A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Шортанды ауданы әкімідігі қаулысының жобасы

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды көтермелеудiң
түрлерi мен тәртiбiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3 -бабының 2 -тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шортанды ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

Шортанды ауданы аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

Шортанды ауданы аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң тәртiбi осы қаулының 2 — қосымшасына сәйкес айқындалсын.

Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкiмiнiң орынбасары А.Қ.Қайыржановқа жүктелсiн.

Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкiмi                                                                                                                    Г.Сәдуақасова

Шортанды ауданы әкiмдiгiнiң
№_____________
қаулысына
1- қосымша

Шортанды ауданы аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi

1.Шортанды ауданы әкiмiнiң алғыс хаты

2. 20 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы

Шортанды ауданы әкiмдiгiнiң
№_____________
қаулысына
2- қосымша

Шортанды ауданы аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң тәртiбi

1. Осы Тәртiп Шортанды ауданы аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудi ұйымдастыру мәселелерi реттейдi.

2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Шортанды ауданы әкiмдiгiмен құрылатын қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi — Комиссия) қарайды.

3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды комиссияға қарауға «Ақмола облысының iшкi iстер департаментi Шортанды ауданының iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — IIБ) енгiзедi.

4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн, сондай –ақ ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде көтерiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отырып, комиссия белгiлейдi.

6. Ақшалай сыйықы төлемi IIБ облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

7. Ақшалай сыйақы төлеу үшiн комиссиямен қабылданған шешiмге сәйкес IIБ бастығының бұйрығы қосымша шығарылады.

8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн Шортанды ауданы әкiмiнiң алғыс хатын, ақшалай сыйақы табыстау IIБ салтанатты түрде жүзеге асырылады.

Мақаланың шыққан күні: 09.11.2018 15:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2018 15:56
Қаралым саны: 1117

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz