A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Жолымбет кенті әкімінің есебі

Жолымбет кентi әкiмiнiң 2017 жылы «Жүктелген мiндеттерiнiң орындалуы туралы» және 2018 жылға жоспарлар

Жолымбет кентiнiң уәлаяты 9283 гектар құрайды. Соның iшiнде елдi мекен жерi 8,19 (га). Ауылшаруашылық жерлер 7219 (га). Соның iшiнде егiстiктер 40 (га). Жайылымдар 7179 (га.).

Жолымбет кентi жалғыз бiр елдi мекен. Жолымбет кентiнiң жалпы тұрғындар саны 4247 құрайды, үлт құрамы қазақтар — 2143, орыстар — 1420, украиндер — 123, немiстер — 177, беларустар — 48, татарлар — 48, поляктар — 18, ингуштар — 9, башiрлер — 16, молдавандар — 23, азербайжандар — 6, ұдмырттар — 6 тағы басқа ұлттар — 44, соның iшiнде еркектер — 2121, әйелдер — 2226, 520 адам зейнеткерлер, 18 жастан 29 жасқа дейiнгi жастар саны 835, 120 мүгедек, оқушылар — 665 бала. Еңбекке жарамды адамдар саны 2495 адам оның iшiнде жұмыс iстейтiндер — 2098, өздiгiмен қамтылған — 267 адам. Еңбекке жарамсыз адамдар саны 1957 адам оның iшiнде зейнеткерлер 520 адам, оқушцлар мен студенттер — 1146 адам және мектепке дейiнгi 291 бала.

Еңбекке жарамды адамдар саны 2492 адам, оның iшiнде 1497 кентте жұмысқа орналасқан, соның iшiнде 1016 адам АҚ «ТМҚ Қазақалтын» филиалында және 196 адам жеке кәсiпкерлерге орналасқан.

Жұмыс жасайтын мекеме мен ұйымдар 9, соның iшiнде 8 мемлекеттiк (Жолымбет кентi әкiмiнiң аппараты, № 1 орта мектебi, № 2 орта мектебi, бала бақша, АӘККО, мәдениет үйi, дәрiгерлiк амбулатория, балалар шығармашылық үйi) және жеке 3 АҚ «ТМҚ Қазақалтын филиалы, «МААР» ЖШС, «Наргиз» ЖШС. Жолымбет кентi бойынша 2017 жылы қайтыс болған адамдар саны 39, жаңа туған сәбилер саны 77 құрайды. Жолымбет кентiнде 97 еңбекке жарамды мүгедектер арасынан 30 мүгедек жұмыс iстейдi, 2 мүгедек жеке кәсiпкерлiкпен және 9 мүгедек жеке қосалқы шаруашылықпен айналысады. Сонымен қатар Жолымбет кентiнде 16 мүгедек бала бар. Барлық мүгедектер мемлекеттiк жәрдемақыларын алып, дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етiледi. Мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн барлық мемлекеттiк мекемелерде пандустар орнатылған. Пандус жоқ жерлерде шақыру түймесi орнатылған. Сонымен қатар пандус сауда объектiлерiнде орнатылған. Бiр мүгедек бала жеке үйде бiлiм алады.

«Шортанды ауданы Жолымбет кентi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiмен «Мемлекеттiк қызмет» туралы Заңына сәйкес кент тұрғындарына мемлекеттiк қызмет көрсетiледi «Жеке қосалқы шаруашылығының бар екендiгi туралы» анықтама. 2017 жыл 3 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. 2017 жылы «Жолымбет кентi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне 61 өтiнiш келiп түстi, көбiнесе «Жеке қосалқы шаруашылық жүргiзуге» жер телiмiн беру туралы. «Шортанды ауданы Жолымбет кентi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң штаттық персонал саны 5 бас маман, 1 ветекшi маман, 2 әлеуметтiк қызметкер, 1 жүргiзушi және жиыстырушы. 2 бас маман бос орындарбар. Қазiргi кезе екi әлеуметтiк қызметкер 13 жалғыз басты адамға әлеуметтiк көмек көрсетедi. (әлеуметтiк қызметкерлер дүкеннен азық-түлiк, дәрi дәрмектер, су, әкелiп үйдiң тазалауымен айналысады).

Жолымбет кентi әкiмiнiң жанында жергiлiктi қоғамдастық құрылған, оның iшiне 30 адам кiредi, олар үш бағытқа бөлiнген (әлеуметтiк — экономикалық мәселелер, жаппай оқу мәселелерi және абаттандыру мәселелерi). Жергiлiктi қоғамдастықпен бiрлесе отыра, 2017 жылы өткiзiлдi — «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы аясында бөлiнген қаражатты бөлу мәселесi бойынша 5 жиын, сондай-ақ, халықпен елдi мекендi абаттандыруға және көгалдандыруға бөлiнген ақшалай қаражатты бөлу мәселелерi талқыланған жиындар мен жиналыстар өткiзiлдi. 2017 жылы жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысы өткiзiлдi. Жергiлiктi қоғамдастық өкiлдерiнiң және аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен абаттандыру мәселесi бойынша (40 лет Победы, Театральная көшелерi бойынша 2, 2-қабатты үйлер жөнделдi).

Жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бағдарламасы аясында Жолымбет кентiнде мемлекеттiк ұжымдарда, бюджеттiк ұйымдарда, оқу және мектепке дейiнгi ұйымдарда, шағын және орта бизнес кәсiпорындарында кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткiзiледi. Жолымбет кентiнiң әкiм аппаратында сенiм телефон бар.

Жолымбет кентiнде АҚ ТМҚ «Қазақалтын» филиалы орналасқан. Олар алтын өндiрумен айналысады. АҚ ТМҚ «Қазақалтын» филиалы кент тұрғындарына әрдайым көмек көрсетедi, адамдарға жұмыс орындар бередi. АҚ ТМҚ «Қазақалтын» филиалында 1016 адам жұмыс жасайды.

Жолымбет кентiнде бiлiм беру саласы аса маңызды орын алады. Жолымбет кентiнде 2 орта мектеп жұмыс iстейдi, жалпы оқушы саны 635 бала. Жолымбет № 1 орта мектебiндегi оқушылар саны 417 оқушы, штаттық персонал саны 33 мұғалiм, 17 тех. Персонал. Мектеп ғимараты бiрқалыпты. Мектепте спорт зал, мәжiлiс залы, 100 орындық асхана бар, Ыстық асты барлық тiлек бiлдiрген алады. Көп балалы, аз қамтылған жанұялардан 61 оқушы тегiн тамақтанады. Оқу сапасының пайызы 56%. 33 мұғалiм iшiнен 70 % пайызы жоғары және 1 дәрежелерi бар.

Жолымбет № 2 орта мектебiндегi оқушылар саны 249 оқушы, штаттық персонал саны 27 мұғалiм, 15 тех. персонал. Мектептiң ғимараты бiрiнғай, мектепте спорт зал, мәжiлiс залы, 30 орындық асхана бар. Ыстық асты барлық тiлек бiлдiрген алады. Көп балалы, аз қамтылған жанұялардан 31 оқушы тегiн тамақтанады.

№ 1, № 2 мектептер және Жолымбет дәрәгерлiк амбулаториясы қатты отынды бiр жалпы котельный бар. Жолымбет дәрiгерлiк амбулаториясының жөндеуi қажет, және жұлу жүйесiн бiлiм беру бiлiмiнен бөлуi қажет себебi көптеген жөндеу жұмыстары жасалғанымен бөлмелердi жұлу жоқ. Жұлу жүйесiн, радиаторларын айырбастау және канализациясын жөндеу қажет

Жолымбет кентiнде 6 — топты «Ботакөз» бала бақшасы жұмыс iстейдi, соның iшiнде 1-топ санаторлық. Штаттық персонал саны 40 адам. Жоба қуаты 140 адамдық ғимарат, фактi бойынша 140 адам барады. Мектепке дейiнгi бала бақшаға 173 адам кезекте.

Жолымбет кентiнде Балалар шығармашылық үйi бар. Штаттық персонал саны тех. персоналымен бiрге 17 — адам. Балалар шығармашылық үйiнде 230 бала әр түрлi үйiрмелерге қатысады, оның iшiнде сәндiк-қолданбалы, көркем-эстетикалық, спорттық-техникалық, әскери-патриоттық. Үйiрмелерде барлық балалармен бiрге аз қамтылған, көп балалы, мүгедек балалар, жетiм балалар тегiн оқиды. Балалар шығармашылық үйiнiң үйiрмешiлерi кенттiң ғана емес, сонымен қатар аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысып жүлделi орындар алады. Грамота, сертификат, дипломдары бар.

Жолымбет кентiнде ауылдық және балалар кiтапханасы бар. Олар 2 мың адамды қабылдайды. Штаттық персонал саны 2 адам. Жалпы кiтап қоры 40 мың кiтап.

Жыл бойы оқушылар мен мектеп мұғалiмдерi мектеп арасындағы және аудандық алимпиадаларға, аудандық және облыстық семинарларға, көркем өнерпаздар қарауына белсендi қатысты. Мектептер кадрлармен толықтырылған, сонымен қатар мектептер интернетпен қамсыздандырылған. 2017 жылдың жаз айларында мектептерде негiзгi жөндеулер жүргiзiлiп отырды. Тамыз конференциясында №1 және №2 мектептерi жүлделi орындар алып аудан әкiмiнiң алғыс хаттарымен белгiлендi.

Жолымбет кентiнде дәрiгерлiк амбулатория бар, соның iшiнде Новоселовка, Ошақ, Новопервомайский ауылдарыкiредi. Қазiргi кезде 4 дәрiгер, 15 орта медециналық персонал, 7 басқа персонал. Жеке практика дәрiгерлерiмен қамсыздандырылған. 5229 адамға қызмет көрсетедi. Сонымен қатар дәрiгерлiк амбулаторияда 11 орынды күндiзгi стационар бар. Кент тұрғындарына үйде сағат кешкi 18-00 ден сағат таңғы 08-00 ге дейiн жедел жәрдем пуктi қызмет көрсетедi, жексенбi және мерекелiк күндерi күнi-түнi қызмет көрсетедi, 4 фельдшер жұмыс iстейдi. Дәрi дәрмектердi кент тұрғындары дәрiханалардан алады, ШСШ «МААР», ЖК «Айтымова».

2017 жылы бiрiншi рет 11 туберкулез аурууы анықталды, оның iшiнде балалар жоқ. Олардың барлығы Атбасар, Көкшетау қалаларында тационарлық емделуден өттi. Барлығы әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнен жәрдем ақы алды. Туберкулезбен ауырғандардың жанұялары тексерiлiп, үйдiң дезинфекциясы жасалды. Жыл сайын флюротексерiлу жүргiзiледi, оған жылжымалы флюротексерiлу комплексы шақыртылады. 2017 жылы флюротексерiлу жоспары 3212 адам 100 % орындалды.

Жолымбет кентiнде арнаулы әлеуметтiк көмек көрсету орталығы бар. Онда көбiнесе 1,2 топтағы психоневролоиялық ауру мүгедектер. Қазiргi кезде 170 қызмет алушы бар. Штаттық персонал саны 124 адам. 2017 жылы бас корпустың жөнделуi жасалды. Блокты модульдi котелный, 2 кiр жуатын бөлме салынып аймақты абаттандыру жұмыстары жүргiзiлдi. Жалпы соммасы 217 млн. тенге.

Жолымбет кентiнде «Горняк» мәдениет үйi жұмыс iстейдi. 290 орында концерттiк зал бар. Штаттық персонал саны 9 адам. Мелекеттiк және басқа мерекелерге концерт өткiзiледi, көркем өнерпаздар смотры өткiзiледi. Көркемөнерпаздар смотрына барлық жастағы тұрғындар қатысады, бала бақша тәрбиеленушiлерден бастап зейнеткерлерге дейiн. Заңнаманы iске асыру щеңберiнде барлық шаралар екi тiлде өткiзiледi.

«Горняк» мәдениет үйiнiң спорт залында волейбол, мини-футбол секциялары жүргiзiледi, оған әр жастағы балалар қатысады. «Горняк» мәдениет үйiнде жылу жүйесiнiң трубалары мен қосымша радиаторлар орнату қажет, кәрiз трубаларын, жуыну кабиналарын, унитаз, раковиналар орнату керек. Көрермендер залының төбесiнiң жөнделуi қажет. Сахна киiмiн, көмпьютер, музыкалық құралдар, жихаз алу қажут. 2017 жылы Шортанды аудандық депутат Муканова Г.Е. бастамасы бойынша «Горняк» мәдениет үйiнiң қасбетiнiң, шатыры және сыртқы жөнделуiне жобалай-сметалық құжаттар жасалды жалпы соммасы 8 млн. тенге.

Жолымбет кентiнiң жастары көбiнесе спортпен шығылданады, оған дәлелдемелер 2017 жылы «Ақ бидай» спатакиадасында 2 жалпы командалық орынға иелендi. Жолымбет кентiнiң барлық мерекелерiнде волейбол, мини-футболдан сайыстар өткiзiлiп отырады. Оған спонсорлық көмекпен әрқашан Мұқанова Г.Е. басқаратын әлеуметтiк фонды болып шығады. Желтоқсан айында әкiмшiлiктiң ҚБШ қаражатына күресу матылары және волейбол мен футбол доптары сатып алынды.

Жолымбет кентiнде полиция бөлiмшесi орналасқан. Штаттық персонал саны 6 адам, 1 басшы, 1 учаскелiк инспектор, кәмiлетке толмағандар инспекторы, 3 кезекшi. Штат бойынша жедел уәкiл, дознаватель қажет. Қажет болған жағдайда кентке аудандық iшкi iстер бөлiмiнен (жедел уiкiл, дознавтель тергеушi) келедi. Жолымбет кентiнде жасалған қылмыстар ыстық iзiмен ашылады. Кент полиция қызметкерлерiмен профилактикалық есепте тұрғандармен жұмыс атқарылады. Кенттiң аңшылары тексерiледi. Жолымбет кентiнiң полиция бөлiмiнiң жұмысын жақсарту үшiн учаскелiк инспекторге көлiк, көшiрме жасау техникасы қажет.

Кентте Жолымбет кентiнiң полиция бөлiмшесi бар. Штаттық персонал саны 6 адам, басшы, жедел уәкiл, учаскелiк инспектор және 3 кезекшi. Керек жағдайда кентке аудандық iшкi iстер бөлiмiнен (тергеушi, анықтаушы) келiп отырады. Жолымбет кентiнде жасалған барлық қылмыстар iзi суытылмай ашылады. Жолымбет кентiнiң полиция қызметкерлерiмен профилактикалық есепте тұрған адамдармен жұмыс атқарылады. Аңшылардың тексерiлуi жүргiзiледi. Полиция жедел әрекет ету үшiн олар ұтқыр болуы тиiс. Қызметтiк автокөлiк жоқ.

Жолымбет кентiнде тау кен құтқару взводы бар. Олар АҚ «ТМҚ Қазақалтын» шахталарында болған апаттардан адамдарды құтқарады және Кентте өрт болған жағдайда шығады. Штаттық персонал саны — 16 адам. «КАМАЗ» көлiгi және өрт сөндiру командасы бар. Өрт сөндiру командасын шақыру АҚ «ТМҚ Қазақалтын» диспетчерi арқылы шақырылады.

Жолымбет кентiнде Шортанды және Астна қаласына автобус қатынасы жөқ. Жолымбет кентiнде тасымалдау бiр проблемалық мәселе. Жолымбет кентiнiң тұрғындарынан тұрақты жүру кестесi жоқ екендiгi туралы өтiнiштер әрдайым келiп тұрады. Адамдар Астана қаласына барып кешке қайта орала алмайды, сонымен қатар тұрақты баға жөқ. Зейнеткерлер мен студенттерге бұл баға өте жоғары. Кентке бiр рейстiк автобус қажет танертен 6-00 де жолымбет кентiне кешке 18-00 ден Астана қаласынан.

Жолымбет кентiн көркейту бойынша жұмыстар жыл бойы кент көшелерiн қардан тазартудан басталады. Ең басты жұмыстар көктем мен жаз аралығында өткiзiлдi. Кент көшелерiнен қыстан шыққан қоқыстар шығарылды. Кент көшелерi бойынша көркейту және санитариялық тазату аула жиындары өткiзiлдi. Күн сайын жұмыстылық орталығында тiргелген жұмыссыздар арасынан әлеуметтiк жұмысшылар көше арасында шөп жұлу, тазарту бойынша жұмыс iстейдi. Шөп жұлу Бөгембая, Абая, 40 лет Победы, Б. Момышулы, Валиханова көшелерiнде жүргiзiлдi. 8 таза бейсенбiлiк 10 сенбiлiк өткiзiлдi, оған 350 адам қатысып 4 көлiк жұмыс жасады. Кент тұрғындарымен жеке және көп пәтерлi үйлердiң қасбеттерiнiң жөнделуi жүргiзiлдi. Әкiмшiлiктiң және кент тұрғындарының көмегiмен 40 лет Победы көшесi № 12, Театральная көшесi № 15 екi қабатты үйлер жөнделдi. Шатыры, штукатур жұмыстары және ақтау жұмыстары жасалды. «Жеңiс» паркiнiң қоршалуының жөнделуi жүргiзiлдi. «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша қоршау жұмыстары жүргiзiлдi. Абай көшесiнде 210 метр жаңа қоршаулар орнатылып 170 тал (қайын) отырғызылды. Қалған экономия қаражатына пер. Мирный көшесiнде қиыршық тас себу жол жөнделуi жұмыстарна бағытталды.

2017 жылдың көктемiнде «Мал бағу және кенттiң көркейуi» күн тәртiбiне жалпы кенттiк жиын өткiзiлдi. Қар кеткенде кент тұрғындары жеке үйлердiн аумағынан қоқыстарды шығарды. Сонымен қатар көп пәтерлi үйлердiң тұрғындарымен жиындар өткiзiлдi. 1320 тонн қоқыс пен күл шығарылды. Көркейту жұмыстарын жүргiзуге АҚ «ТМҚ Қазақалтын» филиалы көп көмек көрсеттi. Көлiк, жанар май берiп көмектестi.

Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне орай көркейтудiң қорытындылары шығарылды. Көркейту комиссиясымен жеке үйлердiң сыртқы сәулетiк келбетiнен бағаланды. Жүлделi орындар алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды. Тәуелсiздiк күнiне орай 10 орынды 500 тенгеден әлеуметтiк монша ашылды Жеке кәсiпкер Кабакова А.К.

Бүгiнгi күнге кент аумағында 80 сату объектiлерi бар, 19 — азық түлiк дүкендер бар, кәсiпкерлер әсiресе күн сайынға керек өнiмдермен айналысады. Сонымен қатар 3 — асхана, 6 — шаштараз, 2 — фотосалоны бар, 1 — ЖМС, 1- газ станциясы, 2 — сауда үйi, 3 — нан пекарнясы, 3 — қоғамдық монша, шаруашылық, құрылыс заттары және т.б. дүкендер бар. Жолымбет кентiнiң тiлек бiлдiрген кәсiпкерлерi, кәсiпкерлер палатасында әрi қарай бизнеспен айналысуға оқу оқиды.

Кенттiң жеке ауласында IҚМ — 1066 бас, КҚМ — 1871 бас, Шошқа — 137 бас, Жылқы — 169 бас.

Түйiндi мәселелер

Жолымбет кентiнiң № 2 мектебi және дәрiгерлiк амбулаториясының жұлу жүйесiнiң жөнделуi қажет. № 2 орта мектебiнiң терезелерiн айырбастау қажет.

Кеттiң ең түйiндi мәселесi бұл бiздiң жолдарымыз. Жолымбет — Бектау жолының күрделi жөнделуi. Құрылыс бөлiмiнiң басшысы Қ.Орынбасаровтың бастамасымен маусым айында фризированный асфальтпен себу жұмыстары жүргiзiлдi. Кент iшiндегi жолдардың жөнделуi. АҚ ТМҚ «Қазақалтын» филиалында кент тұрғындарына жұмыс орындарды сақтау. Кәрiз немесе тоған құрылысын жүргiзу, қоқыс жинау авто көлiгiн және контейнерлер сатып алу, себебi көп пәтерлi үйлердi олсыз тазалықта сақтау өте қиын. Кентте 3 этажды — 16 үй, 2 этажды — 28 үй бар, барлығы 44 үй.

Жергiлiктi қоғамдастықпен 2018 жылы «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасынан берiлген қаражаттарды «Горняк» мәдениет үйiнiң қасындағы парктi және 40 лет Победы көшесiнiң қоршауына бағыттау туралы талқыладық.

Мақаланың шыққан күні: 29.01.2018 10:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.01.2018 10:00
Қаралым саны: 1744

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz