A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
«Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ туралы ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Шортанды ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңына сәйкес құрылды және Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне қатарына кiредi.

2.«Шортанды ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (одан әрi — аудан әкiмiнiң аппараты) аудан әкiмiнiң жетекшiлiгiмен және жұмысшы, атқару-басқарушы орган болып табылады.

3.Аудан әкiмiнiң аппараты ҚР Конституциясына, ҚР Заңдарына, ҚР Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, басқа да нормативтi құқықтық актiлерге, осы Ережеге сәйкес өз жұмысын жүргiзедi.

4.Аудан әкiмiнiң аппаратында мемлекеттiк атауымен таңбалары мен штамптары бар заңды тұлға болып табылады, сондай-ақ, заңнамаға сәйкес банкте өз есеп шоты бар. Өз қызметiн оперативтi басқару құқығында iске асырады және жергiлiктi атқару органдарды қамтамасыз ететiн аудан бюджетiнде қарастырылған қаржы бөлу есебiнде қаржыландырылады.

5.Аудан әкiмiнiң аппараты өзiнiң құзырлылығының сұрақтары бойынша аудан әкiмiнiң өкiмдерi мен шешiмдерiмен рәсiмделген заңнамалармен белгiленген тәртiпте шешiмдер қабылдайды.

6.Аудан әкiмi аппаратының құрылымы мен штаттық санын аудан әкiмi бекiтедi.

7.Аудан әкiмi аппаратының заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кентi, Абылай хан көшесi, 20.

8.Аудан әкiмi аппаратының толық атауы: «Шортанды ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi; Государственное учреждение «Аппарат акима Шортандинского района». Аудан әкiмi аппаратының құрылтайшысы — аудан әкiмi аппаратының құрылтайшысы құжаты осы Ереже болып табылады.

9.Аудан әкiмiнiң аппараты осы Ережеге өз бетiнше аудан әкiмiмен келiсiлген өзгерiстердi әзiрлейдi және енгiзедi.

2. Негiзгi мiндеттемелер, функциялар мен құзырлылығы

10.Аудан әкiмi аппаратының негiзгi мiндетi аудан әкiмiнiң, оның орынбасарларының, аудан әкiмiнiң жанындағы кеңестiк органдардың қызметiн ұйыдастырушылық, ақпараттық және қамтамасыз етуi болып табылады.

11.Аудан әкiмiнiң аппараты өзiнiң негiзгi мiндетiне сәйкес келесi функцияларды орындайды:

Қазақстан Республикасы Президентiнiң азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, конституциялық қатары және мемлекеттiк егемендiгi бойынша саясатын жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттiң және Үкiметтiң актiлерiн, аудан және облыс әкiмдерiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн сөзсiө орындау және ұйымдастыру;

ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру, экономикалық реформаларды өткiзу бойынша шараларды әзiрлеу, оның жүзеге асыру механизмдерiн және тактикасын жетiлдуру;

аудан әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерiн талдау, әлеуметтiк-экономикалық және саяси процесстердi зерттеу, тиiстi ұсыныстар мен кепiлдемелерiн дайындау;

ауданның атқарушы билiк органдарының жұмыстарының жүйелiк және объективтi талдауын жүргiзу, аудан әкiмiнiң қатысуымен шешiлуге тиiстi өзектi мәселелердi анықтау;

селолық, ауылдық округтерi мен кенттердiң әкiмдерiнiң, олардың аппараттарының қызметтерiнiң үйлестiру, олардың қызметтерiнiң әдiстерi мен стилiн жетiлдiру, жергiлiктi атқарушы органдардың құзырлылығына жататын мәселелердi шешуде дербестiктi арттыру;

аудан әкiмiнiң аудандық мәслихатпен, мемлекеттiк басқару органдармен өзара қимылысты, оның қоғамдық, мәдени, шағармашылық, дiни партиялармен және қозғалыстарымен қатынасын қамтамасыз ету;

аудандағы экономикалық өзгерiстердi жүзеге асыру бойынша әкiмнiң қызметiн, тұрақтылыққа және сақтау, халықаралық келiсiм бойынша түсiндiру ;

заңдылық және құқылық тәртiбiн қамтамасыз ету мәселелерiнде жан-жақты жәрдемдесу, мiндеттер мен конституциялық құқықты жүзеге асыруды бақылау, қоғамдық тәртiптi, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн нығайту бойынша шараларды жүзеге асыру;

ауданды өткiзiлетiн экономикалық және әлеуметтiк өзгерiстер туралы қоғамдық пiкiрлердi зерттеу, экономикада терiс жағдайларды болдырмау бойынша ұсыныстарды қарастыру;

аудан әкiмiнiң кадрлық саясатының жүргiзiлуiн қамтамасыз ету, кадрлердiң резервiн дайындау және қалыптастыру, атқарушы органдардың қызметкерлерiнiң шығармашылық потенциалын пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды жасау, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттiк лауазымды тұлғалармен мемлекеттiк қызметтi өтуiмен байланысты басқа сұрақтарды шешу;

Үкiмет пен Президенттiң нормативтiк актiлердiң механизмiн, аудандық басқармалармен, комиттермен және ведомствтволармен аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн жүзеге асыру

аудан әкiмiмен өткiзiлетiн алқа мәжiлiстердi, кеңестердi, семинарларды мен басқа шараларды ұйымдастыру-техникалық дайындау және ақпараттық қамтамасыз ету;

жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, қызметтiк құжаттарды қарастыру, оларды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымының талдауы, комитеттер мен бөлiмдердегi, селолық округтер мен кенттер әкiмдердiң аппараттарындағы жеке және заңды тұлғалардың жұмысының жағдайын тексеру;

мемлекеттiк және ресми тiлдердi қолдануға бағытталған шараларды жүзеге асыру және жасау, iс жүргiзу ережелерiн сақтау, аудан әкiмi аппараты қызметiнiң әдiстерi мен стилiн жақсарту;

Қазақстан Республикасының заңнамаларымен аудан әкiмi аппаратына жүктелген басқа да функцияларды iске асыру.

12.Негiзгi мiндеттердi жүзеге асыру және осы Ережелермен көзделген функияларды iске асыруүшiн аудан әкiмi аппаратының құқығы бар:

аудан әкiмi аппаратына жүктелген функцияларды iске асыру үшiн атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардан, кәсiпорындар мен мекемелерден аудан әкiмiнiң аппаратына жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi қорытындылар мен басқа да материалдарды, құжаттарды сұрауына және алуына;

аудан әкiмi аппаратының құзырлылығына кiретiн сұрақтар бойынша жергiлiктi атқару органдарының және басқа да ұйымдардың қызметтерiнде әдiстемелiк жетекшiлiктi жүзеге асыру, жергiлiктi өзiн-өзi басқару салаларында заңнаманы қолдануды түсiндiру;

Шортанды, Жолымбет, Научный кенттерi мен селолық, ауылдық округтерi әкiмi аппараттарының, аудандық басқарма шараларына, актив жиналыстарға, ұжымдық отырыстарға қатысуға;

аудан әкiмi қарастыратын сұрақтарды шешуге комитеттер мен басқарма жұмысшыларын, кенттер мен селолық округтер әкiмi аппараттарының қызметкерлерiн шақыруға;

Заңнамада қарастырылған басқа да өкiлеттiлiктi жүзеге асыруға.

3. Аудан әкiмi аппаратының мүлкi

13.Аудан әкiмiнiң аппараты оперативтiк басқару құқығында жекеленген ғимаратқа құқылы.

14.Аудан әкiмi аппаратының мүлкi аудандық коммуналдық меншiкке жатады.

15.Аудан әкiмiнiң аппараты өз бетiнше оған бекiтiлген мүлiктi басқаға беруге немесе басқа әдiспен iстеуге құқығы жоқ.

4. Аудан әкiмi аппаратының қызметiн ұйымдастыру

16.Аудан әкiмiнiң аппаратын облыс әкiмi тағайындаған, Президент пен Үкiметтiң өкiлi болып табылатын аудан әкiмi басқарады.

17.Облыс әкiмiмен келiсу бойынша аудан әкiмiнiң шешiмiмен лауазымдарға тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.

18.Аудан әкiмiнiң шешiмiмен лауазымға тайғайындалатын және босатылатын аудан әкiмi аппаратының басшысы аудан әкiмiнiң және оның орынбасарларының қызметiн қамтамасыз ету бойынша аудан әкiмi аппаратының жұмысын ұйымдастырады.

19.Аудан әкiмi аппаратының басшысы:

аппарат туралы Ережесiн, оның құрылымын әзiрлейдi, аудан әкiмiне бекiтуге ұсынады;

бөлiмдердiң және басқа құрылымдық бөлiмшемелердiң жұмысын аудан әкiмiнiң қызметiн қамтамасыз етуге бағыттайды және үйлестiредi;

аудан әкiмiмен келiсу бойынша аппараттың қызметкеткерлерiн тағайындайды және босатады, оларға тәртiптiк жаза белгiлейдi, материалдық және моральдiк көтермелеу мәселелерiн қарастырады;

өз құзырлылығы шегiнде қызметтiк құжаттамаларға қол қояды;

жоғарыда тұрған органдардың құжаттарын орындауды және сақтауды бақылау бойынша аудан әкiмi аппаратының жұмысын үйлестiредi;

аудан әкiмiнiң кадрлiк саясатын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, оның қарауына басшылық кадрлердi тағайындау және босату туралы ұсыныстарды енгiзедi;

аудан әкiмi аппаратында мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етедi;

iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiн бекiтедi.

20.Аудан әкiмi аппаратының бөлiмдерi өз қызметтерiн осы Ереже және аппараттың басшысымен бекiтiлген бөлiмдер туралы ережелер негiзiнде жүзеге асырады.

21.Бөлiмдер және аудан әкiмi аппаратының басқа құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары:

бөлiмге жүктелген мiндеттердi орындауға, жоғары тұрған органдардың актiлерiн, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн, оның орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмаларын уақытында және толық орындауға дербес жауапкершiлiктi артады;

бөлiм қызметкерлерiн лаузымдарға тағайындау, ауыстыру және босату туралы ұсыныстар енгiзедi;

бөлiм қызметкерлерiнiң арасында мiндеттердi бөледi,еңбек ұйымдастыруды,тиiстi еңбек және орындау тәртiбiн қамтамасыз етедi,

аппарат басшысының қарауына аудан әкiмi аппараты бөлiмдерiнiң жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгiзедi;

аудан әкiмi аппаратында қолданыстағы нұсқауларға сәйкес iс жүргiзуге жауапты.

22.Аудан әкiмiмен құрамы бекiтiлген аудан әкiмi аппараты қызметiнiң негiзгi мәселелерiн қарастыру үшiн аудандық әкiмдiк құрылады. Аудандық әкiмдiктiң мәжiлiстерi қажет кезiнде өткiзiлiдi.

5. Аудан әкiмi аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

23.Аудан әкiмi аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2018 11:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.01.2018 11:04
Қаралым саны: 1621

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz