A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Петров селолық округі әкімінің есебі

Петровка ауылдық округі әкімінің «2018 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және
2019 жылға міндеттері туралы» ЕСЕБІ

Құрметтi Петровка ауылдық округiнiң тұрғындары!

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының негiзгi бағыттарын жүзеге асыруға кiрiсе отырып бiз елiмiздiң тұрақты дамуына бағыт аламыз, мұның өзi бiздiң аймақтың және соның iшiнде бiздiң округтiң тұрмыс деңгейiнiң әрi қарай артуына сенiм туғызады. Бiздiң тұрғындардың игiлiктi тұрмысы бiрiншi кезекте табыстар мен өмiр сапасының тұрақты өсуiне байланысты.

Жаңартылған машина-трактор паркi мен ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге дұрыс көңiл аудару, топырақ қабаты мен тұқым материалдарын уақытында дайындау округтiң ауыл шаруашылығы кәсiпорындарында егiстiк компаниясын сапалы жүргiзуiнiң кепiлiне айналды. Жалпы алғанда округ бойынша 24 мың га алқапқа егiн егiлдi. Астық дақылдарын жинау бойынша жұмыстар еш шығынсыз белгiленген мерзiмде жүргiзiлдi. Орташа 15,5 ц/га өнiмдiлiкпен 38400 тонна астық жиналды. Егiн жинауда «Петровское» АҚ мен «Рассвет» шаруа қожалығының жаңа заманғы астық жинау техникасын сатып алуы зор рөл атқарды. Сонымен қатар округ шаруашылықтары өздерiнiң астығын жинап болып, ауданның басқа шаруашылықтарына да жинауға көмектесуге уақыт тапты. Егiн жинау уақытында Қара Адыр элеваторы жақсы ұйымдастырылған жұмысын көрсеттi. Бүгiнгi күнi «Астана Агро Групп» ЖШС шошқа кешенi тұрақты жұмыс жасайды. Шошқа басы 6000 астам санды құрайды. Мал басын жаңарту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Жайылым жерлердi толыққанды пайдалану үшiн акционерлiк қоғам IҚМ мен жылқы басын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргiзуде, сондай-ақ мал шаруашылығы базалары жөнделуде. Новокавказское селосында орналасқан «АЛЭРА» ЖШС ескi мал шаруашылығы жайларын қалпына келтiру бойынша жұмыстарды жалғастыруда, сонымен қатар ҰММ мен жылқыны дамытуды да жалғастыруда. Инвестициялық жобаға сәйкес жеке кәсiпкерге Петровка селосының әкiмшiлiк шегiнен жылқы фермасы құрылысына жер учаскесi берiлдi.

Округте жеке IҚМ басының төрт табыны 321 бас санымен бар. Ауылдық округi бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарына мал басының саны 650 басты құрайды, мұның өзi былтырғы жылғы көрсеткiштен 86 басқа аз. Мал басының азаюы Белое озеро селосында IҚМ бруцеллезбен ауырғанын анықтау нәтижесiнде болды, нәтижесiнде округ әкiмiнiң шешiмiмен Белое озеро селосында 2018 жылдың сәуiрiнен қазанына дейiн шектеу шаралары белгiлендi. Қазiргi уақытта шектеулер алынған.

Жалпы алғанда қыстау орындарына 3000 тонна шөп пен сондай көлемде сабан түсiрiлген. «Петровское» акционерлiк қоғамы өздерiнiң пайшылары алдында мiндеттемелерiн орындап, барлық тиесiлi жем-шөп берiлдi.

Бiлiм беру

Округтiң барлық бiлiм беру объектiлерi штаттық режимде жұмыс жасайды. Округтiң үш мектебiнде қазiргi уақытта 252 оқушы бiлiм алады. Округтiң барлық мектептерi 100 пайызға педагогикалық кадрлармен жасақталған. Мектептердiң материалдық-техникалық жабдықталуы қанағаттанарлық. Округтiң барлық мектептерiнде жазғы айларда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Көктемгi-күзгi кезеңде бiлiм беру объектiлерi жанындағы аумақтарда абаттандыру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi, жиналып қалған қоқыстар шығарылды, қураған ағаштар кесiлiп, ағаштар әктелдi, гүлдер отырғызылды. Ағымдағы жылдың маусым айында барлық мектептерде жазғы мектеп жанындағы алаңқайлар жұмыс жасады. Петровка ОМ 11 сынып түлектерiнiң бесеуi де колледжге түстi. Оқу жылы басталғаннан бастап округтiң үш мектебiне бiрiншi сыныпқа 24 оқушы, он бiрiншi сыныпқа 8 оқушы барды. Мектептердiң мұғалiмдерi жаңартылған бағдарлама бойынша аттестациялаудан өттi. Петровка орта мектебiнiң екi педагогы ағылшын тiлiнде пәндердi оқыту үшiн қайта оқытудан өттi. Барлық оқу жылы бойы оқушылар, сондай-ақ мектептiң педұжымы мектепiшiлiк және аудандық маңыздағы шараларға белсене қатысты. Қазiргi уақытта барлық үш мектепте оқушыларды тамақтандыру жүруде. Петровка мен Елизаветград мектептерiнде оқушыларды тамақтандыру шығындарын «Петровское» АҚ өтейдi. Үздiксiз жұмыс үшiн қысқы уақытта Елизаветград НМ қазандығында қызмет көрсетушi ұйым жылыту қазандығын ауыстыру бойынша, Петровка ОМ мектеп шеберханасымен мектеп қазандығын қосатын жылыту трубаларын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргiздi. Қара Адыр НМ қызметкерлерiнiң күшiмен жабынның кейбiр бөлiктерi жөнделдi. Елизаветград НМ жабыны жөндеудi талап етедi. Болашақта Қара Адыр НМ ғимаратының қасбетi мен спорт залын шұғыл жөндеу қажет.

Округте екi мектепке дейiнгi мекеме, Петровка ясли бағы мен Қара Адыр НМ жанындағы шағын орталық жұмыс жасайды. Кезекте тұрғандар қазiргi уақытта жоқ. Былтырғы жылдың жазында бала бақша ғимаратында жоспарлы ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi. Жанындағы аумақ қалыпқа келтiрiлдi. «Аймақтарды дамыту» мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес бала бақша аумағында жаңа балалар ойын алаңқайы орнатылды. Биылғы жылы МЖӘ аясында «Петровское» АҚ шаруашылық жүргiзушi субъектiсiнiң қолдауымен бала бақша ғимаратында барлық терезелердi ауыстыру жоспарланған. Ғимараттың жылыту жүйесi қанағаттанарлық жағдайда. Болашақта аясли бақ ғимаратында кәрiз жүйесiн жөндеп, азық-түлiк блогына жөндеу жүргiзу қажет.

Қызмет көрсетушi объектi бiлiм беру объектiлерiнiң бәрiне қажеттi көлемде көмiр түсiрдi. Былтырғы жылдың қазанынан бастап барлық объектiлер жылытылып, барлық объектiлерде температура режимi сақталады. Жаңа жылдық мерекелердi өткiзу үшiн барлық бiлiм беру объектiлерiнде жаңа жылдық шыршалар сатып алынды. Округтiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi өз қызметкерлерiнiң балалары үшiн жаңа жылдық сыйлықтар сатып алды.

Денсаулық сақтау

Округтiң денсаулық сақтау желiсi бойынша жыл бойы өзгерiстер болған жоқ. Петровка дәрiгерлiк амбулаториясы штаттық режимде жұмыс жасайды. Петровка дәрiгерлiк амбулаториясына 1722 адам тiркелген. Күнделiктi амбулаторлық қабылдау 15-тен 20 адамға дейiн жүргiзiледi. 4 орынға арналған күндiзгi стационар бар. Округтiң медқызметкерлерiнiң штат саны 8 адамды құрайды. Сондай-ақ дәрiгерлiк амбулатория жанынан дәрiханалық дүгiршек жұмыс жасайды, ол арқылы округтiң тұрғындары жеңiлдiкпен дәрi-дәрмектер алады. Қара Адыр станциясында және Белое озеро селосында медициналық пункттер бар. Округтiң барлық медициналық мекемелерi жалға алынған жайларда орналасқан. Облыстық құжаттарға сәйкес шiлдеде округтiң барлық селоларында жылжымалы флюроқондырғы жұмыс жасады. Үш жүзден астам тұрғындар флюротексерiлуден өттi. Округте туберкулезбен ауыру бойынша «Д» есепте тұрған аурулар тiркелген жоқ. Қара Адыр станциясының емделген бiр тұрғыны бақылауда, қажеттi дәрi-дәрмектердi тұрақты қабылдайды және айналасына қауiп жоқ. 2018 жылдың есептi мәлiметтерi бойынша мынадай қатынасты құрайды: 17 қайтыс болған адамға 21 жаңа туған нәресте. Ана мен сәби өлiмi тiркелген жоқ.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына соңғы Жолдауында медициналық қызмет көрсетудiң сапасы халықтың әлеуметтiк жағдайының маңызды бөлiгi болып табылатыны айтылған. Бiрiншi кезектегi мiндеттердiң бiрi алғашқы медико-санитарлық көмектiң қолжетiмдiлiгiн арттыру болып табылады, әсiресе ауыл тұрғындары үшiн. АМКК қызметкерлерiнiң ынтасын арттыру үшiн осы жылдың 1 қаңтарынан бастап учаскелiк медқызметкерлердiң еңбекақысын кезек-кезеңмен 20 пайызға арттыру қажет.

Мәдениет, тұрмыстық қызмет көрсету, спорт

Петровка ауылдық округiнде мәдениет үйi және бiр клуб жұмыс жасайды. Қара Адыр станциясында ауылдық клуб күрделi жөндеу жүргiзу қажеттiгiне байланысты жұмыс жасамайды. Бүгiнгi күнi округтiң барлық мәдениет объектiлерi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң балансында тұр. Көркемөнерпаздар қызметiне әртүрлi жастағы тұрғындар бала бақша тәрбиеленушiлерiнен бастап зейнеткерлерге дейiн қатысады. «Рухани жаңғыру» мемлекеттiк бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары 2018» көркемөнерпаздар байқауында округтiң барлық үш селосының өкiлдерi қатысты. Тiлдер туралы заңды жүзеге асыру аясында округтегi барлық шаралар екi тiлде өтедi.

Былтырғы жылы «Петровское» АҚ күшiмен Белое озеро селосының ауылдық клубында терезелердi ауыстыр жұмыстары жүргiзiлдi. Биылғы жылы «Петровское» акционерлiк қоғамы Петровка клубы ғимаратының қасбетiнiң жөндеуi мен екiншi қабатынiң iшкi жөндеуiн жалғастыруды жоспарлайды. Жоспарда болашақта Қара Адыр станциясының клубы ғимаратын күрделi жөндеу тұр. Соңғы уақытта ауылдық клубтарда түсiнiксiз себептермен жастардың дискотекасын өткiзу дәстүрi тоқтап қалды, сондықтан бiздiң жастар кешкi уақытта қайда барларын бiлмей жүредi немесе көршi селоға дискотекаға қалай жетулерiн бiлмейдi.

Петровка селосында «Петровское» АҚ спорттық кешенi жұмыс жасайды. Бүгiнгi күнi спорт кешенiнiң ғимараты күрделi жөндеуге мұқтаж. Осыған қарамастан округтiң спорттық командасы жыл сайын аудандық және облыстық маңыздағы жазғы және қысқы спартакиадаларға қатысады. Петровка селосында хоккей корты, футбол стадионы бар және Петровка селосы мен Қара Адыр станциясында «Аймақтарды дамыту» бағдарламасына сәйкес көпқызметтi спорттық алаңқайлар орнатылған. 2019 жылы осы бағдарламаға сәйкес Белое озеро селосында Елизаветград негiзгi мектебi жанына спорттық алаңқай орнатылады.

2019 жылды Елбасы жастар жылы деп жариялады. Бәрiмiзге бiздiң округтiң жас ұрпақтарына ерекше назар аудару қажет, бiз олар үшiн қандай болашақ дайындаймыз және нәтижесi қандай болатыны жөнiнде ойлануымыз керек.

Округтiң аумағында үш қоғамдық монша бар. Петровка селосы мен Белое озеро селосындағы моншалар апта сайын жұмыс жасайды, айналымда ұстаушысы «Петровское» АҚ болып табылады, шаруашылық және акционерлiк қоғам қызметкерлерi үшiн жуыну бағасы 250 теңге, ал балалар үшiн 100 теңге.

Сондай-ақ Петровка селосында дәмхана жұмыс жасайды, онда әртүрлi шаралар( үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) өткiзiледi.

Республикалық, облыстық және БАҚ-на жазылым компаниясы жылына екi рет округтiң кәсiпорындары қызметкерлерi, зейнеткерлер, жеке кәсiпкерлер бюджет қызметкерлерiнiң қолдауымен уақытында және жүз пайызға орындалумен өткiзiледi. Осы игi iсте бiздiң мұғалiмдер, бала бақшалар қызметкерлерi, медқызметкерлер мен мемлекеттiк қызметшiлерге ерекше алғыс бiлдiрiгiм келедi.

Шағын бизнес, дiн

Округте 13 сауда объектiсi, 5 сүт қабылдау пункттерi жұмыс жасайды, олар халықтың сүт тапсыру бойынша мұқтаждықтарын өтейдi, 5 шаруа қожалықтары астық өндiрiсi мен көкөнiстер өсiрумен айналысады. 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасына сәйкес округтiң екi тұрғыны «Атамекен» кәсiпкерлер палатасы жанынан өз iсiн ашу үшiн кәсiпкерлiк негiздерiне оқытудан өттi.

Аудандық қызметтердiң қатысуымен округтiң тұрғындарымен енгiзiлетiн мемлекеттiк бағдарламалар мен Мемлекет басшысының бес әлеуметтiк бастамасын түсiндiру бойынша жұмыстар жүргiзiледi. Кәсiпорындар ашу, жаңа жұмыс орындару ашу бiздiң селолардың тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшiн негiзгi мақсат және бағытқа айналуы қажет. Новокавказское селосында болашақта жол бойы сервисiн (автомай құю, техникалық қызмет көрсету станциясы) ашу жоспарланған. Петровка селосында биылғы жылы жаңа дүкен құрылысы жоспарланған.

Округтiң дүкендерiндегi бағалық саясат тұрақты бақылауда. Мысалы округтiң дүкендерiнде формалы нан бағасы бiр бөлкесi 70 теңгеден 75 теңгеге дейiн. Петровка мен Белое озеро селолары тұрғындарын нанмен «Петровское» АҚ қамтамасыз етедi. «Алтын дән 2030» ЖШС Қара Адыр станциясы тұрғындарын нанмен қамтиды. Новокавказское селосының тұрғындарына нан Шортанды кентiнен әкелiнедi. Сондай-ақ округтiң дүкендерiнде Астана қаласынан әкелiнетiн әртүрлi нан өнiмдерi бар, олардың бағасы әдеттегi наннан жоғары.

Астана қаласын азық-түлiкпен қамту белдеуi мемлекеттiк бағдарламасы аясында Петровка ауылдық округi Шортанды ауданының құрамында Астана қаласында өткен республикалық жәрмеңкеге қатысты.

Петровка селосында католик часовнясы жұмыс жасайды. Өткен жылдың күзiнде часовняның ашылуына арналған шараларда округке Барлық Еуропа католик әлемiнiң өкiлдерi келдi. Бүгiнгi күнi часовня ғимаратының iшкi жөндеуi бойынша жұмыстар жалғасуда.

Жұмыспен қамту және мемлекеттiк қолдау

Былтырғы жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек жобасы енгiзiлдi және қолданыста, оған кiредi: а)төменгi күнкөрiс деңгейiнен жан басына шаққанда 40% төмен табысы бар әрбiр отбасы мүшелерiне атаулы әлеуметтiк көмек; б)1,05 АЕК көлемiнде 18 жасқа дейiнгi балаларға тағайындалған балалар жәрдемақысы және в)төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға берiлетiн арнайы мемлекеттiк жәрдемақы. Округте жұмыспен қамту орталығынан ассистент жұмыс жасап осы бағдарламаға жататын отбасыларды анықтау бойынша белгiленген жұмыстарды жүргiзедi. Қазiргi уақытта жаңа форматтағы АӘК 14 адам санымен үш отбасы алады. Екiншi тоқсаннан бастап 24 адам санымен тағы төрт отбасыны ресiмдеу жоспарланған.

Округте еңбекке жарамды жастағы 21 мүгедек тұрады, олардың 7 жұмысқа орналастырылған. Және 3 мүгедек бала тұраы. Округтiң барлық мүгедектерi мемлекеттiк жәрдемақы алады, жеңiлдiк дәрi-дәрмектермен, қажеттi гигиеналық, қозғалыс құралдарымен уақытында қамтылады. Қара Адыр ст. 1 топтағы мүгедекке жеке көмекшi бекiтiлген. Петровка селосында екi жалғызбасты зейнеткерге әлеуметтiк қызметкер көмек көрсетедi. Мүмкiндiгi шектеулi тұлғалар үшiн қолжетiмдiлiк аясында округтiң барлық меммекемелерiнде пандустар орнатылған. Пандус орнату мүмкiндiгi жоқ жерлерде шақыру түймешiктерi бар. Сондай-ақ қажеттiгiне қарай пандустар сауда объектiлерiне орнатылады.

Петровка ауылдық округiнiң аумағында тұратын 11 көпбалалы аналардың 2 «Алтын алқа» және 9 күмiс алқалармен наградталған. Аға ұрпаққа құрмет ретiнде Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң 73 жылдығына орай округтiң тыл еңбеккерлерiне бюджет қаражаттарынан ақшалай жәрдемақылар төлендi, сондай-ақ «Петровское» АҚ әрқайсысына 5 мың теңгеден қаржылық қолдау көрсеттi. Қарттар мен мүгедектердi қолдау айлығы аясында жеке кәсiпкерлер, ауыл шаруашылық құрылымдарының қолдауымен округтiң барлық зейнеткерлерiне сыйлықтар мен ақшалай қаражаттар түрiнде материалдық көмек көрсетiлдi, сондай-ақ концерттiк бағдарламамен дастархан жайылды.

Былтырғы жылы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» Жолдауына сәйкес халықтың әлеуметтiк осал топтарын қолдау бойынша жұмыстар жалғастырылды және 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақы еңбек өтiлiне қарай 1,8 есе ұлғайды, ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8% өстi. Сонымен қатар мүгедектер, асыраушысынан айырылған отбасылар, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар үшiн де жәрдемақы өстi.

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысы елiмiзде ең төменгi еңбекақыны 1,5 есе 42,0 мың деңгейiне арттыру туралы тапсырма бердi. Бұл тапсырма бiздiң ауданның барлық мекемелерi мен кәсiпорындары басшылары атынан қолдау табуы тиiс.

Шортанды ҚIБ бекiтiлген Қазақстан Республикасы азаматтарының медициналық комиссиядан өту және әскери есепке қою жоспар-кестесiне сәйкес округте жастарды аудан орталығына медициналық комиссияға ұйымдасқан түрде апару бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Сонымен қатар ҚIБ қызметкерлерi әскерге шақырылушылардың ата-анасымен кездесу және әңгiмелесулерi үшiн округке келдi. Бүгiнгi күнi ҚР ҚК мерзiмдi қызметiн үш жiгiт өтеуде.

Былтырғы жылы әкiм аппараты округ халқына жер учаскелерi мен мүлiкке салықтар төлеу және алдындағы жылдарға мезгiлiнде төленбеген салықтар туралы хабарламалар дайындау және тарату бойынша көлемдi жұмыстар жүргiздi.

Округ халқының көшi-қон жағдайы жыл бойы азғантай +/-80-90 адам, егер 2018 жылдың 1 қаңтарына халық саны 1630 адамды құраса, 2019 жылдың 1 қаңтарына 1544 адамды құрады.

Округтiң аумағында «Петровка сайлау округi №11» Нұр Отанның бастауыш партия ұйымы жұмыс жасайды. Былтырғы жылы бiздiң партия ұйымы 7 адамға ұлғайды, өкiнiшке орай әртүрлi себептермен партия қатарынан 12 адам кеттi. Негiзгi себебi алыс және жақын шетелге көшу болып табылады. Былтырғы жылдың қазан айында жаңа бюро мен төраға сайлау бойынша ұйымның есеп беру-сайлау жиналысы өткiзiлдi.

Жыл бойы ауылдық округ әкiмi округтiң тұрғындарымен ең маңызды және толғандыратын сұрақтар бойынша 15 кездесу(жиын) өткiздi. Жыл қорытындысы бойынша әкiм атына округ тұрғындарынан әртүрлi сипаттағы 30 өтiнiш келiп түстi. Былтырғы жылдың қаңтарында өткiзiлген есептi кездесулерде округ халқы қойған сұрақтар негiзiнен қанағаттандырылды. «Петровка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi ҚР «Мемлекеттiк сатып алулар туралы» Заңына сәйкес округ тұрғындарына тiзiлiмде көрсетiлген алты мемлекеттiк қызметтi көрсетедi «Шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және қайта үйiне тегiн тасымалдауды беру үшiн құжаттар қабылдау», «Елдi мекен шегiнде объект құрылысы үшiн жер учаскесiн беру», «Жер учаскесiнiң мақсатты тағайындалуын өзгертуге шешiм беру», «Сауда(конкурс, аукциондар) өткiзудi талап етпейтiн мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтар сатып алу», «Бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскелерiн жеке меншiкке сату», «Жер учаскесiн алуға кезекке қою». 1 қаңтардан 31 желтоқсан аралығында мемлекеттiк мекеме 14 мемлекеттiк қызметтер көрсеттi. Мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша округ тұрғындарын хабарландыру мақсатында материал аудан әкiмiнiң сайтына, әкiмдiк ғимаратындағы ақпараттық тақтаға орналастырылады, аудандық «Өрлеу» және «Вести» газеттерiнде жарияланады.

Сумен жабдықтау, ТКШ, құрылыс

«Ақбұлақ» мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес «Таир» ЖШС мердiгер ұйымы Петровка селосында су құбырлары желiлерiн жаңарту бойынша жұмыстарды бастады. Осы кезеңде 7 км су жiберу желiлерi, 2 км таратушы тораптар жасалды.750 куб.метр сиымдылығымен 2 дана су жинақтағыш әзiрлендi. Сонымен қатар жазғы кезеңде бақылау құдықтары үшiн бетон сақиналар дайындау және скважина қазу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Жұмыс кезең бойы Петровка селосы тұрғындары санынан 5 адам жұмыс орындарымен қамтылды. Жылу түскен соң су құбырларын жаңарту бойынша жұмыстар жалғасады және жыл соңында оны аяқтау жоспарланған. Бұл жоба өте қымбат, сондықтан жүргiзiлетiн жұмыстардың сапасын мұқият бақылау бiздiң мiндетiмiз болып табылады.

Қара Адыр станциясында ауыз сумен жабдықтау штаттық режимде. Белое озеро селосында су қысымы мұнарасын қалыпқа келтiру қажет (пайда болған саңылауды дәнекерлеу).

Байланыс, электр қуаты, көлiк

Округ халқын электр қуатымен қамту қанағаттанарлық. Қызмет көрсету ұйымы «АРЭК» АҚ болып табылады. Петровка және Новокавказское селосындағы бiрнеше трансформаторлар мен электр желiлерiнiң бөлiгi «Петровское» АҚ қарайды. Қара Адыр станциясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ электр жабдықтаушы болып табылады. АЭЖ мамандары ЛЭП сымдарының үзiлуiне және трансформаторлардың қатардан шығуына жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргiзедi. Егер мұндай жағдай болса, мамандар бригадасы уақытында жөндеуге тырысады.

Телефон байланысымен қамту да қанағаттанарлық. Округтiң 95% телефон байланысымен қамтылған. «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалы қызметкерлерi округ халқын «Мегалайн» интернет байланысымен қамту бойынша тұрақты жұмыстар жүргiзедi, дегенмен көрсетiлетiн қызмет жақсартуды тiлейдi. Округ халқы арасында Билайн, Актив, Теле2, Алтел спутник байланысын пайдалану кеңiнен болып табылады.

«Қазпошта» акционерлiк қоғамының филиалы уақытында зейнетақы, бюджеттiк қызметкерлерге еңбекақы төлеудi үзiлiссiз жүргiзедi және хат-хабарлар уақытында жеткiзiледi. Жалғыз проблема бұл — поштаны тұрғындарға үйiне жеткiзу үшiн бiрлiктiң жоқтығы болып табылады. Мұның өзi мерзiмдi баспасөзге жазылушылармен жұмыста негiзгi проблема.

Азғантай үзiлiстен кейiн «Пригородный-Шортанды» көлiк байланысы қайта жүре бастады, мұның өзi Петровка мен Новокавказское селоларының тұрғындары үшiн өте қолайлы. Белое озеро селосы мен Қара Адыр ст. тұрғындары үшiн бұл қызмет әзiрше мүмкiн емес. Жеке тасымалдаулардың да көмегi септiгiн тигiзедi.

Абаттандыру

Абаттандыру бойынша жұмыстар округте жыл бойы жүргiзiледi. Қысқы айлар кезiнде кентiшiлiк жолдарды қардан тазарту бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Жолдарды қардан тазартуға бөлiнетiн 200 мың теңге көлемiндегi қаражаттар үлкен емес, сондықтан шығындардың басым бөлiгiн округтiң ауыл шаруашылығы кәсiпорындары өзiне алады, атап айтқанда «Петровское» АҚ мен «Алтын дән 2030» ЖШС. 2018 жылғы су тасқыны окугте тыныш өттi. 9 сәуiрден 9 мамыр аралығында елдi мекендердi абаттандыру бойынша көктемгi айлық жарияланды. Ұйымдар мен мекемелерге село аумағын бекiту жұмыстарының жоспары алдын ала әзiрлендi. Айлықтар нәтижесiнде округтiң селоларында 4 таза бейсенбiлiк пен 4 сенбiлiктер өткiзiлiп, оған 380 астам адам және әртүрлi 8 техника бiрлiгi тартылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздар санынан 8 адам қатысты. Өткiзiлген шаралар нәтижесiнде селолар аумағынан 400 текше метр тұрмыстық қалдықтар мен сондай көңдер шығарылып, 3000 шаршы метр саябақтар дұрысталды. 270 шаршы метр гүлзарлар тазартылып, 50 көшеттер отырғызылды және 150 ағаштар әктелдi. 15 км село көшелерi жиналды. 200 жеке үйлер мен 8 қоғамдық монша тәртiпке келтiрiлдi. ҰОС Жеңiстi мерекелеу қарсаңында соғыс ардагерлерi ескерткiшi ретке келтiрiлiп, жаңа гүлзарлар орнатылды, гүлдер отырғызылып, ескерткiш аумағы абаттандырылды. Қызмет көрсетушi кәсiпорын көктемгi және күзгi уақытта қашықтығы 20 км «Петровка-Қара Адыр» автожолын тегiстеу бойынша жұмыстар жүргiздi. Шаруашылық жүргiзушi «Петровское» АҚ Петровка үйiндiсi аумағынан тұрмыстық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бойынша жұмыстар жүргiздi, ал «Алтын дән 2030» ЖШС Қара Адыр мектебi жанындағы аумақтан ескi шiрiген ағаштар мен қоқыстарды жинау және шығару бойынша үлкен жұмыстар жүргiздi. Шiлде айында округ селоларында бөлiнген аумақты заласыздандыру бойынша жұмыстар жасалды.

Бүгiнгi күнi бiздiң округтiң тұрғындары үшiн күрделi мәселелердiң бiрi «Шортанды-Пригородный» автожолының жағдайы болып табылады, «Новокубанка-Белое озеро» автожолы да нашар жағдайда.

Бұрын айтылғандай биылғы жылы «Аймақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес мамыр айында мердiгер ұйым Петровка селосында балалар ойын алаңқайы орнатты, және қалған қаражаттар көше орындығын сатып алуға жұмсалды. Күзде гүл егу үшiн қосымша төрт көше вазондары сатып алынды.

Жергiлiктi қоғамдастықтың келiсiмiмен «Аймақтарды дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру үшiн бөлiнген қаражаттар 2019 жылы Белое озеро селосында көпқызметтi спорт алаңқайын орнатуға жұмсалатын болады.

Округ аумағында 5 қоғамдық жерлеу немесе зираттар бар(4 католик-православ және 1 мұсылман). Барлық зираттар қоршалған және үйiлген. Жыл сайын зират аумағында бiрнеше рет аумағын жинау және қоқыс шығару бойынша сенбiлiктер өткiзiледi.

Абаттандыру айлығын өткiзу кезiнде селоны абаттандыруға қатысты 145 хабарлама қабылданды. Округ халқы ұсынылған нұсқауларды жақсы қабылдап, мезгiлiнде бұзушылықтарды жояды.

Округ аумағындағы оперативтi жағдай барынша тұрақты.

Құрметтi қатысушылар!

Бiздiң стратегиялық мақсатымыз — 2050 жылға 30 дамыған елдiң қатарына кiру. Бұл мiндет барлық уақыт талабын дұрыс және барабар қабылдасақ, мiндеттi жүзеге асады. Егер қоғамда келiсiм бiрлiк сақталса, алынбайтын биiктер жоқ.

Мақаланың шыққан күні: 29.01.2018 09:45
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.01.2019 12:26
Қаралым саны: 1488

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz