A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Новокубанка селолық округі әкімінің есебі

Новокубанка ауылдық округi әкiмiнiң «2019 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуы және 2020 жылғы мiндеттерi туралы» есебi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 "Орталық атқарушы орандардың, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» Жарлығына сәйкес жыл сайын барлық деңгейдегi әкiмдердiң халыққа есеп беру кездесулер өткiзiлуде. Олардың барысында елде жүргiзiлiп жатқан реформаларды орындалуы туралы, мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламасын орындалуы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылықтарға қарсы күресу шеңберiнде қабылданған есеб беру кезеңдегi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы, олардың негiзгi бағыттары мен мiндеттерi одан әрi дамыту.

2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жария еттi. 30 жыл бұрын бiз өз Тәуелсiздiгiн жарияладық. Осы жылдар iшiнде Қазақстанның Тұңғыш Президентi-Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың басшылығымен елiмiз әлемдегi тұрақты және беделдi мемлекетке айналды. Берiк бiрлiктiң арқасында бiз өзiмiздiң тәуелсiздiгiмiздi нығайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшiн жағдай жасадық. Бұл уақыт жасампаздық пен прогресс, бейбiтшiлiк пен келiсiм кезеңi болды.

2019 жылғы Новокубанка ауылдық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған мiндеттер туралы таныстыруға рұқсат етiңiздер.

Әлеуметтiк сала

Новокубанка ауылдық округiне екi елдi мекен кiредi: Новокубанка және Алтайское ауылдары. Тұратын тұрғындардың жалпы саны — 2117 адам. Экономикалық белсендi тұрғындар- 1223 адам, оның iшiнде жалдамалы қызметкерлер- 1043 адам, өзiн-өзi жұмыспен қамтылғандар- 176 адам, жұмыссыз- 6. Зйнеткерлер- 304, оның iшiнде жұмыс iстейтiндер- 12. Алтайское ауылында- 20 адам. Новокубанка ауылындағы мүгедек адамдардың саны-75 адам, оның iшiнде еңбекке жарамды- 27, оның iшiнде жұмыс iстейтiндер саны — 16, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар саны-11, мүгедек балалар саны- 10 адам.

2019 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 5 адам жiберiлдi. Оларға 1,2 млн. теңге көлемiнде жалақы төлендi. Округ бойынша 2019 жылы 38 отбасына яғни 181 адамға 12 315,45 мың теңге атаулы әлеуметтiк көмек төлендi.

"Бастау-бизнес" бағдарламасы аясында 13 адам оқып, сертификат алды, жалпы сомасы 18,31 млн.теңгеге көлемiнде 8 адам несие алды. "Жас кәсiпкер" бағдарламасы бойынша 4 адам оқу курсынан өттi.

Округ бойынша 6 нысан мүгедектерге арналып бейiмделген, олар «Новокубанка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, Новокубанка орта мектебi, «Астана», «Омега», «Байбесiк» дүкендер және «Новокубанское» ЖШС асханасы.

Округте: 2 ауылдық кiтапхана, 2 спортзал, Мәдениет үйi, Алтайское а. Клубы, Новокубанка ОМ, дәрiгерлiк амбулатория, «Гүлдер» балабақшасы, 2 спорт алаңдары, 1 балалар ойын алаңы, стадион, шағын наубайхана (уақытша жұмыс iстемейдi) 2 шаштараз, 2-СТО, 1 мал сою пунктi, 12 дүкен,10 ШҚ,

5-ЖШС, 36 ЖК, 1-АТС, 1-монша (Алтайское ауылында) жұмыс жасайды. Округтiң барлық кәсiпкерлерi үнемi демеушiлiк көмек көрсетедi (мүгедек балаларға сыйлықтар және т.б.).

Денсаулық сақтау

Адам капиталының сапасы көбiнесе денсаулық сақтау жүйесiнiң қаншалықты табысты жұмыс iстеуiне байланысты. Олай болса, адамның денсаулығын өмiр сүру қарқынының өсуi, сөзсiз артық жүктеме және басқа да жағымсыз факторлар жағдайында сақтау.медицина алдындағы мiндет екенi рас.

Ауылдық округте Новокубанка дәрiгерлiк амбулаториясы және Алтайское ауылының фельдшерлiк пунктi жұмыс iстейдi. Дәрiгерлiк амбулатория 2 дәрiгер терапевт, педиатр және орта мед.персоналдармен бекiтiлген. Ғимараты типтiк, АОА баланысында. Пешпен жылытылған, температуралық режим сақталаған, Жылыту маусымының соңына дейiн көмiр мен отын қоры бар. Ауыр науқастарды, жүктi әйелдердi және балаларды тасымалдауға арналған санитарлық автокөлiкпен қамтылған.

Дәрiгерлiк амбулаторияға, Алтайское, Раевка, Гуляй-поле, Егемен ауылдарының фельдшерлiк пунктiлер тiркелген. Округтегi эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Амбулаторияда дәрiхана бар, халықты дәрi-дәрмекпен «Коровина» ЖК жеке дәрiханасы қамтамасыз етедi. Үш төсек орынға арналған күндiзгi стационар бар.

Флюоро тексеру: жылдық жоспар бойынша 2351, 2248 тұрғын тексерiлдi (96%), оның iшiнде 533 жылжымалы флюороаппаратпен тексерiлдi. Туберкулез ауруының 3 жағдайы анықталды. Дәрiгер-маммограф 71 әйелдi тексерген. 2019 жылы 4236 пациент қабылданды, үйде — 126, күндiзгi стационарда — 62 пациент емделдi. 11 адамнан онкологиялық аурулар анықталды.

Бiлiм беру туралы

Қазақстан Республикасының Бiлiм беру жүйесiн дамытудың әрбiр кезеңiнде орындалуы қоғамның қазiргi заманғы талаптарына бағытталған мiндеттер тұр. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылымын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы жаңа бiлiм беру стратегияларын iске асыруға бағытталған.

Округ аймағында Новокубанка орта мектебi қызмет етедi. 1-11 сынып оқушылары- 296, дайындық сыныптары-2, оның iшiнде оқитын- 21.

1 сынып оқушылары- 44, 9 сынып- 25, түлектер саны- 42. Оқыту екi тiлде жүргiзiледi. Педагогтар саны- 42.

Сынып көрсетiлген ауысым саны: 2. ауысым. 1 ауысым-1,2,5,6,7,8,9,10,11 сыныптар; 2 ауысым– 2А, 4Б, 3А, 3Б сыныптар. Бiлiм сапасы -55%, үлгерiм -100%. ҰБТ қорытындысы бойынша 2004-2019 жылдары мектеп бойынша 3 түлек «Алтын белгi» иегерi, 3 түлек Ерекше үлгiдегi атттестаттар алды. Қамқорлықта- 4 бала. Ыстық тамақпен 100% қамтылған.

Кабинеттердi компьютерлендiру және жаңғырту бойынша үлкен жұмыстар жүргiзiлдi. Математика, география, қазақ тiлi кабинетiнде, 3 мультимедиялық комплект бастауыш буында жаңартылған бiлiм беру мазмұны бойынша сабақтар өткiзу үшiн интерактивтi жабдықтар орнатылды. 6 мультимедиалық жабдық бөлiндi.

Жыл сайын барлық мектептерiнде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiледi. Мектеп бойынша 150 жарық шамдары жарықдиодты шамдарға ауыстырылды. Жазда «Новокубанское» ЖШС көмегiмен шатырға, асханаға және акт залына жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Оқу жылы ағымында Алтайское, Новокавказское ауылдардан Новокубанка орта мектебiне оқушыларды тасымалдау жүзеге асырылады. Оқушылар саны-21. Тасымалдау көлiгiнiң ескiруiне байланысты үнемi көлiкпен тасымалдау проблемалары туындауда. Алтайское ауылының тұрғындары балаларды мектепке жеткiзу үшiн автокөлiк бөлу туралы бiрнеше рет өтiнiш бiлдiрдi.

Мектепке дейiнгi бiлiм беру МКҚК «Гүлдер» балабақшасы»

Новокубанка ауылында 90 орындық «Гүлдер» балабақшасы қызмет етедi. Балалар саны: 85 бала. Барлығы 3 топ, 1 топ мемлекеттiк тiлде және 2 топ орыс тiлiнде оқытылады. 2019 жылы 8 бала мектепке жiберiлдi. Қызметкерлер штаты толықтырылған. Балабақша орыналасу кезегi жоқ.

2019 жылдың 1-31 шiлде аралығында балабақша ағымдағы жөндеу жұмыстарға жабылды.Шағын косметикалық жөндеу, үй-жайдың iшiн күрделi жинау, төсектердi кептiру, спорт жабдықтарын сырлау жұмыстары жүргiзiлдi.

Шортанды ауданының ТКШ бөлiмiнiң және «Новокубанское» ЖШС көмегiмен канализация жүйесiнiң жаман су құдығы ауыстырылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Қарттар күнiне арналған кездесуге бұрын балабақшада жұмыс жасаған зейнеткерлер шақырылды. Жыл бойы тәрбиеленушiлер жергiлiктi, аудандық және республикалық конкурстарға белсене қатысып, 1, 2 ,3 дәрежелi дипломдармен марапатталады. 2019 жылы желтоқсан айында «Гүлдер» балабақшасы аудандық «Ерлiгi өшпес батырдың» байқауына қатысқаны үшiн 20 мың теңге сертификатқа ие болды.

Мәдениет және спорт

Новокубанка ауылында Ойын-сауық орталығы қызмет етедi. 550 орындық концерт залы бар. Мемлекеттiк мерекелерге арналған мәдени шаралар үнемi өткiзiледi. Вокал және эстрада көркемөнерпаздар үйiрмелерi, ардагерлер хоры, эстрадалық-цирк үйiрмесi жұмыс iстейдi. Жыл сайын аудандық «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы байқауына қатысады. «Арманай» вокалдық тобы және солистер Рыбак Надежда Моисеевна мен Сафин Равиль Нұрфаезовичпен бiрге аудандық бастауыш ардагерлер ұйымдарының байқауына, сондай-ақ ҰОС Жеңiсiнiң 75-жылдығына арналған Ақкөл қаласының өңiрлiк байқауына қатысты.

Алтайское ауылдық клубы

Ауылдық клуб 1966 жылы салынған «Новокубанское» ЖШС балансында тұр. Құрылыстың жалпы ауданы-258,4 м2. Клуб қанағаттанарлық жағдайда. 50 орындық көрермендер залы. Көркемөнерпаздар ұжымдары: би және вокалдық үйiрмелер жұмыс iстейдi. Клубта ауылдық кiтапхана орналасқан.

Новокубанка ауылында дене шынықтырумен айналысу үшiн 1 спорт кешенi, мектепте спорт залы, 1 стадион, 2 спорт алаңы, 2 Балалар ойын алаңы бар. Жыл сайын Социалистiк Еңбек ерi Кан Де Ханның кубогы ойнатылады. Спорт кешенi мен орта мектепте спорт секциялары жұмыс iстейдi: теннис, волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы, мини-футбол.

Қазақстан Республикасының Астанасы күнiне және Шортанды ауданының 80 жылдығына арналған «Ақ бидай- 2019» аудандық жазғы спартакиадасы шiлде айында Новокубанка ауылында өттi. Жазғы спартакиада спорттың 13 түрiнен өткiзiлдi: футбол, волейбол, баскетбол, жеңiл атлетика, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, асық ату, гiр спорты, қазақ күресi, үстел теннисi, отбасылық старттар, армрестлинг. Барлық өткiзiлген жарыстардың қорытындысы бойынша бiрiншi орынды Новокубанка ауылдық округiнiң командасы жеңiп алды. Барлық спорт түрлерi бойынша жеңiмпаз командалар аудан әкiмiнiң грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, «Новокубанское» ЖШС басшылығы жалпы командалық бiрiншi орынға ие болған Новокубанка округiнiң командасын 100 мың теңгеге ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Абаттандыру

Новокубанка ауылдық округiнiң аумағында 2019 жылы абаттандыру бойынша келесi жұмыстар жүргiзiлдi:

1. Новокубанка және Алтайское ауылдарға абаттандыру бойынша iс-шаралар жоспары әзiрлендi, оған елдi мекендерге кiру кезiнде стелаларды сырлау, көшедегi қоршауларды сырлау және iшiнара жөндеу, арам шөп шабу, стихиялық қоқыстарды шығару, жол төсемдерiн тегiстеу грейдирлеу кiредi.

2. Әр ұйымдарға учаскелер бекiтiлген. Сәуiр айынан қараша айына дейiн округ аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. 18 сенбiлiк, 19 таза бейсенбiлер өткiзiлдi, 190 тонна қоқыс шығарылды, 2 стихиялық қоқыс орыны жойылды. Жеке тұлғаларға 9 ескерту берiлдi. Барлық құқұқ бұзушылықтар мерзiмiнде жойылды. Ауылдық округте қоғамдық жұмыстарға 5 адам тартылды, олар көшелердi тазалаумен айналысады, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етiлген

3. Аялдаманы, балалар ойын алаңын және ауыл әкiмшiлiгiнде косметикалық сырлау жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. 2 жыл мерзiмге тұрғын үй құрылысына жер алған азаматтармен түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi. Жер учаскелерiн қоқыс пен арамшөптен тазарту жұмыстары жүргiзiлуде.

Ауылдық округте жеке IҚМ жаю бойынша үш табын ұйымдастырылған (Новокубанка а.- 2 табын, Алтайский а.- 1). Иттердi аулау және абаттандыру мәселелерi бойынша тұрғындармен тұрақты негiзде түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi. Ақпараттық стендтерде үй жанындағы және аула маңайын тәртiптi сақтау туралы хабарландыру орналастырылады.

Сумен жабдықтау, байланыс, электр қуаты, көлiк қатынасы

Новокубанка ауылында суөткiзгiштiк желiсi мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын «Шортанды СУ» балансында тұр. Новокубанка ауылын сумен қамтамасыз ету тәулiгiне 800 м3 дейiн су көтерудi жүргiзетiн үш ұңғымамен (2 жұмыс және 1 резервтегi) жүзеге асырылады. Округ бойынша су тарту колонкаларының саны-50, оның iшiнде жұмыс iстейтiндер — 36. 397 үй су құбырына қосылған, 188 үй колонкаларды пайдаланады. 2019 жылы Новокубанка ауылының су пайдаланушыларынан 3 млн. теңгеден астам қаражат жиналды, бiрақ қарыз адамдарда бар, олармен жұмыстар жүргiзiлуде. Алтайское ауылының су құбыры «Новокубанка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ-нiң балансында, «Шортанды су» қызмет көрсетедi.

Новокубанка ауылында телефон станциясы орналасқан. 60-тан астам қосымша радиотелефон радиоқатынауға қосылған, сондай-ақ 149 абонентке «Мегалайн» ғаламтор желiсi жүргiзiлген. Жалпы жоспар бойынша 2020 жылы байланыс сапасын жақсарту үшiн Шортанды Пригородный ауылдарына дейiн құрылыс жөндеу жұмыстары жасалады деп жоспарлануда. Телефонмен пайдаланатын жеке тұлғалардың саны: Новокубанка ауылында– 283, Алтайское ауылында — 21, заңды тұлғалардың саны-15. Барлық елдi мекендерде ұялы байланыс бар.

Ауылдық округтiң елдi мекендерiн «АЭҮК» Ақмола электржелiлiк тарату компаниясы қызмет көрсетедi. Электр энергиясымен қамтамасыз етiлмеген ауылдық елдi мекен жоқ. Қазiргi уақытта Кан Де Хан, Ыбырай Алтынсарин көшелерiнiң көше шамдарын орнату жұмыстары жүргiзiлуде.

Шортанды-Пригородное күнделiктi көлiк қатынасында проблемалар бар.

Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк

Халықтың қауiпсiздiгi бойынша жұмысты учаскелiк полиция инспекторы капитан Жұматаев Нұржан Ерланбекұлы жүзеге асырады. 2019 жылы 95 әкiмшiлiк материал ашылды, 4 қылмыс тiркелдi, 1 ашылмаған. МЕПМ-де емдеуде 2 адам бар. Есепке 7 адам қойылды, есептен шығарылғандар жоқ. Абаттандыру мәселелерi бойынша 8 ескерту берiлдi, барлық құқұқ бұзушылықтар мерзiмiнде жойылды. Ауылдық округ тұрғындарының өтiнiшi бойынша шұғыл шаралар қабылдануда. Округтегi жағдайды учаскелiк инспектор жақсы бiледi, көлiкпен қамтамасыз етiлмеген.

Ауыл шаруашылығы

2019 жылы жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшiн барлық жағдай жасалды. Халықтың жеке қосалқы шаруашылығында 2019 жылғы 1 қаңтарға:

IҚМ-677 бас, оның iшiнде сиыр — 399, қой мен ешкi — 1009 бас, жылқы — 237 бас, шошқа — 623; құс — 3096 бас.

Округ аумағында 5-ЖШС жұмыс iстейдi, оның iшiнде 4-ЖШС дәндi дақылдарды өсiрумен айналысады.

1) "Новокубанское" ЖШС, егiстiк алқабы — 34037 га, өсiрiлетiн дақылдар  — бидай, арпа, жасымық, сұлы, бұршақ және басқалар. 2019 жылы бидайдың жалпы түсiмi-19470 тоннаны құрады, бұл 13,04 ц/га құрайды

2) "Байкал Агро" ЖШС, егiс алқабы — 1081 га, өсiрiлетiн дақылдар-бидай. 2019 жылы бидайдың жалпы түсiмi 401 тоннаны құрады, бұл 9,4 ц/га құрайды

3) "Агро-Титан" ЖШС, егiс алқабы-367 га, өсiрiлетiн дақылдар — бидай. 2019 жылы бидайдың жалпы түсiмi 227,9 тоннаны құрады, бұл 6,2 ц/га құрайды

Округте 10 ШҚ жұмыс iстейдi, олар дәндi дақылдарды өсiрумен айналысады. 2019 жылы бидайдың жалпы түсiмi 4426,7 тоннаны құрады, бұл 12,6 ц/га құрайды

Новокубанка ауылдық округi аудан және облыс аумағында өткiзiлетiн ауылшаруашылық жәрмеңкесiне үнемi қатысады.

Елдi мекен тұрғындары сүттiң артығын жеке кәсiпкер Харсиевке 1 литрiне 95 теңгеден тапсырады.

Ауылдық округi әкiмi аппаратының қызметi

Мемлекеттiк қызмет көрсету әкiмi аппараты қызметiнiң маңызды бағыттарының бiрi болып табылады

«Новокубанка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ мемлекеттiк қызметтердiң 6 түрiн ұсынады:

1) Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну

2) Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру.

3) Елдi мекендер шегiнде объектiлер салу үшiн жер учаскелерiн беру;

4) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн, мемлекеттiк меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу)

5) Бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жекеменшiкке сату

6) Жер учаскесiн алу үшiн кезекке қою

2019 жылы округ әкiмi аппаратымен барлығы 294 нотариалдық iс-әрекет көрсетiлдi.

Азаматтардың өтiнiштерi.

Апта сайын әр сәрсенбi және бейсенбi күндерi жеке мәселелер бойынша азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау ұйымдастырылады. Жыл басынан 17 адам қабылданды. Барлық өтiнiштер қаралды 9 қанағаттандырылды, 1- бас тартылды , 7 — түсiндiрiлдi.

Округтiң әр түрлi мәселелерi бойынша 11 жиыналыс өткiзiлдi.

Қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне күзгi шақыру басталды. Округте әскерге шақырылатын 27 жасөспiрiм бар. ҚР Қарулы Күштерi қатарына үш жас жiгiт шақырылды. Шортанды ауданының әскери комиссариатына шақырылушылардың келуiн қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Ағымдағы жылдың қаңтар айында 2003 жылғы бозбалаларды 7 адамның әскери учаскесiне тiркеу басталды, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың ата-аналарымен кездесу және әңгiмелесу үшiн ауданның ҚIБ қызметкерлерiнiң округке шығуы өткiзiлдi.

2019 жылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына трансферттер түсiмдерi мен шығыстарының сомасы 15 845,212 мың теңгенi құрайды. МӘМ шотына салық түсiмдерi-5 477,4 мың теңге. 2019 жылы бекiтiлген бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспары 15 851 мың теңгенi құрады, бюджеттiң шығыс бөлiгi 100% игерiлдi. «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы шеңберiнде өңiрлердiң экономикалық дамуына жәрдемдесу жөнiндегi шараларды iске асыруға 1877 мың теңге, игерiлдi.

2019 жылы келесi жұмыстар жүргiзiлдi:

1. Новокубанка ауылының кiре берiсiне киiз үй макетi орнатылды.

2. «Новокубанское» ЖШС күшiмен Новокубанка 3 ауылының кiрме жолдарының жол төсемiн грейдерлеп тегiстеу және қиыршық құм себу жүргiзiлдi. Новокубанка ауылының демеушiлерiнiң көмегiмен үш көшеде тақтайшал орнатылды.

4. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарттар күнiне орай 65 жас және одан үлкен зейнеткерлер, қарттар мен мүгедектер күнiне арналған мерекеге орай кафелерге шақырылып құрмет көрсетiлдi. Новокубанка ауылында 86 зейнеткерге 144844 теңге сомасында қайырымдылық түскi ас өткiзiлдi. Сондай-ақ, "Новокубанское" ЖШС бұрын ұйымда жұмыс iстейтiн 44 зейнеткерге жалпы сомасы 88000 теңге материалдық көмек көрсеттi. "Ремтраксервис" ЖШС бұрын ұйымда жұмыс iстейтiн 10 зейнеткерге жалпы сомасы 20000 теңгеге материалдық көмек көрсеттi. Новокубанка дәрiгерлiк амбулаториясының қызметкерлерi бұрын ұйымда жұмыс iстейтiн 17 зейнеткерге 20000 теңгеге азық-түлiк жиынтығын табыс еттi. 5. МЖӘ аясында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны ысырып үйу жұмыстары жасалды . 6. Шiлде айында бiздiң округ аумағында өткiзiлетiн спартакиада қарсаңында кiре берiс жолы мен Кан Де Хан көшесiне демеушiлер көмегiмен ескi асфальт төселдi. Шөп шабылып, стадион қоршаулары сырланды.

7. Ветсервис бөлiмiнiң мамандарымен қаңғыбас иттердi аулау жұмыстары жүргiзiлдi.

2020 жылға арналған жоспарлар

1. Көше шамдарын орнату бойынша жұмысты жалғастыру

2. Осы жылы бөлiнген қаржыға Новокубанка ауылының иесiз электр желiлерiн ресiмдеу жоспарлануда.

3. Елдi мекендердi абаттандыру бойынша жұмысты жалғастыру

4. «Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз» ету бағдарламасы шеңберiнде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына үйу жұмыстары жүргiзiлетiн болады 5. Кентiшiлiк жолдарды ағымдағы жөндеу

6. Балалар ойын алаңы аумағында бейнебақылау орнату

7. Алтайское ауылының су құбыры желiлерiн ағымдағы жөндеу жасау.

Құрметтi жерлестер алдағы жыл барлығымызға берекелi де табысты жыл болсын!

Назарларыңызға рақмет!

Мақаланың шыққан күні: 29.01.2018 09:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.02.2020 13:09
Қаралым саны: 1741

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz