A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
2019 жылдың 1 қазанына қарасты БЖЗҚ-ның негізгі көрсеткіштері

2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,4 трлн теңгенi құрады. Оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы — 10,2 трлн теңге; мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы — 233,6 млрд теңге және ерiктi зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы — 1,9 млрд теңге болды.

Жыл басынан берi зейнетақы жинақтары 1,04 трлн теңгеге немесе 11 пайызға өстi. Бұл ретте зейнетақы жарналарының барлық түрлерi бойынша түсiмдер — 714,3 млрд теңге; таза инвестициялық табыс көлемi — 481,9 млрд теңге және зейнетақы төлемдерi — 154,2 млрд теңге болды.

Есептi кезеңде БЖЗҚ-да 308,5 мың жеке зейнетақы шоты ашылды. Оның iшiнде 273,6 мың шот МЗЖ есебiнен ашылғанын айта кеткен жөн. Ал бұл шоттардың 64 пайызын 30 жасқа дейiнгi салымшылар ашқан. Қарастырылып отырған кезеңде ай сайынғы мiндеттi зейнетақы жарналарының орташа сомасы — 17 149 теңгеге жеттi.

2019 жылдың 9 айы iшiнде белсендi салымшылардың саны — 6,1 млн адам, олардың iшiнде 6 және одан да көп жарна жасағандар — 4,6 млн адам болды.

(2018 жылы белсендi салымшылардың саны — 6,4 млн адам, олардың iшiнде 6 жарнадан 12 жарнаға дейiн аударғандар саны — 4,96 млн адам болған едi).

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 481,9 млрд теңгеден асты. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай iшiнде 8,4 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейi 5,3 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляциядан жоғары болып, нақты табыстылық оң сипатқа ие болып отыр.

Жыл басынан берi зейнетақы төлемдерi 154,2 млрд теңгеге жеттi. (Бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткiшiнен 23,2 млрд теңгеге немесе 18 пайызға жоғары). Оның iшiнде:

- зейнет жасына толуға байланысты — 51,0 млрд теңге;

- 1 және 2 топтарда мерзiмсiз мүгедектiгi бар жандарға — 1,3 млрд теңге;

- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты — 35,1 млрд теңге;

- мұрагерлiк бойынша — 20,2 млрд теңге;

- жерлеуге байланысты — 2,3 млрд теңге;

- басқа тұлғаларға — 0,1 млрд теңге;

- өмiрдi сақтандыру бойынша компанияға (ӨСК) — 44,1 млрд теңге төлендi.

Кесте бойынша ай сайынғы төлемдердiң орташа сомасы 21 022 теңгенi құрады. Бұл ретте ең жоғары төлем 514 666 теңге болды.

МЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1,1 млн теңгеге жеттi. Оның iшiнде жинақтардың орташа сомасы ерлерде — 1,2 млн теңге, ал әйелдерде — 0,92 млн теңгенi құрады. Бұл ретте зейнетақы жарналарын Қорға 20 жыл бойы тұрақты аударып келген ер азаматтардың жинақ ақшасының орташа көлемi — 5,1 млн теңге, ал әйелдерде — 3,9 млн теңгеге жеттi.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының маңыздылығы және зейнет жасы туралы ерте бастан ойлану керектiгi туралы тұрғындар арасында түсiндiру жұмыстарын белсендi жүргiзiп келедi.Мысалы, 2019 жылдың 9 айы iшiнде ел өңiрлерiндегi түрлi кәсiпорындарда 25,5 мың көшпелi шара жүзеге асырылды. Бұл кездесулерге 738,5 мың адам қатысты.

Есептi кезеңде зейнетақы қызметтерiн көрсету аясында барлығы 13,4 млн операция жүзеге асырылды. Олардың басым бөлiгi, яғни 10,8 млн операция (немесе 80,7%) электрондық үлгiде орындалды. Есептi кезеңде БЖЗҚ кеңселерiнде 2,5 млн қызмет көрсетiлдi.Қордың республикалық, облыстық маңызға ие қалаларда және аудан орталықтарында орналасқан 215 кеңсесiнде күн сайын 14 мыңдай операция жүзеге асырылады. Бұдан басқа «Қазпошта» АҚ-тың 194 елдiмекенде орналасқан бөлiмшелерiнде БЖЗҚ қызметтерi iшiнара қолжетiмдi.

БЖЗҚ-ның әр түрлi байланыс арналары (байланыс орталығы, әлеуметтiк желiлер, мессенджерлер және т. б.) арқылы ел азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша қойған 508,2 мың өтiнiшi қаралып, өңделдi.

Тұрғындарға арналған «Ашық есiк күндерi» және журналистер мен сарапшыларға арналған «Қаржы журналистикасы мектебi» шаралары тұрақты түрде өткiзiлiп тұрады. Олардан басқа БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес сарапшыларымен үш ай сайын кездесу өткiзiледi.

Қор сонымен қатар көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру және жетiлдiру жұмыстарын тұрақты жүргiзiп келедi. Мысалы, Қор мамандарының күшiмен әзiрленген ұялы қосымша таяуда қайта жаңартылып, оны қолдану барынша ыңғайлы бола түстi.Еске саламыз, Қордың қазақ және орыс тiлiнде жұмыс iстейтiн ұялы қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмiрлерi мен мекенжайларын көруге болады. Ендi осы қызметтердiң қатары жаңа мүмкiндiктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына өтiнiш жасауға мүмкiндiк беретiн қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкiндiк берiлсе, онлайн-бот арқылы жиi қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 18.11.2019 17:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.11.2019 17:55
Қаралым саны: 93

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz