+A A -A
Қаз

/

Рус

Қаулысының жобасы Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Шортанды ауданы әкімдігінің ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Осы қаулының қосымшасының сәйкес «АNT Technoiogy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін жалпы аумағы 33,18 гектар, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай мерзімі 48 (қырық сегіз) жылға қауымдық сервитут белгіленсін. «АNT Technoiogy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Қ.Н.Орынбасаровқа жүктелсін. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ауданның әкімі Г. Қасенов

Шортанды ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша
«__»__________2019 жыл
№________

Қауымдық сервитут белгіленген талшықты-оптикалық байланыс
желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Шортанды ауданында
орналасқан жер учаскелері

Жер учаскесінің орналасқан жері Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар Жер санаты Оның ішінде:
егістік (гектар) шабындық (гектар) жайылым (гектар)
1 Бозайгыр ауылдық округі 19,15 өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер      
2 Дамса ауылдық округі 12,08 өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер      
3 Раевка ауылдық округі 1,95 өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер      
Барлығы 33,18        
Мақаланы құрған күні 03.12.2019 16:05
Мақаланы жаңартқан күні 03.12.2019 16:05
Қаралым саны: 857