындаса, сiз 1418 нөмiрi арқылы Қордың байланыс орталығына хабарласып, осындай маманның шынымен БЖЗҚ-дақызмет жасайтынын бiле аласыз.

«Мобильдi агент» сапалы жұмыс iстеу үшiн барлық қажеттi құралдармен жабдықталған: ноутбук, USB-модем, құжаттарды сканерлеуге, шығаруға арналған портативтi көпсалалы құрылғы және т.б. Мұның бәрi салымшыларға БЖЗҚ-ның барлық қызметтер түрiн алуға мүмкiндiк бередi: кеңседен тыс мамандар үзiндi көшiрме мен келiсiмшарт көшiрмесiн бередi. Сондай-ақ, кеңес берiп, үзiндi көшiрме салынған конверттi күтпейтiндей, кез келген уақытта смартфон немесе компьютер арқылы өзiнiң жеке кабинетiне кiрiп, барлық қажеттi ақпаратты көре алатындай хабардар ету тәсiлi туралы қосымша келiсiмдер жасайды.

5. Бiз БЖЗҚ кеңсесi жоқ шалғай ауданда тұрамыз. Ендi барлық қызметтердi Қазпошта бөлiмшелерiнен алуға болатыны жайлы естiдiм. Бұл ақпарат қаншалықты рас?

Дұрыс ақпарат. 2019 жылдың 15 сәуiрiнен бастап елiмiздiң шалғай елдi мекендерiн зейнетақы қызметтерiмен қамту мақсатында «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына қызмет көрсету бойынша бiрлескен жобаны iске қосты. Бүгiнгi күнi 94 елдi мекен тұрғындары Ұлттық пошта байланыс операторы арқылы келесi қызмет түрлерiн ала алады:

•салымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң нөмiрi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтiнiш беру).

•ақпараттандыру тәсiлiн өзгерту (анықтау) туралы келiсiмге қол қою (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ қызметтерiне электрондық форматта қол жеткiзу үшiн).

«Қазпошта» АҚ арқылы қызмет көрсетуге Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстiк Қазақстан және Түркiстан облыстарының елдi мекендерi қосылған.

Сiздiң елдi мекенiңiз бiздiң қызметтер көрсетiлетiн тiзiмде бар/жоғы жайлы Қор сайтынан бiле аласыз https://www.enpf.kz/ru/services/kazpost/index.php

БЖЗҚ кеңселерi жоқ шалғай елдi мекендер мен аудандар үшiн «Казпошта» АҚ-да «Мобильдi кеңсе» көшпелi қызмет көрсету бөлiмi сәттi жұмыс iстейдi, ол online режимiндебарлық қызметтердi ұсынады.

«Мобильдi кеңсе» — ол барлық қажеттi техникамен және спутниктiк байланыспен жабдықталған заманауи жоғары технологиялық микроавтобус. Бұл жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы барлық қызметтердi ұсынады және кеңседен еш кем емес: мұнда операторлар үшiн екi автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған жұмыс бөлiмi, азаматтар үшiн отыратын орындар және күтушiлер үшiн қосымша қарастырылған үш орынды орындықтар бар. Бiр келгенде «Мобильдi кеңсе» қызметкерлерi орта есеппен 60-қа жуық салымшыға қызмет көрсетедi.

«Мобильдi кеңсе» арқылы Қор бөлiмшелерiнде көрсетiлетiн қызметтер түрiн алуға болады. Атап айтқанда — жеке зейнетақы шотын ашу, ақпараттандыру тәсiлiн өзгерту, шоттан үзiндi көшiрме алу немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтiнiш беру.

Шалғай аудандарға көлiк алдын-ала жоспарланған кесте бойынша жол жүредi. Барлық бағыттар жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлiп, тұрғындар мамандардың келуiне дейiн хабардар болады. Сондықтан сiз жергiлiктi атқарушы органға елдi-мекенiңiздi сапар кестесiне қосу туралы өтiнiшпен хабарласыңыз.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2019 11:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2019 11:05
Қаралым саны: 493

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz