A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Бозайғыр селолық округі әкімінің есебі

Құрметтi Бозайғыр ауыл тұрғындары!

Сiздерге есеп беру жиынына келгендерiңiзге рахмет айта отырып, келген Жаңа жылыңызда дендерiңiзге саулық, отбастарыңызға амандық, береке тiлеймiн!

Демография

2020 жылдың 1 қаңтарында ауылдық округ бойынша тұрғындар саны — 5028 адам құрады, оның iшiнде Бозайғыр ауылында — 3550, Ключи ауылында — 554 адам, Төңкерiс станциясында — 924 адам. 2018 жылы 77 сәби дүниеге келсе, 2019 жылы — 78 сәби дүниеге келдi.

Ауылдық округте халық саны жыл сайын өсуде, 2019 жылы 21 үй салынып, 22 отбасы көшiп келдi.

Жыл басынан берi 375 азаматқа жеке қабылдау жасалды: тұрғын үйлерге су тарту, көше жолдарының жағдайы, жұмысқа орналасу, әлеуметтiк сұрақтар бойынша, жер мәселелерi т.б .

Жеке тұлғалардан 204 және заңды тұлғалардан 10 жазбаша өтiнiштер қабылданды. Барлық өтiнiштер көрсетiлген мерзiмдерiнде қаралды.

Бозайғыр ауылдық округi әкiмнiң аппаратымен 2019 жылы 240 мемлекеттiк қызметтер көрсетiлдi:

• Жер телiмнiң мақсаттық тағайындауын өзгертуге  — 2 қызмет

• «Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткiзудi талап етпейтiн, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқық алу» — 59 қызмет көрсетiлдi.

•Жер учаскесiне тiзiмге қою — 150 қызмет

•Оқушыларды тегiн тасымалдауға  — 29 қызмет көрсетiлдi.

Бiлiм беру

Округте 2 орта және 1 негiзгi бiлiм беру ордаларында 905 оқушы бiлiм алып жатыр.

2019 жылы Ұлттық Мемлекеттiк Тестiлеуден 13 оқушы өттi, яғни жалпы үлгерiм 80,1 %, оның iшiнде 5 мектеп түлегi мемлекеттiк грантқа ие болып, жоғары оқу орнына түстi.

Округтiң бiлiм беру мекемелерiнде 171 оқушы тегiн тамақпен қамтамасыз етiлген.

Мектеп-интернат колледжiнде 169 студент, оның iшiнде «Серпiн» бағдарламасымен 17 студент бiлiм алуда. 2019 жылы үш мамандық бойынша «программист», «есепшi», «дәнекерлеушi» бiлiм беру топтары ашылды.

2019 жылы Бозайғыр орта мектебiне күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, жалпы соммасы 160 млн.тенге, жылу беру жүйесiнде бiр насос және су жылытқыш қазандығы ауыстырылды.

Барлық бiлiм ордаларында жылу орталықтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Төңкерiс негiзгi мектебiнiң спортзалында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, құрылыс материалдарымен «Шын Нұр-Астана» ЖШС директоры Узбаканов Асылбек Солдатбекұлы көмек көрсеттi.

Сонымен қатар, Төңкерiс мектебiнiң қамқоршылық Кеңесiнiң төрағасы «ХПП Тоңкерiс» ЖШС директоры Стороженко Василий Владимирович оқушыларға музыкалық аппарат, проектор, 2 микрофон және спорттық жабдықтарын сыйға тартты.

Бозайғыр ауылы мен Төңкерiс станциясы бойынша балабақша кезегiнде 224 бала тұр, мектеп жасына дейiн 852 бала бар.

Төңкерiс станциясында балабақша құрылысы жүргiзiлiп жатыр, құрылыстың аяқталуы 2020 жылдың аяғында жобалануда.

Денсаулық сақтау

Адамның ең басты байлығы — ол денсаулық.

2019 жылы Бозайғыр дәрiгерлiк амбулаториясында 6 скринингтiк тексерiстер жүргiзiлдi.

Флюротексерiстен 634 адам, маммография тексеруден 295 әйел өттi, онкология ауру есебiнде 20 адам тiркелген.

Наркологиялық есепте 22 адам есепке алынған.

Бозайғыр дәрiгерлiк амбулаториясында 1 дәрiгер педиатр, 8 медбике, бiр әлеуметтiк қызметкер жұмыс атқарады.

2019 жылы жалпы соммасы 4 млн. 810 мың 523 теңгеге жеңiлдетiлген бағамен дәрi-дәрмек берiлдi.

Бозайғыр ауылында 3 елдi мекенге қызмет көрсететiн медициналық жедел жәрдем көрсету станциясы ашылды.

Бозайғыр дәрiгерлiк амбулаториясының құрамына екi медициналық пунктi кiредi (Ключи ауылы және Төңкерiс станциясы)

Қазiргi таңда ең басты мәселенiң бiрi — ол дәрiгер мамандарының тапшылығы болып отыр.

Әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту

Бозайғыр ауылдық округiнiң әлеуметтiк картасы бойынша жалпы тұрғындар саны 5028 адамды құрайды, оның iшiнде жұмысқа қабiлеттi  — 2699 адам, зейнеткерлер — 380, мүмкiндiгi шектеулi адамадардың саны -78 адам, оның iшiнде 14 — балалар.

2019 жылы атаулы әлеуметтiк көмек 30 отбасына көрсетiлдi, жалпы соммасы 40 млн.496 мың тенге.

Округте 3 әлеуметтiк қызметкер жұмыс iстейдi, олар 3 жалғыз басты зейнеткерлерге және 1 мүмкiндiгi шектеулi мүгедек балаға қызмет жасайды.

2019 жылы мұқтаж жандарға жалпы соммасы 982 мың теңгеге әлеуметтiк төлемдер жасалды.

9 мамыр Жеңiс күнiне Бозайғыр ауылында салтанатты жиын өткiзiлiп, тыл еңбеккерлерiне концерт ұйымдастырылып, азық түлiк дорбалары берiлдi.

Қарттар мен мүмкiндiгi шектеулi жандарды қолдау айлығында барлық мекемелерде кездесулер мен концерттер өткiзiлдi.

01 қазан күнi мектеп интернат колледж асханасында қайырымдылық кеш ұйымдастырылды, дастархан жайылып, концерт өткiзiлдi.

45 жалғыз басты мүгедек зейнеткерлерге азық-түлiк дорбалары таратылды. Осы iс-шараларға демеушiлiк көмек жасағандар: «ХПП Төңкерiс» ЖШС, «Бозайғыр» ЖШС, ЖК «Лисман», ЖК Блинкова, ЖК «Аушахметова», ИП «Жумаханов», ИП «Сердалин».

ТОО «Төңкерiс» басшысы Сыздықов Ильяс Жамбылұлы 60 зейнеткерге 5 мың тенге көлемiнде ақшалай көмек бердi.

Округ мекемелерi жанынан «Жас ұлан» командасы жұмыс iстейдi. Олар жалғыз басты қарттарға, мүмкiндiгi шектеулi қарияларға көмектеседi. Жас ұрпақ қарттарды құрметтеп, аға ұрпақ алдындағы борыштарын ешқашанда ұмытпайды.

Сонымен қатар, жаңа жыл қарсанында жеке кәсiпкерлердiң қолдауымен Бозайғыр орта мектебiнде мүмкiндiгi шектеулi балалар мен 6-жасқа дейiнгi балабақшаға бармайтын бүлдiршiндерге жаңажылдық шырша өткiзiлдi. Соңынан балаларға тәттiлер таратылып, мерекелiк дастархан жайылды.

Кәсiпкерлiк

2020 жылдың 01 қаңтары бойынша округiмiзде 139 жеке кәсiпкерлер тiркелген, 151 адам жұмыспен қамтылған.

Округiмiзде 24 дүкен, 3 дәрiхана, 1 жол бойында қызмет көрсететiн кешенi, 1- тұшпара шығаратын цех, 1 — наубайхана, 1 кафе, 1 тойхана, 2 шаштараз, 1 сауна, 1 — СТО, 1 — қоғамдық монша жұмыс iстейдi.

2019 жылы 4 жаңа объектiлер ашылды:

1.ЖК Кошметов — «Балқантау» тойханасы, 3 жұмыс орны ашылды

2.ЖК Жумаханов — «Айбат» кешенi, 3 жұмыс орны

3.ЖК Мейрамов Нұрлан — Ключи ауылында қоғамдық моншасын ашты, 2 жұмыс орнын ашты

4.ЖК Нұрғазы Т. — Газозаправка бекетi — 1 жұмыс орны

«Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктiң жаңа бағдарламасы» бойынша 2019 жылы кәсиби мамандығына 13 адам оқыды, 2 адам жастар тәжирибесiнiен өттi. «Бизнес бастау» және «Жастар» бағдарламасы бойынша — 12 адам оқып, сертификат алды.

-қоғамдық жұмыстарға — 9 адам қабылданды.

- бағдарламаның екiншi бағыты бойынша 3 жеке кәсiпкер 250 мың соммасында мемлекеттiк грантқа ие болды.

- өз кәсiптерiн дамытуға 11 адам жалпы соммасы 52 млн. 800 мың тенге несиеге ие болды.

Ауыл шаруашылығы

Округ бойынша ауыл шаруашылық саласында 38 жеке шаруа қожалықтары, 12- Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, және 415 жеке қосалқы шаруашылығы бар аула тiркелген.

2020 жылдың 1 қаңтарында мал басы: IҚМ — 2140 бас, ҰҚМ -5445 бас, жылқы — 2850 бас құрады.

Салысытру нәтижесi бойынша жалпы мал саны былтырғы жылға қарағанда көтерiлген.

2019 жылы округiмiзде 18 мал бағатын табын құрылды: 7 — Бозайғыр ауылында және 11 Ключи ауылында.

Бозайғыр ауылдық округi бойынша үш елдi мекенде iрi қара мал бағу табыны ұйымдастырылған. Бұл үшiн малшы мен мал иесi арасында және Бозайғыр әкiмшiлiгiнiң өкiлi арасында үш жақты келiсiм шарт жасалды. 2019 жылы 89 келiсiм шарт жасалынды.

Жыл сайын Астана және Көкшетау қалаларында ауыл шаруашылық жәрмеңкелерiне қатысамыз. Жәрмеңкеде ауыл тұрғындарының және шаруа қожалықтарының өнiмдерi сатылады. Осы жылы төрт рет а/ шаруашылық жәрмеңкесiне қатыстық.

Проблеманың бiрi ол иесiз жүрген малдар, адамдар бос жiберiп қояды, жайылымға қоспай, бұл мәселенi жергiлiктi қауымдастығының шешiмiмен иесiз малды арнайы қамауға алатын болдық.

Мәдениет және спорт

Округ бойынша 15 жастан 29 жасқа дейiн 720 жастар тұрып жатыр. Ең күрделi мәселенiң бiрi- ол ауыл жастары мен халыққа арнайы мәдени орындары жоқ.

Бiрақ оған қарамастан, спорт саласы жүзеге асырылуда. Жастарымыз белсендi спортмен шұғылданады.

Қазiргi таңда округiмiзде « Волейбол», «Қазақ күресi», «Каратэ», «Футбол» секциялары жұмыс iстейдi.

2019 жылдың 22 наурызда Бозайғыр аулының кiре берiс алаңында «Наурыз» мейрамын өткiздiк. Мерекеде ұлттық спорттық ойындары «Көкпар тарту», «Бәйге», «Қой көтеру», «Қазақша күрес», балалар арасында «Өгiз тарту», «Бағанада жүру», «Асық ату» ұйымдастырылды. «Алтыбақан» орнатылып, тұрғындар «Наурыз көже», «Палау» тағамдарынан дәм татты.

2019 жыл 31 наурызда мектеп интернат колледжiнде каратэ жарысы өткiзiлдi.

Шiлде айында Новокубанка ауылында «Ақбидай 2019» жазғы спартакиадасында бiздiң спортшылар белсене қатысып, командалық төртiншi орынды иелендi.

Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк мерекесiне қарсы, округiмiзде iс шаралар өткiзiлдi:

2019 жылдың 15 қарашада мектеп интернат колледжiнде «Толағай» спорттық жарысы өткiзiлдi.

28 қарашасында «Асық ату», «Бес асық», «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойындары өткiзiлдi.

2019 жылдың 06 желтоқсанында «Мен жастарға сенемiн!» атты «Жастар форумы» өткiзiлдi.

Форум үш тақырып бойынша үш алаңда өткiзiлдi: "Жаңа кәсiпкерлiктiң көзi" жоба бойынша жастарымыз бизнес-жобалармен таныстырып, қорғады.

"Салауатты өмiр салтын ұстану" тақырыбы бойынша дұрыс тамақтану, денсаулыққа зиян келтiретiн әдеттер, спортпен шұғылданудың пайдасы туралы жастар көп мағлұмат алып, өз ойларын ортаға салды. Алаңда ойындар өтiп, жаттығулар жасалды.

"Ерiктiлер"(волонтер)жұмысы тақырыбы бойынша жастар бiр жылғы жұмыстарын қорытындылап, пiкiр — таласжүргiздi. Жастарымыз 2020 жыл волонтерлер жылындағы атқарылатын жұмыстарды да жоспарлап үлгердi.

Үш алаңда бас қосқан жастар тақырыптар бойынша қызу талқылау өткiзiп, Жастар жылының қорытындысын шығарды.

Форумға қатысқан жастарымызға мадақтамалар мен сыйлықтар табысталды.

Жергiлiктi қоғамдастық

Бозайғыр ауылдық округi бойынша жергiлiктi қоғамдастық 4 жыл жұмыс iстеп келедi. Жергiлiктi қоғамдастықпен бiрiгiп ауылдың мәселелерiн шешу жұмыстары жүргiзiледi.

2019 жылдың басынан берi жергiлiктi қауымдастық өкiлдерiмен 3 жиын және 6 жиналыс өткiзiлдi, ауылымыздың мәселелерi көтерiлiп, сұрақтар қаралды: абаттандыру бойынша, «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша қаражатты бөлу, учаскелiк инспекторының жұмысы бойынша, ауыр жүктi көлiктерге жүруге тыйым салу жол таңбаларын орнату, ДНД жұмыстарын ұйымдастыру, «Жас ұлан» топтарының жұмыстарын жалғастыру, учаскелiк инспекторы, мал дәрiгерi мен әкiмшiлiкпен бiрге халық арасында малдарды ұстау ережелерiн түсiндiру жөнiнде.

Сонымен қатар, ауылдық округ әкiмнiң, учаскелiк инспектордың, ветеринариялық дәрiгердiң есеп беру есебi тыңдалып мәлiметке алынды.

2019 жылы Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша:

-Төңкерiс станцияның Сейфуллин көшесiне 8 көше жарықтандыру шамдары орнатылды

-Лян және Сейфуллин көшелерiне «жасанды төмпеш жол» және жол таңбалары орнатылды

-Бозайғыр ауылының ескерткiш алаңының қоршаулары орнатылды

-Ескерткiш алаңына жарықтандыру орнатуға (4 шам орнатылды)

-Жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргiзуге

Абаттандыру

Бозайғыр ауылдық округiнде абаттандыру жұмыстары жыл бойы жүргiзiледi. Бұл жұмыстар қыс мезгiлiндегi ауылiшiлiк жолдарды қардан тазалаудан бастап күз мезгiлiндегi тазалық жұмыстарымен аяқталады.

Ауылды абаттандыру бойынша үш елдi мекенде жиындар өткiзiлдi. Оның iшiнде Бозайғыр ауылы мен Төңкерiс станциясының екiқабатты үйлердiң тұрғындарымен 9 жиын өткiзiлдi.

Округ бойынша «Таза бейсенбi» акциясы, «Астана –Көкшетау» тас жол бойында сеңбiлiктер өткiзiлдi, 8 бей-берекет қоқыс орындары жойылды.

Бозайғыр көлiнiң жағалауына «эко -сеңбiлiктер» өткiзiлдi, оған мекемелер мен ауыл жастары белсендi қатысып, аумағынан 20 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Төңкерiс станциясы екiқабатты үйлердiң жанындағы қураған ағаш талдары кесiп алынды (бұл сұрақ 2019 жылы есептiлiк кездесуде көтерiлген болатын).

Барлық мектеп ордаларында, Бозайғыр ауылының мешiт және ескерткiш алаңдарына ағаштар отырғызылды.

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Бозайғыр ауылдық округiнiң сумен қамтамасыз ету қызметтерiн «Шортанды су» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны жүргiзедi.

Бозайғыр ауылы мен Төңкерiс станциясының скважиналарында су сорғыш насосы ауыстырылды.

2019 жылы Бозайғыр ауылында екi су жарылысы болды, екеуi жөнделiп, бiреуi жөнделген жоқ.

Ключи ауылында су тазартқыш Модулi жұмыс iстеп тұр, тәулiгiне 200 м3 сумен қамтамасыз етедi.

2018 жылы «Төңкерiс станциясының су тарту және кәрiз жүйесiн қайта жөндеу» жұмыстары басталды.

Ауылiшiлiк жолдарды жөндеу және тасқын суға қарсы iс-шара

2019 жыллдан бастап Бозайғыр — Ключи жолдарының күрделi жөндеу жұмыстары басталды.

Көктем мезгiлiнде округ бойынша тасқын суға қарсы шаралар уақытында жүргiзiлдi.

Бозайғыр-Ключи жолының 1 және 7 шақырым жолдарына инерттiк материалдары төселiп, қаражат аудандық әкiмшiлiктен бөлiндi.

Уақытылы Бозайғыр ауылының Жеңiс, Абай, Лян және Сарыарқа көшелерiнде тасқын су өтетiн құбырлары тазаланды.

Сонымен қатар, күз мезгiлiнде Қонаев және Тәуелсiздiк көшелерiне су жүретiн құрылғылары орнатылды.

2019 жылы Бозайғыр ауылы мен Төңкерiс станциясының жолдарын қардан тазалау бойынша жеке кәсiпкер Мусаев К. келiсiм шартқа отырдық, жалпы соммасы 300 мың тенге.

Бозайғыр-Ключи жолдарын және ауылдың iшкi жолдарын қардан тазалау жұмыстарын келiсiм бойынша «Төңкерiс» ЖШС директоры Сыздыков Ильяс Жамбылұлы жүргiзiп отыр.

Мақаланың шыққан күні: 29.01.2018 09:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.02.2020 12:45
Қаралым саны: 2612

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz