A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия отырысының № 4 хаттамасы

Шортанды к. 2017 жылғы «22» желтоқсан

 

Төрағалық еткен: Г.Ә.Сәдуақасова – Шортанды ауданының әкімі, комиссия төрайымы

Қатысқандар: комиссия мүшелері

Шақырылғандар: ауылдық округтері мен кент әкімдері, мемлекеттік органдары басшылары, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер палатасы, Шортанды ауданының кәсіпкерлер ассоциациясы

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Рецидивтік қылмыстың алдын алу жөніндегі жұмыстың ахуалы туралы. Бас бостандығыныан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әлеуметтік бейімделуде жәрдем көрсету бойынша мемлекеттік органдармен өзара әрекет.

Баяндаманы: Қашиқов Сағадат Қорқытбайұлы – Шортанды АІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының м.а

Қосымша баяндамашылар: Ерекешев Ербол Ерлікұлы- Шортанды ауданы пробация қызметі бөлімшесінің бастығы;

Жұмкей Берген– Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.

2. Кәмелетеке толмағандардың арасында өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша атқарылатын жұмыс туралы. Жасөспірімдер қылмыстарын алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстың сапасы.

Баяндаманы: Қашиқов Сағадат Қорқытбайұлы – Шортанды АІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының м.а

Қосымша баяндамашылар: Қауметов Әділ Мақсатұлы – Шортанды ауданының «Білім беру бөлімі» ММ басшысы;

Бөтембаев Руслан Дүйсенұлы – Шортанды орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері

3. 2017 жылы ВАК қызметінің қорытындысы. 2018 жылға арналған ВАК жұмыс жоспарының жобасы туралы.

Баяндаманы: Қашиқов Сағадат Қорқытбайұлы – Шортанды АІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының м.а

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Сөз сөйлегендердің ақпараты назарға алынсын.

2. Шортанды ауданының жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары (келесімі бойынша), Шортанды ауданының пробация қызметінің бөлімшесі (келісімі бойынша), ауылдық округтері мен кент әкімдері, Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тұрақты негізінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтендіру және әлеуметтік оңалту бойынша жұмыс жүргізсін.

Орындау мерзімі: үнемі.

3. Шортанды ауданының жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары білім беру бөліммен бірлесіп жалпы білім беретін оқу орындардың оқушыларын құқық бұзушылықтың алдын алуына тартуды қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: үнемі.

4. Жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінің ілесіп жүруісіз түнгі уақытта ойын – сауық орындарда және тұрғын үй жайлардан тыс болғаны үшін ата – аналарды анықтау мен жауапкершілікке тарту, сондай – ақ кәсіпкерлік саласынада кәмелетеке толмағандарға ішімдік және темекі бұйымдарын сатқаны үшін қызметкерлерді жауапркершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтсін.

Орындау мерзімі: үнемі.

5. Шортанды ауданының «Білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

- әртүрлі жастық топтары оқушыларының психологтық – педагогикалық қолдау жүйесін құрсын;

- кейіннен дереу көмекке мұқтаж балаларды анықтаумен оқушылардың психологтық – педагогикалық мәртебесінің ерекшеліктерін зерделесін;

- баланың қауіпсіздігіні қамтамасыз етсін, өзіне – өзі қол жұмсау тәуекеленін алу.

Орындау мерзімі: үнемі.

6. Қамқорлық және қорғаншылық органдары, аудан мектептерінің әлеуметтік мұғалімдері тұрақты негізінде тұрғылықты орны бойынша мекеп ішіндегі есепте тұрған қолайсыз отбасылар мен кәмелетке толмағандарға барсын.

Психологтар өзіне – өзі қол жұмсау мінез – құлқыға бейімді балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізсін.

Орындау мерзімі: үнемі.

 

Шортанды ауданы әкімдігінің

жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия төрайымы       Г. Садвокасова

 

Хаттама жүргізген                Ю. Зуева

Мақаланың шыққан күні: 08.01.2018 10:37
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2018 10:37
Қаралым саны: 1321

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz