A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
«Бес сұрақ» айдары

Мен таяуда декреттiк демалысқа шықтым. Осыған байланысты жұмыс берушi менiң зейнетақы қорындағы шотыма әрi қарай зейнетақы жарналарын төлей ме? Бұдан басқа, бала күтiмiмен үйде отырған әйелдерге бюджет есебiнен субсидия бөлiнетiндiгiн естiдiм. Осы рас па?

«Субсидия» деген сөз мемлекет тарапынан ақшалай көмек көрсетiледi дегендi бiлдiредi. Бұл жерде әңгiме «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдердi алушыларға мiндеттi зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларымен» бекiтiлген және бала күтiмiмен үйде отырған аналарға қолдау көрсету үшiн енгiзiлген.

Мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бюджет есебiнен субсидияланады және әлеуметтiк төлемдердi алушылардың пайдасына Қорға ай сайын төленедi. Яғни, бала бiр жасқа толғанға дейiн жеке зейнетақы шотына бюджет және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорыесебiнен «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы арқылы ай сайын зейнетақы жарналары аударылады.

Мемлекеттiк субсидия үшiн құжат жинап, табалдырық тоздырып, өтiнiш берудiң керегi жоқ. Ол бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жәрдемақыны төлеу барысында есептелiп, зейнетақы шотына автоматты түрде аударылады.

Бала күтiмiне байланысты декреттiк демалыстағы әйелдер үшiн бөлiнетiн бюджеттiк субсидияны ескере отырып, ай сайын аударылатын зейнетақы жарнасының мөлшерiн қалай есептеуге болады?

Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарының (МЗЖ) жиынтық мөлшерiәлеуметтiк аударымдарды есептеу нысаны ретiнде есепке алынған табыстың 10 пайызын құрайды. Бұл ретте әрине, бюджеттiк субсидия мен бала бiр жасқа толғанға дейiн күтiмiне байланысты әлеуметтiк төлемдерден ұсталатын МЗЖ ескерiледi. Мысалы, жалақы табыс ретiнде қаралуы мүмкiн. Бiрақ оның көлемiне қатысты шектеу бар. 2019 жылдан бастап әлеуметтiк аударымдарды есептеу көзi ретiнде алынатын ай сайынғы табыстың мөлшерi ең төменгi жалақының 7 еселенген мөлшерiнен аспауы тиiс (42500*7= 297 500 теңге).

Зейнетақы шотына аударылатын ай сайынғы бюджеттiк субсидияның мөлшерi — әлеуметтiк аударымдарды есептеу нысаны ретiнде алынған орташа айлық табыстан есептелетiн МЗЖ мен бала күтiмiне байланысты Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан (Қор) берiлетiн әлеуметтiк төлемдерден ұсталатын МЗЖ арасындағы айырма сомасы ретiнде белгiленедi. Осылайша, әлеуметтiк аударымдарды есептеу нысаны ретiнде алынған орташа айлық табыстың 10 пайызының 4 пайызы бала күтiмiне байланысты Қордан берiлетiн әлеуметтiк төлемдердiң есебiнен, ал 6 пайызы бюджет есебiнен төленедi.

Мысалы, әлеуметтiк аударымдарды есептеу нысаны ретiнде алынған орташа айлық табыс, яғни жалақы — 100 000 теңге делiк. Бұл жағдайда, Қордан бала бiр жасқа толғанға дейiнгi күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi — 40 000 теңге (орташа айлық табыстың 40 пайызы) болады. Сәйкесiнше әлеуметтiк төлемдер есебiнен аударылатын МЗЖ — 4 000 теңге.

Субсидияның есептелген мөлшерi (СУБ — мiндеттi зейнетақы жарналарының

ай сайынғы бюджеттiк субсидия мөлшерi):

СУБ= (100 000 * 10%) — (40 000 *10%) = 6 000 теңге

Осы есептеулерге сәйкес ай сайынғы мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерi — 10 000 теңге болады. Демек аналардың зейнетақы шотына республикалық бюджеттен жылына 72 000 теңге аударылады.

Осылайша, декретке дейiн жұмыс iстеген және жүктiлiк бойынша демалысқа шыққан әйелдерге баласы бiр жасқа толғанша зейнетақы шотына орташа ай сайынғы табыстың 10 пайызы түсiп отырады.

Менiң еңбек өтiлiм өте аз. Жұмыс iстеуге ұзақ уақыт мүмкiндiгiм болмады. Ендi мен болашақта қандай зейнетақыға үмiт арта аламын?

2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақы жаңа әдiстеме бойынша тағайындалып жатыр. Оған дейiн базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бiрдей мөлшерде төленiп келдi. Ендi оны тағайындарда зейнеткердiң зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi ескерiледi. Егер ол жоқ немесе 10 жылға дейiн болса, онда базалық зейнетақы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызын құрайды. 2019 жылы бұл сома — 16 037 теңгенi құрайды. 10 жылдан асқан әрбiр жыл үшiн базалық зейнетақының көлемi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 2 пайызына ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан көп болса, онда базалық зейнетақы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызына тең.

2019 жылы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң көлемi 29 698 теңге.

Егер 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн еңбек өтiлi 6 айдан кем болмаса, онда ортақ зейнетақы да тағайындалады. Бұл ретте мемлекеттiк бюджеттен төленетiн жасына байланысты ортақ зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап (күнi бүгiнге дейiнгi аралық) жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табыстың негiзiнде есептеледi.

Әрине, жиынтық зейнетақының басым бөлiгiн жинақтаушы зейнетақы басуы керек. Егер қандай да бiр себеппен мiндеттi зейнетақы жарналары төленбеген болса, оны ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебiнен де толықтыруға болады.

Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебiнен үшiншi бiр тұлғаның атына да аудара алады. Бұл жағдайда үшiншi тұлға да жеке басын куәландыратын құжатпен Қорға келуi тиiс. Қажет жағдайда салымшы мен алушының орнына олар сенiм бiлдiрген тұлға да нотариат куәландырған сенiмхат негiзiнде өтiнiш бере алады.

Айта кетелiк, кәмелетке толмаған тұлғалардың да ерiктi зейнетақы жарналары бойынша шот ашуға мүмкiндiгi бар. Бұл ретте шартқа кәмелетке толмаған тұлғаның атынан оның заңды өкiлi қол қояды.

Заңды тұлғалар да өз кезегiнде жеке тұлғалардың, мысалы өз қызметкерлерiнiң атына ерiктi зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Олар әдетте мұны қол астындағы мамандарды еңбекке ынталандыру мақсатында жасайды. Заңды тұлғалар ұсынатын құжаттар топтамасы enpf.kz сайтында орналастырылған.

Мен шетелге қоныс аудармақпын. Зейнетақы жинақтарымды қалай алуға болады? Оның жолдары қандай?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары заңнамада көрсетiлген жағдайлар туындаған кезде ғана берiледi. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн бiр мезетте алуға құқығы бар.Бұл ретте бiр айта кететiн жәйт, басқа елдiң азаматтығын алмас бұрын, заң талаптарына сәйкес шетелге кетуге қатысты құжаттарды ресми түрде рәсiмдеу керек. Басқа елдiң азаматтығын алып болған соң ғана, БЖЗҚ-ға келiп құжаттарды ұсынуға болады.Сонымен қатар, Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақтарын алуға да құқылы.

Осылайша БЖЗҚ заң талаптарына сәйкес қажеттi құжаттарды қабылдаған соң, 10 жұмыс күнi iшiнде зейнетақы жинақтарын төлеудi жүзеге асырады.

Толық ақпарат enpf.kz сайтында көрсетiлген.

Таяуда екiншi топтағы мүгедектiк алдым. Соған байланысты лайықты ем қабылдау үшiн зейнетақы жинақтарын алуға құқы бар ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес Қордан зейнетақы төлемдерi бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандарға да төленедi. БЖЗҚ зейнетақы төлемдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiпте жүзеге асыруға мiндеттi. Бұл тәртiп, оның iшiнде Қордан бекiтiлген тәртiп бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасын есептеу «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекiтiлген, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларында» бекiтiлген.Осылайша, егер екiншi топтағы мүгедектiк мерзiмсiз болып бекiтiлсе, Сiз Қордан зейнетақы төлемдерiн бекiтiлген кесте бойынша ай сайын ала аласыз.

Мақаланың шыққан күні: 03.05.2019 17:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.05.2019 17:07
Қаралым саны: 842

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz