A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
ЕЭО: Зейнетақы бойынша Келiсiмге қол қойылды

2019 жылдың 20 желтоқсанында Ресейдiң Санкт-Петербург қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестiң отырысы болып өттi. Онда Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрi — ЕЭО, Одақ) мүше-мемлекеттердiң басшылары Еуразиялық экономикалық одаққа мүшемемлекеттердiң еңбекшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келiсiмге (бұдан әрi — Келiсiм) қол қойды.

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрi — Комиссия) Одақ елдерiмен бiрлесе отырып, Келiсiм жобасын әзiрлеу жұмыстарын 2014 жылдан берi жүргiзiп келген болатын. Осы Комиссияның сайтында атап көрсетiлгенiндей, Келiсiм күшiне енген соң Одақ еңбеккерлерi өз елiндегi жұмыс iстеген кезең үшiн ғана емес, Одақтың басқа елдерiнде iстеген кезең үшiн де зейнетақы алатын болады. Әрбiр мемлекет еңбек мигранттарына зейнетақыны өз заңнамасына сәйкес төлейдi. Қамтылған зейнетақы түрлерi Келiсiмде нақты белгiленген.

Айта кетелiк, бұған дейiн ЕЭО мемлекеттерiнiң зейнетақы жүйелерiндегi өзгешiлiктерге байланысты еңбек мигранттарының зейнетақы алу құқығы осы Одақ елдерiнiң барлығында бiрдей (мысалы, Қазақстан мен Қырғызстанда) орындалмайтын. Ал Белоруссия мен Ресейде жұмыс берушiлер еңбек мигранттары үшiн жергiлiктi зейнетақы қорына зейнетақы жарналарынаударғанымен, мигранттар туған жерiне қайтқан соң, осы екi елде қалыптасқан зейнетақы құқықтарын жүзеге асыра алмайтын. Өйткенi бұл елдердегi зейнетақы жинақтары басқа елге экспортталмайтын, яғни шығарылмайтын.

Қазақстанда Келiсiм күшi БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлеу және зейнеткерлiк жасқа толу, I және II топтағы мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiлену, мұрагерлерге бiржолғы төлемдердi жүзеге асыруға байланысты Қордан зейнетақы төлемдерiн төлеу бойынша құқықтық қатынастарға тарайтын болады. Мысалы, Келiсiм күшiне енген соң, Ресей Федерациясы, Армения, Қырғызстан және Белоруссия азаматы Қазақстанда еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс iстейтiн болса, онда ол Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасының тәртiбi мен шартына сәйкес БЖЗҚ-ға ай сайын зейнетақы жарналарын аудару арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысады. Бұл ретте жинақ ақшаны зейнет жасына толғанда немесе I және II топтағы мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiленген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар туындағанда алуға болады. Мысалы, Келiсiм күшiне енген соң Қазақстан азаматы Одақ елдерiнiң бiрiнде бiрнеше жыл еңбек ететiн болса (мысалы, 3-5 жыл), сол елдiң зейнетақы заңнамасы бойынша зейнетақы алу құқығы туындаған кезде (зейнет жасына толу, белгiлi бiр еңбек өтiлiнiң болуы, жеке зейнетақы коэффициентiнiң саны), бұлел қазақстандық азаматқа еңбек өтiлiне қарай зейнетақы тағайындайды. Бұл ретте Қазақстан азаматы тиiстi өтiнiш пен құжаттар топтамасын ЕЭО елдерiнiң Зейнетақы қорына немесе БЖЗҚ-ғатапсыра алады.

Атап өту керек, еңбекшiлердiң зейнетақысын тағайындау және төлеуге қажеттi құжаттар тiзiмi Одаққа мүше әрбiр елдiң ұлттық заңнамасы бойынша реттеледi.

Келiсiм ЕЭО елдерiнiң барлығы ратификациялаған, яғни бекiткен соң күшiне енедi.

«БЖЗҚ» АҚ-ның баспасөз орталығы

Мақаланың шыққан күні: 21.01.2020 14:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.01.2020 14:52
Қаралым саны: 319

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@aqmola.gov.kz