A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
«СК-Фармация» ЖШС қызметінің ашықтығы

«СК-Фармация» ЖШС атынан Бiрыңғай дистрибьютор жүйесi тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде халықты дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласының тұрақтылығы мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, дәрiлiк заттарды мемлекеттiк сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсiптi дамыту мақсатында құрылған.

Серiктестiк сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты толығымен қолдайды және өз қызметiне енгiзедi.

2019 жылдың қараша айында дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың бiрыңғай дистрибьюторы базасында «СҚ-Фармация — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесi ашылды. «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңiрлер» (Адалдық алаңы) жобалары шеңберiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны iске асыру бойынша елорда тәжiрибесiн тарату идеясы Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында айтылды.

Жобаның негiзгi мақсаты — ұйым қызметiнде парасаттылық қағидаттары мен комплаенс саясатын енгiзу. Компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға бағытталған тиiмдi тетiктер мен рәсiмдер құрылатын болады. Азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастық өкiлдерi қатарынан консультативтiк-кеңесшi орган құру жоспарлануда, оның мiндетi компания қызметiнiң мониторингi болады. Жоба шеңберiнде қазiргi заманғы сандық технологиялар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын, парасаттылық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа нөлдiк төзбеушiлiк қағидаттарына негiзделген HR-менеджмент стратегиясын енгiзуге баса назар аудару жоспарлануда.

Сонымен қатар компанияда қызметтiң барынша ашықтығы мен транспаренттiгiн құру бойынша жұмыстар белсендi жүргiзiлуде.

Осылайша, тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде дәрiлiк препараттарды сатып алу кезiнде 2018 жылдан бастап дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында электрондық сатып алуды енгiзу жобасы iске асырылуда.

Электрондық сатып алу форматы әкiмшiлiк кедергiлердi жоюға, сатып алу рәсiмдерiнiң ашықтығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi, бұл, ақыр аяғында салаға қазақстандықтардың сенiмiн нығайтуға көмектеседi. Қағаз тасығыштардағы жұмыс толығымен жойылады. Сатып алудың электрондық форматы кезiнде Бiрыңғай дистрибьютор қызметкерлерi мен әлеуеттi өнiм берушiлер арасындағы тiкелей өзара iс-қимыл толығымен алынып тасталады, бұл сатып алудың сыбайлас жемқорлық деңгейiн төмендетедi, ал әлеуеттi өнiм берушiлердiң де, тендерлiк комиссия мүшелерiнiң де әрбiр iс-әрекетi жүйеде электрондық iз қалдырады.

2019 жылы сервистiк қызмет көрсетудi талап ететiн медициналық бұйымдарды сатып алу да электрондық форматқа ауыстырылды.

Қызметтердi сатып алу бойынша тендерлiк рәсiмдердiң ашықтығы мен транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн Бiрыңғай дистрибьютор Facebook әлеуметтiк желiсiндегi өзiнiң ресми аккаунтында негiзгi тендерлiк рәсiмдердiң онлайн көрсетiлiмiн ұйымдастырады. Нақты уақыт режимiнде Бiрыңғай дистрибьютордың қызметiн қамтамасыз ететiн қызметтердi сатып алу кезiнде тендерлiк рәсiмдердiң барлық кезеңдерi көрсетiледi.

Ұзақ мерзiмдi шарттарды жасасу жөнiндегi конкурстық комиссияға Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнiң, «Атамекен» ҰКП мен бейiндi қауымдастықтардың өкiлдерi кiредi. Сонымен қатар, тендердi өткiзудiң жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында конкурстық комиссияның барлық отырыстарына қатысатын бақылаушылардың құрамы кеңейтiлдi.

1439 қысқа нөмiрi бойынша тегiн дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерi бойынша байланыс орталығы жұмыс iстейдi. Барлық қоңыраулар қалалық және ұялы телефондар арқылы тегiн.

Байланыс орталығының операторлары жүгiнген пациенттерге тегiн берiлетiн қажеттi дәрi-дәрмектердi жеткiзу мерзiмi мен күнi туралы ақпарат бередi. Байланыс орталығының операторлары әрбiр шағымды егжей-тегжейлi талдайды, дәрi-дәрмек алуда iркiлiс себептерiн белгiлейдi, ал аймақтық кураторлар мен Бiрыңғай дистрибьютордың өкiлдерi медициналық ұйымдармен бiрлесiп тиiстi өтiнiмдi қалыптастыруды және дәрiханаларға қажеттi препараттарды жедел жеткiзудi ұйымдастырады, тiптi егер емхананың өзi қандай да бiр себеппен тапсырыс бермесе немесе дәрi-дәрмектiң жеткiлiксiз көлемiне тапсырыс берсе де.

Өңiрлiк өкiлдер мәселенi шешу туралы Байланыс орталығын хабардар еткеннен кейiн және дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудiң ақпараттық жүйесiнде препараттардың босатылуы көрсетiлгеннен кейiн, байланыс орталығының операторлары дәрi-дәрмек алуды бақылау үшiн пациентпен қайтадан байланысады.

Науқастарға нақты берiлген тегiн дәрi-дәрмектi бақылау үшiн бiрлескен жоба шеңберiнде Денсаулық сақтау министрлiгi, ӘМСҚ, Республикалық электрондық денсаулық сақтау және «СК-Фармация» арқылы тегiн дәрi-дәрмек алушылар ретiндегi деректерi дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудiң ақпараттық жүйесiнде көрсетiлген пациенттерге SMS-хабарлама жiберу жөнiндегi жоба iске асырылды. Жалпы тарату 3 млн. телефон нөмiрiн қамтитын деректер базасы бойынша жүргiзiлдi.

Хабарламада дәрi-дәрмектiң рецептiнiң нөмiрi және берiлген күнi туралы ақпарат қамтылған. Пациент бұл дәрi-дәрмектердi алмаған жағдайда, оған SMS-хабарламаға жауап ретiнде «0» санын жiберу немесе 1439 нөмiрi бойынша «СК-Фармация» байланыс орталығына қоңырау шалу ұсынылды. Қоңырау және SMS-тегiн. Әрбiр қоңырау мен SMS бойынша ақпарат талданды, одан кейiн қорытынды ақпарат Денсаулық сақтау министрлiгiне құқық қорғау органдарының тексеруiне бастамашылық жасау үшiн жiбердi.

Пациенттердiң SMS-жiберiлiмiне жауап ретiнде 2881 жауап келiп түстi. Осылайша, 441 пациент аталған препараттарды алмаған, 32 адам диспансерлiк есепте тұрмаған және ешқашан тегiн дәрi-дәрмек алмаған, тағы 10 пациентке жартылай дәрi-дәрмек берiлдi. Бұл жұмысты тұрақты негiзде жүргiзу жоспарланып отыр.

SMS-хабарламаларды тарату пациенттердi бақылау жүйесiне тартуға мүмкiндiк бердi. Олардың мониторингке қатысуының арқасында Дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудiң ақпараттық жүйесiндегi препараттардың алынғаны және олардың нақты қамтамасыз етiлгендiгi туралы белгiлер арасындағы сәйкессiздiк фактiлерi анықталды.

Бiрiншi жоба 2018 жылдың қараша — желтоқсанында, қайта 2019 жылдың сәуiр — маусымында iске асырылды. Жобаны тұрақты негiзде жаңарту жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2019 жылы Бiрыңғай дистрибьютордың интернет-порталында медициналық ұйымдарда тегiн дәрiлердiң болуы бойынша бiрыңғай электрондық анықтамалық iске қосылды. Ендi медициналық ұйымдардың дәрiлiк препараттарға берген өтiнiмдерi пациенттер үшiн одан да ашық болды: анықтамалық интерактивтi карта форматында орындалды, онда пациенттер медициналық ұйымдардың дәрiлiк заттарға берген өтiнiмi бойынша барлық ақпаратты онлайн-режимде көре алады: медициналық ұйымның iздестiрiлетiн препаратқа өтiнiм орналастырылмағаны, қандай мөлшерде және қандай кесте бойынша, сондай-ақ оның ағымдағы сәтте және келесi жеткiзiлiмдердiң жоспарланған мерзiмдерiнде болуы.

Серiктестiк қызметiнде барынша ашықтық пен транспаренттiлiк жасау жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады.

Мақаланың шыққан күні: 27.12.2019 16:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.12.2019 16:11
Қаралым саны: 405

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@aqmola.gov.kz