A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Дамса селолық округі әкімінің есебі

Дамса ауылдық округi әкiмiнiң 2017 жылы атқарылған жұмысының есебi және 2018 жылға қойылған мiндеттерi

Құрметтi округ тұрғындары!

Сiздермен бүгiнгi есеп беру кездесу Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 05 ақпандағы № 190 Жарлығын жүзеге асыру шеңберiнде өткiзiлуде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 31қаңтарда Қазақстан халқына «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» Жолдауымен үндеу жасады, Елбасы Қазақстанның үшiншi жаңғыруын жүзеге асыру туралы тапсырма жүктедi. Елдiң жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ететiн экономикалық өсiмнiң жаңа моделiн құру қажет.

Табысты өткен екi жаңғыру арқылы баға жетпес тәжiрибе жинақтадық. Бiз ендi алға батыл қадам басып, Үшiншi жаңғыруды бастауға тиiспiз.

Бұл жаңғыру — қазiргi жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенiмдi көпiр болмақ. Ол Ұлт жоспары — «100 нақты қадам» базасында өткiзiледi.

97-қадам. Өзiн-өзi реттеу мен жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту арқылы АЗАМАТТАРДЫҢ ШЕШIМДЕР ҚАБЫЛДАУ ҮДЕРIСIНЕ ҚАТЫСУ МҮМКIНДIГIН КЕҢЕЙТУ. МЕМЛЕКЕТКЕ ТӘН ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕРДI БӘСЕКЕЛЕСТIК ОРТАҒА және өзiн-өзi реттеушi ұйымдарға беру. Үкiмет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтердi қысқарту есебiнен неғұрлым ықшам бола түседi.

98-қадам. Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейiнде ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУДЫҢ ДЕРБЕС БЮДЖЕТI ЕНГIЗIЛЕТIН БОЛАДЫ. Облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиiстi бюджеттiк жобаларын талқылауға қатысуының тетiктерi жұмыс iстейдi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен Қазақстан Республикасында жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту Тұжырымдамасы бекiтiлдi, тұжырымдамаға сәйкес Қазақстанда жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды екi кезеңмен дамыту көзделуде:

1.Бiрiншi кезеңде (2013-2014 жылдары) басқарудың төменгi деңгейлерiнде қолданыстағы жүйенiң әлеуетiн кеңейту және басқару мен қаржыландырудың тетiктерiн iс жүзiнде пысықтау жөнiндегi шаралар жүзеге асырылатын болады. Бұл шаралар жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды одан әрi дамыту үшiн негiзгi алғышарт болып табылады.

2.Екiншi кезеңде (2015-2020 жылдары) жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың функцияларын одан әрi бөлу мәселелерi, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының бюджетi мен меншiгiн қалыптастыру, сондай-ақ ауылдық округтардың деңгейiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi оңтайландыру мәселелерi пысықталатын болады.

Дамса ауылдық округiнiң құрамына үш елдi мекен кiредi: 2286 адамы бар Дамса ауылы, 1386 адамы бар Степное ауылы, 1271 адам халқымен Научный кентi. Халықтың жалпы саны — 4943 адам.

Есептiк мерзiмде округ аумағында келесi жұмыс атқарылды

Дамса ауылдық округiнде кездесулер мен азаматтардың жиындары өткiзiлдi:

1. 2016 жылға әрбiр елдi мекеннiң халқымен округ әкiмiнiң есеп беру кездесулерi;

2. Ағымдағы мәселелер бойынша округ азаматтардың жиындары. Научный кентiндегi 4 көшенiң атауын ауыстыру (Березовая роща, Новая, Садовая және Юбилейная); Научный кентiн абаттандыру бойынша Научный кентiнiң тұрғындарының Шортанды ауданы әкiмiмен кездесуi; Дамса және Степное ауылында мал жою; округтың елдi мекендерiн абаттандыру.

Дамса ауылдық округiн абаттандыру бойынша 2017 жылы келесi жұмыс жүргiзiлдi:

1. Елдi мекендердi абаттандыруға 100 мың тг (құрал-сайман, сыр, әк сатып алуға) бөлiнген.

2. Дамса ауылы мен Научный кентiнде көп қабатты үйлердiң жанындағы қысқы мерзiмнен кейiн қоймалар жойылды  — 3600 тонна бөлiнген бюджеттiк қаражаттың есебiнен 500 мың теңге сомасына.

3. Округтың елдi мекендерiнiң автокөлiк жолдарын қардан тазарту үшiн 500 мың теңге бюджеттiк қаражат бөлiнген. «Сағым Бидай» ЖШС, «А.И. Бараев атындағы АШ ҒӨО» ЖШС, «Табиғат ТР» ЖШС, «Али-Нұр» ЖШС меморандумдар жасалған.

4. Тартылған қаражат және автокөлiк есебiнен округ аумағының құраған шөбi кесiлдi: барлығы 58 ағаш, ағаштардың басы тегiстелдi, жас өсiмдiктер жойылды.

5. «Жасыл аймақ» РМК директоры Валерий Геннадьевич Леонтьев атынандемеушiлiк көмегi арқасында округ әкiмi аппараты мамандарымен 600 данадан астам вяз, алма, қайың көшеттерi отырғызылды, сондай-ақ округ ауылдары тұрғындарына отырғызу үшiн таратылды.

6. Тартылған қаражаттың есебiнен көктемгi — күзгi мерзiмде бiр неше мәрте округ ауылдарында ағаштар ақталды, 200 ағашқа жуық.

7. Округтiң барлың ұйымдары мен мекемелерiнiң, халықтың қатысуымен 20 сенбiлiк өткiзiлдi.

8.Апта сайын округ аумағында «таза бейсенбiлiктер» өткiзiлдi.

9.Округтiң ұйымдары мен мекемелерi, кәсiпкерлерi өз ғимараттары мен дүкендерiнiң, оған iргелес аумақтарының сыртқы келбетiн тәртiпке келтiрдi (12 ғимарат), гүл бақшалар жайластырды (17).

10. Ауылдардың көшелерi бойынша бiр неше мәрте абаттандыру бойынша рейдттер өткiзiлдi, қылжақ иелерiне ескертулер табыс етiлдi (820 ескерту табыс етiлдi). Иелердiң көпшiлiгi ескерту алғаннан кейiн iргелес аумақтарын тәртiпке келтiрдi.

11. Тартылған қаражаттың және округ кәсiпкерлердiң демеушiлiк көмегi есебiнен округ әкiмi аппараты мамандарының күшiмен «Табиғат ТР» ЖШС, «А.И. Бараев атындағы АШ ҒӨО» ЖШС, «Сағым бидай» ЖШС, ЖК Шабуны С.А. техникасын тартумен ең проблемалық жерлерде округтiң елдi мекендерiнде жарым-жартылай көшелер тегiстелдi.

12. Научный кентi мен Дамса ауылы көше жарықтандыру шамдарын айырбастау бойынша ұдайы жұмыс жүргiзiлуде. Көше жарықтандыруға қызмет көрсетуге 200 мың теңге бөлiнген.

13. Жол-пайдалануды басқару (ЖПБ) — 86, «А.И. Бараев атындағы АШ ҒӨО» ЖШС, қоғамдық жұмысшылар мен Дамса ауылының тұрғындарының күшiмен бiрнеше мәрте шөп шабу жұмысы жүргiзiлдi.

14. «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша Дамса орта мектебiне 4 млн. 178 мың теңге бөлiнген.

1.Дамса ауылында пайдалануға беру үшiн футбол алаңы мен футбол алаңының маңында жүгiру жолы (грейдерленген және құм-тас төселген) дайындалған. Жаңартылған футбол алаңында футболдан жолдастық кездесулер өткiзiлген.

2.Дамса ауылының Достық көшесiндегi №30 үй мен Бараев көшесiндегi №16 үй маңында, көп қабатты үйлер үйлер ауданында ойын кешенi орнатылған.

3.Степной ОМ мектебiнiң аумағына жаттығу алаңы орнатылған.

4.2 және 3 жобаны жүзеге асыруда үнемделген қаражаттың есебiнен футбол қақпасы сатып алынған (2 дана) және Дамса ауылы мен Научный кентiнде қураған шөптер кесiлдi.

5.1 жобаны (футбол алаңы мен футбол алаңының маңында жүгiру жолын орнату) жүзеге асыруда үнемделген қаражаттың есебiнен «Донец» бөгетiнiң денесiне ағымдық жөндеу мен Дамса ауылы мен Научный кентiнде 4 түрлi жол белгiлерi орнатылған: «басты жол», «жол бер», «жаяу жүргiншi жолы» және «жылдамдықты 40 км шектеу»

6.Окург әкiмi аппаратының мамандары, Институт Ом қызметкерлерiнiң күшiмен 2017 желтоқсанда және 2018 жылы қаңтардың басында хоккей кортын құюы жүргiзiлдi. Хоккей корты қазiргi күнде жұмыс iстеп тұр.

7.Округ кәсiпкерлерiнiң «Дамса ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ ҚБШ еркiн ақшалай қаражат түсiмiнiң есебiнен төмендегi iс-шаралар атқарылды:

1)Дамса ауылдық округiнiң спортшылары үшiн саны 20 дана спорттық костюм мен бейсболка сатып алынды.

2)2017 жылғы 1 қазанға 70 жастағы және одан асқан зейнеткерлерге, 1, 2 топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетiлген.

3)Научный кентiдегi хоккей кортын құю үшiн орталық су трассасына қосылатын шүмек ойылған.

4)Дамса ауылының «Достық» вокальдық тобына көйлек тiгу үшiн мата сатып алынған.

5)Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары үшiн сыйлық жиынтықтары сатып алынып, 2017 жылы 26 желтоқсанда аниматорларды шақырумен жаңа жылдық мереке өткiзiлдi.

6)«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша смета дайындалған.

7)Округ әкiмi аппаратының қоғамдық жұмысшыларының күшiмен 428 шақырымдағы т\ж перроны және Дамса ауылындағы автокөлiк көпiрiнiң тунелi боялған.

Зейнеткерлермен жұмыс

1.9 мамырға iс-шаралар өткiзiлдi: концерт пен митинг өткiзумен Дамса ауылы мен Степное ауылының қаза болғандардың ескерткiштерiне кәрзеңкелер мен гүл қойылды. Iс-шараларға округтiң кәсiпорындары мен мекемелерi қатысты. 37 тыл ардагерi көңiл аударумен қамтылды.

2.1 Қазанда Дамса ОМ, Степное ОМ және Институт ОМ және музыка мектебiнiң акт залдарында қарт адамдар мен мүгедектердi құрметтеу мерекесi өткiзiлдi: мерекелiк концерт, құттықтау. Қарт адамдар мен мүгедектердi құрметтеу мерекелерiн өткiзу округ аумағында әрекет ететiн ұйыидар мен мекемелер, кәсiпкерлердiң Дамса ауылдық округi әкiмi аппаратының өзiн өзi басқарудың қолма қол ақшаны бақылау шотына сомасы 925 мың тг. қаражат аударуының арқасында мүмкiн болды, оның есебiнен сомасы 541 мың тг. зейнеткерлер және мүгедекдiң есеп шоттарына аударылған.

Қарт адамдар мен мүгедектердiң күндерiн мерекелеу аясында Дамса ауылында «Махаббат — отбасының белгiсi» отбасы күнiн өткiзу қалыптасқан. Мерекенi өткiзуге Научный кентiнен Буряковтардың, Дамса ауылының Мажитовтар мен Чернышовтардың отбасы қатысты, байқаулар өткiзiлiп, қатысушылар мараттаулар мен сыйлықтарға ие болды.

70 жастан асқан 332 зейнеткер мен 1-2 топтағы 72 мүгедек пен мүгедек балалар қамтылды.

Iс — шараларға қатысу

1.Алдымен округтiң елдi мекендерi бойынша көркем өнерпаз байқауына белсендi қатыстық (округтiң барлық ұйымдары қатысты), үздiк нөмiрлер аудандық байқауға таңдалды.

2.Округтың спортшылары ауданның барлық спорттық iс-шараларына белсене қатысты: Президенттiк миляға, шахмат турнирлерiне, футзал бойынша жарыстарға қатыстық. «Ақ бидай» аудандық спартакиадасыда жалпы командалық 6 орынға ие болдық, футбол, волейбол, баскетбол командалары, балуандар, шахматшылар, жеңiл атлеттер. Аудандық спартакиадаға 85 адам қатысты.

3.Жастар ресурстық орталығы ауданда өткiзген iс-шарасы 8-наурыздағы «Шортанды аруы» байқауына қатыстық. Институт ОМ мұғалiмi — Дашкевич Елена Сергеевна қатысып, 2 орынға ие болды.

4.Научный кентiнiң музыкалық мектебiнiң алаңында Наурыз мейрамын мерекелеу өткiзiлдi. Округтың барлық мекемелерi мен ұйымдары Қазақстан халықтарының ұлттық тағамдарын әзiрлеп, жиналғандарды тегiн тамақтандырып, шығармашылық өнерлерiн көрсетiп қатысты, мереке қатысушылары сыйлықтар мен мадақтамалар табыс етiлдi. Мерекенi өткiзуге үлкен көмек көрсеткен окург демеушiлерi — округ кәсiпкерлерi болды.

Дамса ауылдық округiнiң экономикалық қызметiнiң дамуы

1. Агентство — 888 ЖК Дамса ауылының өзенi жағасындағы демалыс аймағының құрылысы — 50 орынға қонақжай ғимараты, дайындығы — 90%. 2017 жылы Дамса өзенiнiң бойында жағажай iске қосылды, виб үйлер салынған, жағажай аумағы абаттандырылуда, декоративтiк өсiмдiктер отырғызылған, сусындарға арналған бар орнатылған. Қысқы уақытта монша жұмыс iстейдi. 2018 жылы Дамса өзенiнiң бойында заманауи жағажайды iске қосу жоспарлануда. 25 жұмыс орны құрылатын болады.

2. Қазiргi заманға сай жол бойынша қызмет көрсету объектiнiң құрылысы аяқталды (мотель, дәмхана) «Нуратай-НС» ЖШС, «Синдбад» дәмханасы жұмыс iстейдi. 16 жұмыс орны құрылды.

3. Хлубная ЖК газ толтыру станциясы орнатылды және 2017 жылдан бастап Дамса ауылының «Бахыт» шағын ауданында жұмыс iстеп тұр.

4. 2017 жылы кәсiпкер И.Н. Жукова Дамса ауылындағы 30 орындық монша ғимаратының iшi мен сыртына күрделi жөндеу жүргiздi, аталшын ғимарат 2010 жылы аукционда И.Н. Жукова сатып алған болатын. 2018 жылы монша жұмыс iстей бастайды, монша маңының аумағы абаттандырылады.

5. Кәсiпкер Хуаншбек Мейрамбек Степное ауылындағы жауынгерлер ескеркiшiнiң маңындағы бос тұрған ғимарат сатып алынған, 2017 желтоқсанда 90 орындық «Ай Жадыра» дәмханасы ашылды.

6. Дамса ауылында жалға алынған ғимаратта кәсiпкер М.В. Скуповский «Мир игрушек» дүкенiн ашты.

Әлеуметтiк сала

Есептiк мерзiмде 9 мамырға, Конституция Күнiне, Қазақстан халқы тiлдерi күнiне, Отбасы күнiне, Президент күнiне, Тәуелсiздiк күнiне, Жаңа жылға мерекелiк iс-шаралар өткiзiлдi.

2017 жылы Дамса ауылында 27 адам туып, 23 адам қайтыс болды, Степной аулында және Научный кентiнде 49 адам туып, 22 адам қайтыс болды.

2017 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне 35 адам өтiнiш бiлдiрдi, 23 адам жұмысқа орналастырылды, олардан әлеуметтiк жұмыс орнына — 5 адам, жастар тәжiрибесiне — 2 адам, Жұмыспен қамтудың жол картасының 1 бағыты аясында — 5 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздар қатарынан 17 адам тартылды.

Барлық еңбекке жарамды жастағы мүмкiндiгi шектеулi адамдардың саны 55 адам, 16 жасқа дейiнгi балалар  — 17 адам. Барлығы әлеуметтiк жәрдемақы алады.

2017 жылы округ бойынша МБЖ алуға 12 отбасы өтiнiш бiлдiрген.

Кәсiпкерлiк және бизнес

Округ аумағында 42 шағын бизнес объектi iс әрекет жасайды. Халыққа қызмет көрсету саласында 15 нысан қызмет жасайды.

«Давыдов А.В.» ЖК жалдамалы ғимаратында «У девчат» дүкенi ашылған, дүкен азық-түлiк сатады.

Мемлекеттiк қызметтер

Мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлуi ауылдық округi әкiмi аппараты қызметiнiң маңызды бағытының бiрi болып табылады.

«Дамса ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ 5 түрлi мемлекеттiк қызметтер көрсетедi.

1)«Шалғайдағы ауылдық елдi-мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну».

2)«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» — 160 ЖҚШ бары туралы анықтама берiлген, оның 21 қағаз түрiнде.

3)«Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру» — 4 жер учаскесi берiлген.

4)«Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру».

5)Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу

2017 жылы бiзбен баламалы 45 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, олардан 45 — ЭҮП арқылы.

Барлығы 2017 жылы округ әкiмi аппаратымен 129 нотариалдық iс — әрекет көрсетiлдi.

Азаматтардың өтiнiштерi

2017 барлығы азаматтардың 162 өтiнiшi қабылданды, олардан 7 заңды тұлғалардың және 155 жеке тұлғалардың өтiнiштерi. Барлық өтiнiштер көрсетiлген мерзiмде қарастырылды.

Округтiң тiршiлiк әрекетiнiң әртүрлi мәселелерi бойынша азаматтардың 19 жиыны өткiзiлдi.

Тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi

Ауыз су үздiксiз берiледi. Жөндеу жұмыстары жүргiзiлетiн болса халық алдын ала хабардар етiледi. Аудан бюджетiнен бөлiнген 49 млн. теңгеге БФС жөндеу жұмысы жүргiзiлген, нәтижесiндер бiздер жағымсыз исi мен әгi жоқ таза су iшiп отырмыз.

Кәрiз жүйесi. Орталық трассаны тазарту бойынша уақытылы профилактикалық жұмыстар жүргiзiледi. 2017 жылы Дамса ауылы мен Научный кентiнде кәрiз жүйесiнiң қайта жаңартылуы жүргiзiлдi: Научный к. мен Дамса а. 2 КНЖ қайта құрылды, сонымен қатар ұзындығы 2,3 км кәрiз коллекторының қысымы жалпы ұзындығы 4,6 км қос тармақ жөнделдi: 1- негiзгi трасса, 2-қосымша. 2 модульдi КНЖ, суға төзiмдi материалдан жер асты сулары мен химиялық заттардың әсерiне төзiмдi жер асты резуарлары орнатылды. Тұрбаның диаметрi 160 мм. КНЖ сыртынан сендвичпанельмен қамталған. Бюджеттен осы мақсатқа 102 млн.теңге бөлiнген.

2017 жылы 17 су құбырының жарылуы мен Дамса ауылында 40 кәрiз құдығы және Научный кентiнде 30 құдық тазаланған.

Жылыту маусымы. Бүгiнгi күнi округтiң әлеуметтiк — мәдени объектiлерi мен мекемелерi үздiксiз режимiнде жұмыс iстеуде, барлығында отынның айлық қоры бар.

Келешекке жоспар

«Өңiрлердi дамыту» Бағдарлама бойынша бiздiң округтiң проблемалары шешу үшiн 4,178 млн.теңге бөлiндi.

Жоспарлануда:

1.Дамса ауылдық округi Дамса ауылы Достық көшесi жолының ағымдық жөндеуi.

2.Дамса ауылында «Балауса» бала бақшасына жеңiл автокөлiктiң кiруi үшiн тұрақ алаңын орнату Құрмет көшесi бойынша паребирка (ернеу) орнатуымен.

3.Дамса ауылдық округiндегi қураған шөптердi кесу.

4.Степное ауылы мен Шортанды кентi арасындағы көпiрдi су өткiзу тұрбаларын орнату арқылы ағымдық жөндеу.

5.Елдi мекендердi абаттандыру бойынша жұмысты күшейту (көшет отырғызу, халықпен жұмыс, сенбiлiктер өткiзу).

6.Научный кентiнен абаттандыру бойынша үлгiлi көрсеткiштiк кент жасау.

7.Ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға атсалысу, өзiн жұмыспен қамтыған тұрғындарды тарту.

Құрметтi тұрғындар, Сiздердi бiздiң ауылдық округi игiлiгi үшiн бiрлескен жемiстi жұмысқа белсене қатысуға шақырамын.

Әлеуметтiк серiктестiктерi үшiн «А.И.Бараев атындағы ғылыми өндiрiстiк орталық» ЖШС, «Табиғат ТР» ЖШС алғыс айтқым келедi. Бұл ұйымдар округтың әлеуметтiк мәселесiн шешуде үлкен көмек көрсетедi.

Мақаланың шыққан күні: 29.01.2018 09:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.01.2018 09:57
Қаралым саны: 1497

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz