A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Бектау селолық округі әкімінің есебі

Құрметтi Гүлнұр Әнуарбекқызы!

Құрметтi Бектау ауылдық округiнiң тұрғындары!

Назарларыңызға 2018 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп беруге рұқсат етiңiздер .

Бүгiн бiз сiздермен өткен жылды қорытындылап, алда тұрған мiндеттер мен жоспарларымызды талқылаймыз

Өткен 2018 жылы Қазақстанда Президент Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың елiмiздiң жаңғыру мен саяси реформаға жол ашқан бағдарламалық мәлiмдемесiмен басталған болатын.

Елдi жаңғырту стратегиясының тағы бiр маңызды элементi — экономикалық және саяси өзгерiстермен бiрге қоғамдық сананы уақыт талабына сай өзгерту. Елiмiздiң болашағының жарқын болуы үшiн цифрлық дәуiр жетiстiктерiнiң жақсы жағын алып, дамуымызға тежеу болатын өткеннiң кейбiр сарқыншақтарынан арылуымыз, бiрақ ұлттық мәдени тамырымыздан ажырамауымыз қажет.

2018 жылдың 10 қаңтарында елiмiздiң барлық бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауы, 2018 жылғы 5 қазанда «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы жарияланды, онда Елбасы мiндеттердi белгiледi, оларды шешу үшiн бiз жұмыс iстеймiз және ағымдағы жылда да жалғастыратын боламыз.

Ауылдық округi дамуының негiзгi стратегиялық мақсаты тұрақты әлеуметтiк — экономикалық дамуды қамтамасыз ету болып табылады.

Халық және жұмыспен қамту.

Округ аумағында төрт елдi мекен бар: Бектау ауылы, Қаражар ауылы, Конкрынка ауылы және Мықтыкөл ауылы.

Округтегi халықтың саны 2019.01.01. — 2011 адам. Округтiң көлемi — 51163,11 га құрайды, одан елдi мекендер жерлерi — 4465 га. Аулалардың саны — 515. Еңбекке жарамды халық — 1106 адам, одан өз бетiнше жұмыспен айналысатын — 286 адам. Зейнеткерлiк жастағы тұрғындар — 275 адам, мүгедектер — 56 адам (8 бала), жұмысқа орналастырылған — 2 адам. «Күмiс алқа» және «Алтын алқа» алқалармен марапатталған көп балалы аналар — 37 адам.

Өсiмдiк және мал шаруашылығы .

Округ аумағындағы ауыл шаруашылық өндiрiс «Бектау» ЖШС көрсетiлген. 2018 жылы егiстiк жер — 18739 га құрады: одан бидай — 13714 га, арпа — 4774 га, сұлы — 251 га, өнiмдiлiк — 17,4 ц/га.

«Эмир 2030» ЖШС, дәндi дақылдардың егiстiк жерi 4500 га құрады, одан өнiмдiлiк 17,8 ц/га болған кезде бидай 4500 га. Округте сондай-ақ 21 шаруа қожалығы әрекет етуде

2019 жылғы 1 қаңтарға шаруашылық кiтаптарды толтыру кезiнде қайта есептеудiң мәлiметтерi бойынша мал мен құс басы құрады:

⦁Округ халқының IҚМ — 1109 бас, шошқа — 176 бас, жылқы — 179 бас, қой мен ешкi — 1252 бас, құс — 2593 бас;

⦁Шаруа қожалықтардағы IҚМ — 173 бас, шошқа — 25 бас, жылқы — 137 бас.

Округте эпизоотиялық әл-ауқатты және мал шаруашылығының қауiпсiздiгiнi қамтамасыз ету бойынша шара қабылдануда, негiзгi жұқпа ауруларға қарсы iс — шаралар өткiзiлуде.

Бiлiм беру.

Бектау ауылдық округi аумағындағы бiлiм беру жүйесi округтiң әлеуметтiк сала дамуының негiзгi жағдайын құрайтын маңызды бағыттарына ие..

Округ аумағында екi мектеп әрекет етуде, Бектау орта мектебi, оқушылардың саны — 264 адам және оқушылардың саны 61 адамы бап Мықтыкөл негiзгi мектеп. Бектау орта мектебiнде оқыту екi тiлде жүргiзiледi, сондай-ақ 72 балаға шағын орталық бар. Мықтыкөл негiзгi мектебiнде оқыту мемлекеттiк тiлде, 10 балаға шағын орталық бар.

2018 жылы Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi (ҰБТ) 17 оқушыдан 13 оқушы тапсырды. Орташа балл 98,5 %, бұл аудан бойынша үшiншi орын. Жоғары оқу орындарына 13 адам грантқа түстi.

Мәдениет, тұрмыстық қызмет көрсету, спорт.

Округтiң тұрғындары көрсемөнерпаздар байқауына, сондай-ақ жазғы және қысқы спартакиадаларға белсендi қатысады.

«Хрустальный колос» аудандық қысқы спартакиадасына қатысып, 2 жалпы командалық орынға ие болды. «Ақ бидай» жазғы спартакиадада бiздiң спорт командамыз 8 жалпы команда орнына ие болды, «асық ату» бойынша 1 орынға, президенттiк көпсайыс бойынша 2 орынға, жеңiл атлетика мен «Отбасылық старт» жарыстарда 3 орынға ие болды.

Жаппай спорт iс — шаралары барлық мемлекеттiк мерекелерде де өткiзiледi. Негiзiнде барлық iс — шаралар орта мектептiң акт залында өтедi, себебi клуб жұмыс iстемейдi. Әртүрлi мерекелiк iс — шараларды өткiзуде зор көмегiн округтiң мектептерi көрсетедi.

Денсаулық сақтау

Бектау дәрiгерлiк амбулаториясында 1 аға дәрiгер, 9 орташа медициналық персонал жұмыс iстейдi. Мықтыкөл мен Конкрынка аа. медициналық пунктер бар.

Округ тұрғындарына медициналық көмек Бектау дәрiгерлiк амбулаториясы мен медициналық пунктердiң қызметкерлерiмен көрсетiледi. Бектау дәрiгерлiк амбулаториясы жанында 4 орындық күндiзгi стационар жұмыс iстейдi. Бiр дәрiханалық дүңгiршек жұмыс iстейдi, ол арқылы халық дәрi-дәрмектеп, оның iшiнде жеңiлдiкпен қамтамасыз етiледi.

Жоспарға сәйкес скрининг тексеру жүргiзiледi, жылжымалы флюороқұрылғы және жабдығы мен жоғары бiлiктi мамандары бар автопоезд жұмыс iстедi.

Флюоротексерудi өтудiң жылдық жоспары 100% дейiн жеткiзiлдi, 2018 жылы 1148 адам флюоротексеруден, одан 372 — жылжымалы флюороаппаратта өттi. Туберкулезбен ауратын адамдар жоқ.

2018 жылы округте 37 туу тiркелдi, 19 адам қайтыс болды, ана мен бала өлiмi жоқ.

Әлеуметтiк қорғау

Жоспарланған iс-шаралар бойынша қарттар мен мүмкiндiгi шектеулi адамдарды әлеуметтiк қолдау жөнiндегi айлықтың шеңберiнде: 2018 жылғы 30 қыркүйекте «Бектау» ЖШС-гi ауылдық округтiң барлық зейнеткерлерi үшiн қайырымдылық ас бердi, мұғалiмдер мен оқушылар мерекелiк концерт ұйымдастырды. «Бектау» ЖШС-нен зейнетке шыққан зейнеткерлерге әрқайсысына 5000 теңгеден ақшалай қаражат табыс етiлдi, ал басқа ұйымдардан зейнетке шыққан 65 жастағы және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге 2000 теңгеден берiлдi. I және II топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға округтiң жебеушiлерiмен жиналған азық-түлiк пакеттер берiлдi.

Жұмысымыздың басты бағыттарынынң бiрi  — халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарымен үнемi байланыс. Округте тұратын барлық жалғыз басты және жалғыз тұратын азаматтар есепке алынды. Мұқтаж адамдарға әлеуметтiк қызметкер барады.

Жаңа форматтағы әлеуметтiк көмек бойынша — 2018 жылы 8 отбасыға әлеуметтiк көмек көрсетiлдi (Бабич Н.Н., Сидоренко О.В., Хуанган М., Юманкулова Ю.В., Амангелдi М., Батырбек Г., Хизат Г., Ахметова А.С. ), оның iшiнде 5 көп балалы отбасы.

"Шұғыла" қоғамдық қорымен округтiң 5 мүгедегiне, 2 көп балалы отбасына, 1 толық емес отбасыға көмiрмен көмек көрсетiлдi.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде «Бектау» ЖШС өз күшiмен асхана ғимаратының жөнделуiн жүргiздi.

2018 жылы нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде «Бастау-Бизнес» жоба бойынша Бектау ауылдық округi бойынша17 адам оқытудан өттi және сертификаттар алды. Бұл жоба қатысушыларға тәжiрибеде қолдану, бизнестi жүргiзу мен кеңейту үшiн қажеттi кәсiпкерлiк негiзiне оқуға мүмкiндiк бередi.

2018 жылы «Бастау-Бизнес» бағдарлама арқылы оқытуды аяқтап және кредит алып осы жобаның 5 қатысушысы өз iсiн ашты, қызмет бағыты IҚМ өсiру. Алынған кредиттiң жалпы сомасы 7 млн.теңге.

Әңгiмелесу жүргiзiледi, өткiзiлетiн қысқа мерзiмдi кәсiби оқыту, қайта даярлау, қоғамдық жұмыстарға орналастыру, жастар практикасы туралы хабарландырулар орналастырылады.

Өз бетiнше жұмыспен айналысатын және жұмыссыз халықтың қатарынан қоғамдық жұмыстарға 9 адам жiберiлдi.

ӘЖО жыл басынан 3 адам жiберiлдi — Төлеу Ғибрат (ЖК Шар Орынбасар), Амиш Жарқын (ЖК Яудан Естай), Сәдуақасова Валентина Жұмалбекқызы (ЖК Жапаров Д.М.).

Қараша айында тiкелей бiздiң округте «әлектрмонтер» мамандығы бойынша қысқа мерзiмдi курстар өттi. Бiздiң округтен 7 адам оқытудан өттi және сертификаттар алды.

Кәсiпкерлiк және бизнес

2019 жылғы 1 қаңтар жағдайына округ бойынша 41 шағын және орта кәсiпкерлiк субъектi, оның iшiнде 9 сауда нүктесi тiркелген. Президенттiң Қазақстан халқына арналған Жолдауында ерекше назар шағын және орта бизнестiң дамуына аударылады. Шағын бизнестiң дамуы экономикадағы табысты реформалауы болып табылады.

Астана қ. маңында азық-түлiк белдеун қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламасы және төмендетiлген бағамен ауыл шарушылығы өнiмiмен тұрғындарды қамтамасыз ету шеңберiнде бiздiң округ ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерiне қатысады.

Жергiлiктi өзiн — өзi басқару

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберiнде IV деңгейдегi бюджеттi енгiзу мен аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округi деңгейiнде ЖӨӨБ коммуналдық менщшгiне енгiзудi көздейтiн ҚР 2017.11.07. № 90-VI «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң қабылданды.

Бiздiң округ ауданның 6 ауылдық округiнен бюджеттiң төртiншi деңгейiне көшкен округ болып табылады, өйткенi халықтың саны 2 мыннан астам адам құрайды. 4 деңгейдегi бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң бiрi салық түсiмдерi болып табылады, 2018 жылы жоспары 3524 мың теңге кезiнде салықтың жалпы сомасы 4080 мың теңге құрады.

Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк

Округ аумағында қоғамдық тәртiптi қорғауды учаскелiк полиция инспекторы, аға полиция лейтенанты Мейрамбек Сапарбекұлы Ахмұрзаев қамтамасыз етедi.

2018 жылы әкiмшiлiк жауапкершiлiкке 77 адам тартылды. Ауылдық округi аумағында 14 қылмыс жасалды, оның 3 ашылған жоқ. Барлық қылмыстық iстер бойынша жедел — iздестiру iс — шаралар өткiзiлген болатын.

Байланыс, электр, көлiк

Халықты электрмен және телефон байланысымен қамтамасыз ету қанағаттанарлық, халықтың 85% телефон байланысы бар. Ұялы байланыс айтарлықтай жақсарды, өйткенi 2015 жылы «Билайн», «Актив» ұялы байланысымен мұнара орнатылған болатын. GSM CDMA 450 LTE және Интернетке кең жолақты қолжеткiзу стандарттарында байланыс қызмет көрсетудi жақсарту үшiн антенна — дiңгектiк құрылыс орнатылды, бiрақ қосылған жоқ.

Қазпошта АҚ өз қызметiн көрсетуде, зейнетақы пен бюджеттегi адамдарға жалақы уақытылы төленедi..

Сумен жабдықтау

Округ халқы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiлген. Барлық ауылдарда өткен жылдары күрделi жөндеу немесе реконструкция өткiзiлдi. Бектау ауылында су үйлердiң шекарасына дейiн жеткiзiлдi және үйлерге түгелге жуық енгiзiлген, 269 су пайдалануды есептеу аспаптары орнатылды. Екi қабатты үйлерге суды жеткiзу мәселесi толық шешiлген жоқ. 2018 жылы суға алынатын жалпы алым 2 943 990 теңге құрады, сонымен бiрге 63 377 теңге сомасында берешек бар.

Округ ауылдарында абаттандыру жөнiндегi жұмыс

Бектау ауылдық округi абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру бойынша айлық өткiзудiң iс — шараларына ауылдардың бүкiл тұрғындары қатысты.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 9 адам қабылданды. Аумақтарды абаттандыру жөнiнде 2 жиын өткiзiлдi.Бектау ауылының тұрғындарымен, сондай-ақ ұйымдар басшыларымен, жеке кәсiпкерлермен абаттандыру және қоқыстан санитарлық тазарту бойынша келесi жұмыс жүргiзiлдi: былтырғы жапырақтардан аумақтарды жинау, бұталар қырқылды, обелиск аумағы тәртiпке келтiрiлдi, ғимараттар, дүкендердiң қасбеттерiн, оларға iргелес аумақтарды тәртiпке келтiру, маңдайшаларды жаңарту, бордюраларды ақтау үшiн жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлергi қолдары қойылып хабарламалар таратылды.

ЖК Солтан Озат «Ақ жол» дүкеннiң қасбетiн жөндедi. Қоғамдық аялдама ақталды. 12 гүл құмыра сатып алынды, әкiмдiктiң, шағын орталықтың, аурухананың, «Бектау» ЖШС; мектептiң, Д.Қонаев к.бойынша 1500 дана гүл отырғызылды. Абай мен Казциковская кк.iшiнара жол тегiстелдi. Жеке сектордан 900 тонна қоқыс, тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Автогрейдермен кентiшiлiк жолдардың жайғасуы жүргiзiлдi.

Жыл бойы ауылдарды санитарлық тазарту бойынша 18 «таза бейсенбiлiк», 20 сенбiлiк өткiзiлдi.

Әлеуметтiк-экономикалық салада қол жетекiзген нәтижелерден басқа, проблемалар да орын алады. 2019 жылы проблемалық мәселелер мен ауылдарды абаттандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет:

⦁Бектау ауылынан Конкрынка ауылына дейiн, трассадан Мықтыкөл ауылына дейiн жолдарды үю және грейдермен тегiстеу, сондай-ақ кентiшiлiк жолдары тегiстеу бойынша жөндеу жұмыстар;

⦁Аумақтарды қоқыстан, қождан тазарту бойынша жұмысты жалғастыру. Сондай-ақ округтi көгалдандыру бойынша жұмысты жалғастыру.

⦁Қоқыс қоймаларды аршу және қатты тұрмыстық полигондарды заңдастыру.

Мақаланың шыққан күні: 29.01.2018 09:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.01.2019 09:58
Қаралым саны: 1598

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz