A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Шортанды ауданында көлеңкелі экономикаға қарсы тұру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасының
2015-2025 жылдарға арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стратегиясын іске асыру және
Шортанды ауданында
көлеңкелі экономикаға қарсы
тұру жөніндегі 2015-2017 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарын
бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Шортанды ауданында көлеңкелі экономикаға қарсы тұру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Е.Қ. Мұхамединге жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Аудан әкімі Г. Сәдуақасова

Шортанды ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 19 тамыздағы
қаулысымен бекітілді

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Шортанды ауданында көлеңкелі экономикаға қарсы тұру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

  Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Орындалуына жауаптылар Орындау мерзімі
1 2 3 4 5
1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеулер, сондай-ақ дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар, брифингтер өткізу тәжірибесін жалғастыру, сонымен қатар тренингтік оқытудың жаңа жаңа әдістері мен нысандарын қолдану. аудан әкімінің аппаратына ақпарат ішкі саясат бөлімі (жинақ.), аудандық мемлекеттік органдар (келісім бойынша) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-інде
2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты айдарлар мен жарияланымдар ашу, сондай-ақ жаднама, буклеттер, парақшалар басып шығару бойынша шара қолдану. аудан әкімінің аппаратына ақпарат ішкі саясат бөлімі (жинақ.), аудандық мемлекеттік органдар (келісім бойынша) 2015 жылғы 20 желтоқсанға дейін
3 Аудан әкімдігінің ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі қызметі туралы ақпараттарды орналастыруын қамтамасыз ету. интернет-ресурстардағы тараулар аудандық мемлекеттік органдар (келісім бойынша), әкімдіктің дербес бөлімдері тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-інде
4 Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу жөніндегі мәліметтерге еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету. аудан әкімдігінің ресми сайтында ақпарат орналыстару ТҮКШ, ЖТ және АЖ бөлімі ұдайы
5 Жер учаскілерін алу кезегі жөніндегі мәліметтерге еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету. аудан әкімдігінің ресми сайтында ақпарат орналыстару жер қатынастары бөлімі ұдайы
6 Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында құрылыс жұмыстарының орындалу барысына тұрақты бақылауды жүзеге асыру. аудан әкімінің аппаратына ақпарат құрылыс бөлімі ұдайы
7 Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік субсидиялардың ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету. аудан әкімінің аппаратына ақпарат ауыл шаруашылық бөлімі тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-інде
8 Коммуналды сауда алаңдарын ұлғайту және мұқтаж азаматтарды коммуналдық сауда алаңдарымен қамтамасыз ету. аудан әкімінің аппаратына ақпарат кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлік палатасы (келісім бойынша) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-інде
9 Сыбайлас жемқорлық көріністерінің ахуалына, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау және өзекті мәселелерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі комиссияның отырысына енгізу. аудан әкімінің аппаратына ақпарат аудан әкімінің аппараты (жинақ.), аудандық мемлекеттік органдар (келісім бойынша), әкімдіктін дербес бөлімдері, ауыл шаруашылық бөлімі, жер қатынастары бөлімі, құрылыс бөлімі, ветеринария бөлімі, ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Шортанды аудандық аймақтықинспекциясы ұдайы
10 Білім беру мекемелерінде оқушылардан, мұғалімдерден және ата-аналардан ақша қаражаттарын жинау оқиғаларына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізу. аудан әкімінің аппаратына ақпарат білім беру бөлімі тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-інде
11 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы мен қол жетімділігіне мониторинг жүргізу. аудан әкімінің аппаратына ақпарат ХҚКО (келісім бойыншы), аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-інде
12 Сыбайлас жемқорлық ұғымына, азаматтардың сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілерімен ұшырасқан жағдайдағы әрекет ету тәртібіне, сондай-ақ ондай фактілерге жол бергені үшін жауапкершілікке тарту және оларды халықтың түрлі топтарының арасында тарату. жаднама ішкі саясат бөлімі (жинақ.), аудандық мемлекеттік органдар (келісім бойынша) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-інде
13 Журналисттік тергеу жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда көмек көрсететін журналисттерді ынталандыру. аудан әкімінің аппаратына ақпарат аудандық мемлекеттік органдар (келісім бойынша) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-інде
14 Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап-арыздардың уақытында ұсынылымауының әрбір фактісі бойынша қызметтік тексеріс жүргізу. аудан әкімінің аппаратына ақпарат аудандық мемлекеттік органдар (келісім бойынша), аудан әкімінің аппараты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-інде
15 Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың сапасын арттыруға, өтінішке берілетін жауаптардың толықтылығына бағытталған кешенді шаралар қолдану, сондай-ақ, өтініштерді қарау, әсіресе тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашалық, жер учаскілерін бөлу және жер пайдалану, салықтар, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту. аудан әкімінің аппаратына ақпарат аудандық мемлекеттік органдар (келісім бойынша), жер қатынастары бөлімі, ТҮКШ, ЖТ және АЖ бөлімі тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-інде
16 Жалпы құқықтық оқыту аясында қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру сабақтарын өткізу, сонымен қатар тұрақты негізде қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы хабардар ету, жаңадан қабылданған қызметкелерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру. аудан әкімінің аппаратына ақпарат аудандық мемлекеттік органдар (келісім бойынша), аудан әкімінің аппараты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-інде
17 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша ағымдағы жылға арналған ақпараттық-түсініктеме жүргізудің кешенді жоспарын қабылдау және оны жүзеге асыруды қамтамасыз ету. аудан әкімінің аппаратына ақпарат ішкі саясат бөлімі, аудан әкімінің аппараты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-інде
18 Партия мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру құзіреті берілген тұлғалар және оларға теңестірілгендер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, этикалық стандарттарды және қызметтік этиканы бұзу фактілерін кеңінен жариялауды қамтамасыз ету. аудан әкімінің аппаратына ақпарат ішкі саясат бөлімі тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-інде
19 ХҚКО-лардың ақпараттық жүйесін интеграциялауды дамытуды қамтамасыз ету. аудан әкімінің аппаратына ақпарат ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-інде
20 Шын мәнісінде еңбек етпейтін тұлғаларды жұмысқа қабылдау және оған еңбекақы есептеуге жол бермеу бойынша ішкі аудитті жүзеге асыру. аудан әкімінің аппаратына ақпарат білім беру бөлімі, орталық аудандық аурухана (келісім бойынша), дене шынықтыру және спорт бөлімі тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-інде
Мақаланың шыққан күні: 05.01.2018 16:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.01.2018 16:15
Қаралым саны: 1182

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz