A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Раевка селолық округі әкімінің есебі

Құрметтi ауылдық окуг тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Орталық атқарушы органдардың, әкiмдердiң, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларының халықпен есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» 5.02.2016 жылғы № 190 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында халықтың барлық деңгейдегi әкiмдерiнiң жыл сайынғы есептiк кездесулерi өткiзiледi.

Раевка ауылдық округiнiң 2018 жылға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы және әкiмнiң ағымдағы 2019 жылға арналған iс-қимыл бағдарламасының жақын болашағы туралы баяндауға рұқсат етiңiздер.

Ауылдық округтiң дамуының басты стратегиялық мақсаты — ауылдық округтiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Халық және жұмыспен қамту

Раевка ауылдық округiнiң аумағында төрт елдi мекен бар, Раева, Гуляй-Поле ауылы, Егемен ауылы және Новографское ауылы, оларда — 1291 адам өмiр сүредi. Округ аумағы 42741,89 га құрайды. Аулалардың жалпы саны — 396. Еңбекке жарамды тұрғын — 784 адам, жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс iстейтiн — 124 адам. Зейнет жасындағы тұрғындар — 215 адам, мүгедектер 41 адам, оның iшiнде жұмысқа жарамды жастағылары — 21 адам, жұмыспен қамтылғаны — 5 адам, 16 жасқа дейiнгi мүгедек балалар — 7 адам. «Күмiс алқа» және «Алтын алқа» жүлдесiмен марапатталған көп балалы аналар — 23 адам, еңбек қызметкерлерi — 1 адам. Интернационалис жауынгерлерi — 2 адам. ҚР Қарулы күштерi қатарында қызмет атқарғандар — 2 адам.

Өсiмдiк және мал шаруашылығы

Округ аумағында ауыл шаруашылық өндiрiсi «Раевка» ЖШС ұсынылған. 2018 жылға егiстiк аумағы: дәндi дақылдары барлығы 16 715 га (оның iшiнде бидай — 12 139, арпа — 4077 га, дән қоспасы — 449 га), 1273 га алып жатқан егiстiк шөптер, зығыр — 1990 га, өнiмдiлiкте 13,5 ц/га және 1273 га егiстiк жердi қамтып жатқан шаруа қожалықтары. Бiр «Сыздыков Г.Ф.» ЖК көкөнiс өсiрумен айналысады, 2018 жылы 250 тонна картоп жиналды, оның iшiнде 100 тонна ұрық және 150 тонна тауарлық. Қысқы уақытта картопты сақтауға арналған жертөле жұмыс iстейдi, бұл жаңа жұмыстарын құрып отыр. Округ аумағында өнеркәсiптiк кәсiпорындар жоқ.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша үй шаруашылық кiтапшаларын толтыру кезiнде мал санының қайта саналу деректерi бойынша мал мен құстың саны:

-ауылдық округ тұрғындарында: IҚМ — 867 бас, шошқалар — 470 бас, жылқылар — 250 бас, қой мен ешкi — 1212 бас.

-«Раевка» ЖШС мал шаруашылығы саласында 658 бас IҚМ саналады, соның iшiнде 287 бас ұрғашы. Жылқылар саны — 51, соның iшiнде 20 бие. Орташа тiзiмдiк саны — 134 адам.

- Бұдан өзге, округте мал шаруашылығымен айналысатын 8 ЖК жұмыс iстейдi, оларда 54 IҚМ басы бар, 34 ҰҚМ және 20 жылқы мен 350 қаз бар.

Округте мал шаруашылығы өнiмдерiнiң эпизоотиялық әл-ауқатын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылданады. Ауданда барлық эпизоотиялық шаралар негiзгi жұқпалы ауруларға қарсы жүргiзiледi.

Iс-шаралар жоспарына сәйкес саны 45 дана қаңғыбас иттердi ұстау мен жою жүргiзiлдi.

Барлық елдi мекенде мал жаю ұйымдастырылған. Бақташы, мал иелерi мен «Раевка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ-мен үш жақты келiсiм жасалған.

Үнемi ауыл шаруашылық жәрмеңкелерiне қатысып, ол жерде жергiлiктi тұрғындар мен ЖК өнiмiн саудаға шығарамыз.

Бiлiм

Округ аумағында екi мектеп жұмыс жасайды: Раевка а. — орта мектептегi оқушылар саны — 104 адам.

Раевка орта мектебiнде қазақ тiлiндегi сыныптар жұмыс iстейдi, онда 5 адам оқиды. Ұстаздар құрамы — 21 адам. Өткен жылы балаларды тасымалдау үшiн Шортанды ауданының бiлiм бөлiмiмен Газель автокөлiгi ұйымдастырылған. 2018 жылы ҰБТ 5 адам тапсырды, көрсеткiш 82,4% құрайды.

Гуляй-Поле а. негiзгi мектебiнде оқушылар саны — 28 адам. Ұстаздар құрамы — 12 адам.

Жазда, мектептер жанында, сауықтыру лагерлерi ұйымдастырылды.

Шортанды ауданның бiлiм беру бөлiмiмен Раевка ОМ спортзал, актi залы, асханасының төбесiне ағымдық жөндеу жүргiзiлдi. Округ мектептерiнде мұғалiмдер мен ата-аналар күшiмен кабинеттерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Округ мектептерi жанында «Балапан» және «Күншуақ» балалар шағын орталықтары жұмыс iстейдi, оған 20 бала келедi.

Жаңа оқу жылы алдында Раевка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты кәсiпкерлердiң қатысуымен «Баланы мектепке жинайық» қайырымдылық акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары үшiн өткiзiлдi. Сомасы 20 мың теңгеге 5 балаға портфель мен мектеп құралдары сатып алынды.

Спорт

Округте барлық спорттық iс-шаралар мектепте, хоккей корты мен стадионда өткiзiледi. Раевка мектебiнде спорттық секциялар жұмыс жасайды: теннис, волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы. Тайск боксы бойынша секция ашу жоспарлануда. Жыл сайын аудандық спартакияларға қатысамыз. 2018 жылы округ «Хрустальды колос» қысқы спартакиадасында үшiндi орынды иеленсе, «Ақбидай» жазғы спартакиадасында құрметтi екiншi орынға ие болды. «Раевка» ЖШС қаражатына көлiк, спортшыларды тамақтандыру және сыйлықтар ұйымдастырылды. Қыстың басынан берi хоккей корты құйылған. Доп пен шайба хоккейi бойынша жаттығулар өткiзiледi. Бiздiң хоккейшiлерiмiз көршi аудандармен жолдастық кездесулерге белсендi қатысады. Шортанды ауданының бiлiм бөлiмiмен Раевка ОМ саны 13 жинақ хоккей формасы, төсенiштер, доптар, теннис ракеткалары, волейбол сеткасы, арқан берiлдi.

Мәдениет

Ауылдық округте мәдениет мекемелерi ұсынылған: 4 ауылдық кiтапханалар, 1 мектептiк, 1 мәдниет үйi. Барлық iс-шаралар мектеп ғимаратында және Мәдениет үйiнде өткiзiледi. Халықаралық әйелдер күнi, Балаларды қорғау күнi, Отан қорғаушылар күнi, Жеңiс күнi, Отбасы күнi, Қазақстан халқының Тiлдерi күнi, Қарттар күнi, Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне арналған шаралар және басқа да iс-шаралар өткiзiлдi. Қарттар күнiне «Раевка» ЖШС 835 мың теңге бөлдi және 167 зейнеткерлерге берiлдi. Концерт пен мерекелiк дастархан жаюға «Битаков» ш/қ, «АСИ» ш/қ мен округ кәсiпкерлерi (Рыбальченко И.А., Абенов К.С, Мотович В.А., Сломинский М.И., Турежанов Г., Райхан Берiкбол, Мауит Саяхат) демеушiлiк көмек көрсеттi. Жаңа жылда «Раевка» ЖШС балаларға сомасы 157,3 мың теңге 130 сыйлық берiлдi, Рыбальченко И.А. ЖК шағын орталықтың 25 баласына сомасы 32 мың теңгеге сыйлық жасады. Сонымен қатар, «Раевка» ЖШС мереке өткiзу үшiн шамамен 73 мың теңгеге сыйлықтар мен тәттiлер сатып алынды. «Раевка» ЖШС балаларға сырғанақ орнатты, «Раевка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ Раевка а. көшелiк шырша орнатты.

«Раевка» ЖШС басшылығына, округтың ШҚ мен ЖК көрсетiлген демеушiлiк көмектерi үшiн алғыс айтқым келедi.

Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қорғау

Бiздiң округте Раевка ауылында ФАП жұмыс iстейдi, үш медициналық пункт қызмет етедi. Раевка ауылында тiс дәрiгерiнiң кеңсесi бар, орта медицина қызметкерлерiмен 100% қамтылған, телефон бар. Тұрғындарды дәрiлiк құралдарымен «Коровина» ЖК дәрiханасы қамтамасыз етедi. Жоспар бойынша скринингтiк зерттеулер жүргiзiлуде, жылжымалы және соңғы жабдықтармен жабдықталған және мамандармен жұмыс iстейтiн көлiк жұмыс iстейдi. Туберкулез бойынша жағдай тұрақты, тiзiмде тұрғандар жоқ. 2018 жылға материалдық көмектi 18 адам алды, оның 6 — мүгедек балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер — 12 адам. 2018 жылы — 9 бала туылды, 13 адам қайтыс болды, ана өлiмi — жоқ, сәби өлiмi — жоқ. Округте 2 әлеуметтiк қызметкер жұмыс iстейдi, 2 мүгедек балаға үйде қызмет көрсетiледi.

2018 жылы 5 отбасы АӘК алды.

Тұрғындарды нәтижелi жұмысппен қамтуды дамыту бағдарламасы бойынша 14 адам кәсiби оқудан өттi, оның 14 көлiк жүргiзушiлерi. Барлығы автокөлiк жүргiзу үшiн жүргiзушi куәлiгiн алды.

Кәсiпкерлiк және бизнес

Шағын бизнес саласында 4 дүкен жұмыс iстейдi, ол тұрғындарды қажеттi тауарлармен қамтамасыз етедi, сонымен қатар ТҚКС жұмыс жасайды, тұрғындардан сүт сатылып алынады. Округте барлығы 17 ЖК бар, оның 3 ЖК 2018 жылы ашылды. 2 ЖК — ҢҚМ өсiру, 1 ЖК — нан өнiмдерiн шығарушы. Жаңадан ашылған ЖК шағын несилер мен гранттар алды.

«Нәтижелi жұмыспен қамту мен жаппай кәсiпкерлiктi дамту бағдарламасы» аясында 2018 жылы «Бизнес-Бастау» бойынша 2 адам оқып, сертификат алды.

Кәсiпкерлер ауылдың қоғамдық өмiрiне қатысады, мерекелiк және қайырымдылық шараларын өткiзуге демеушiлiк көрсетедi.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Округтың аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалау бойынша жүмыс жүргiзiлдi. Барлық көктемгi-күзгi маусымда сенбiлiктер өткiзiлiп, оған 120-дан астам адам қатысты, 7 бiрлiк техника жұмылдырылды, шамамен 20 тонна қоқыс, күл мен сондай шамада көң шығарылды, 300-ден астам жеке тұрғын үйлердiң қасбетi жөнделдi. Раевка а. жолдары себiлiп, грейдирлендi, Раевка а. кiреберiсте қоршау орнатылды, көшелер бойынша шарбақтар мен бағандарды әктеу жүргiзiлдi, Абай көшесi мен балалар ойын алаңы жусаннан тазартылды және аялдама қалыпке келтiрiлдi, трасса бойындағы қоқыс жиналды, стадион жиналды. 35 көшет Гуляй-Поле НМ ғимараты жаны мен Раевка мектебiнiң ғимараты артына отырғызылды, 75 кв.м. гүлзарлар қойылды. Көлемi 500 кв.метр саябақ пен ескерткiш қалыпқа келтiрiлдi. «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша Раевка а. ойын алаңы орнатылды.

«Раевка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ ақылы қоғамдық жұмысқа көктемгi маусымның басында 7 адамды қабылдады.

«Раевка» ЖШС, «Битаков Е.М.» ШҚ күшiмен қысқы маусымда жолдарды қардан тазалау жүргiзiледi.

Раевка а. сумен жабдықтау ШЖҚ «Шортанды СУ» МКК балансында тұр және қызмет көрсетiледi. Егемен а. және Гуляй Поле а. ескi су жабдықтау қызмет етiп тұр, олардан 85 пайызына жеттi. Жер асты суларының қосымша қорын зерттеу бойынша барлау-iздестiру жұмыстары жүргiзiлдi. Сумен жабдықтау желiлерiн жобалауға бюджеттiк қаражат бөлуге бюджеттiк өтiнiм берiлдi. «Раевка» ЖШС мен ШЖҚ «Шортанды Су» МКК күшiмен аталмыш су құбырына жөндеу жұмыстары жүргiзiледi.

Раевка а. тұрғындардың үйiне дейiн су жеткiзу мен есептегiш құралдар орнату, шарт жасау жұмыстары аяқталуда. Раевка а. су құбырына ШЖҚ «Шортанды Су» МКК қызмет көрсетедi.

Егемен а. және Гуляй Поле а.су беру үшiн үш су құбыры қызмет етедi, қуаттылығы тәулiгiне 75 куб.метр, үш терең қойма бар, үш су қысымдық мұнарасы бар, су құрбырылары мен көшелiк тарату желiлерiнiң жалпы ұзындығы 22 км. Қосымша жер асты суларына зерттеу жүргiзiлген және «Новографское а. су құбыры желiсiн салу» нысаны бойына ЖСҚ дайындау үшiн бюджеттiк өтiнiм жолданылған. Округтың елдi мекендерiнде қоғамдық моншалар жоқ, алайда жеке секторларда округ бойынша 95 монша қызмет етедi.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару

Раевка ауылдық округiнде 38 адамнан құралған жергiлiктi қауымдастық құралған. Жергiлiктi қауымдастықпен бiрге ауылдың мәселесiн шешу бойынша айтарлықтай жұмыс жүргiзiлуде.

2018 жылы жергiлiктi бюджет қаражатынан 1 миллион теңге түстi. Барлық бөлiнген қаржылар игерiлдi:

-дератизация қызметi — 150 мың теңге

-шарбақтар орнату мен жөндеу — 187,5 мың теңге

-кенттiң iшкi жолдарын себу — 196,428 мың теңге

-қоқыс шығару — 196,426 мың теңге

-қысқы маусымда жолдарды тазарту — 234,646 мың тг

-Жаңа жылға мүгедек балаларға сыйлықтар алу — 35 мың тенге

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл — әкiм аппаратының басымдықтарының бiрi. Мемлекеттiк қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн болдырмау үшiн «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы» Заңға және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң этикалық нормаларына және ережелерiн қатаң ұстану қажет. Көрнектi, қолжетiмдi жерде лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерi үшiн жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштер мен өтiнiштер қабылдау үшiн қорап бар. Әр апта сайын, сейсенбi мен бейсенбiде округ әкiмi жеке мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдайды. Жыл басынан бастап жеке тұлғалардың 26 өтiнiшi және заңды тұлғаның 38 өтiнiшi, оның iшiнде 5 ауызша — жеке қабылдау және 59 жазбаша. Барлық өтiнiштер қарастырылды, жауаптар уақытылы берiлдi. 2018 жылы 96 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, олардан 23- «Шалғай ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларға жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйiне тегiн тасымалдауларды ұсыну», 73 — «Жеке қосалқы учаскелердiң болуы туралы анықтама беру», сонымен қатар 73 — электорнды түрде.

Әкiмдiктiң ғимаратында EGOV өзiне-өзi қызмет көсету бұрышы жабдықталған, округ тұрғындары электорндық қызметтер ала алады (мекенжай анықтамасы, зейнетақылық жиналымдар туралы жазба, сотталғандығы жоқ туралы анықтама және т.б.). өткен жылы EGOV бұрышын 30 адам пайдаланған.

Округтың өмiр сүру мәселелерi бойынша азаматтар мен жергiлiктi қауымдастықтың 17 жиналысы өткiзiлген.

Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк

Халықтың қауiпсiздiгi бойынша жұмысты учаскелiк инспектор полиция майоры Батыргалиев Таймас Булатович жүргiзедi. 2018 жылы 8 қылмыс анықталды, 68 дана әкiмшiлiк материал қозғалды, тiркеуге — 3 адам алынған. Абаттандыру мәселесi бойынша 7 ескерту берiлген. Ауылдық округ тұрғындарының өтiнiшi бойынша шұғыл шаралар қабылданады. Аудандық инспектор округ жағдайымен жақсы таныс, көлiкпен қамтамасыз етiлген.

2019 жылға арналған жоспарлар:

1.Ауылдарды абаттандыру бойынша жұмысты күшейту (көшелердi себу мен грейдирлеу, қоршауларды әктеу, сырлау, ғимараттардың қасбетiн жөндеу, қоқыс шығару).

2.Жылдың басында округтың жергiлiктi қауымдастығының отырысы өткiзiлдi және «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша Раевк а. Абай көшесi бойынша бiртiндеп қоршаулар орнату шешiмi қабылданды.

Назарларыңызға рақмет!

Мақаланың шыққан күні: 29.01.2018 09:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.01.2019 10:01
Қаралым саны: 1363

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz