A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
2019 жылдың 1 тамызына қарай БЖЗҚ-ның негізгі көрсеткіштері

Зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляциядан жоғары

2019 жылдың 1 тамызына қарай жарналардың барлық түрi бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,17 трлн теңгенi құрап, жыл басынан берi 8 пайызға, ал бiр жыл iшiнде 1,6 трлн теңгеге немесе 19 пайызға өстi.

Зейнетақы шоттарының барлық түрi бойынша келiп түскен зейнетақы жарналарының сомасы жыл басынан берi 549,2 млрд теңге болды. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,9 трлн теңгенi құраса, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 224,9 млрд теңгеге және ерiктi зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңгеге жеттi.

2019 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша салымшылар мен алушылардың МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны жыл басынан берi 152 мыңдай шотқа көбейiп (жүйден шыққан қатысушылардың жабылған шоттары ескерiлдi), 10,3 млн бiрлiктi құрады.

2019 жылдың жетi айы iшiнде зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 124 млрд астам теңгенi құрады. Салыстырып қарасақ, былтырғы жылдың сәйкес кезңiнде зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 110,9 млрд теңге болған.Бұл ретте жасына байланысты төлемдер — 43,9 млрд теңге, ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты кетуге байланысты төлемдер — 26,2 млрд теңге, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар — 35,5 млрд астам теңге болды. 2019 жылы сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар көлемiнiң елеулi түрде артқанын атап өткен жөн (2018 жылдың 7 айы iшiнде ол 11,1 млрд сәл астам теңгенi құраған едi). Өйткенi 2019 жылы мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары енгiзiлген күннен бастап (01.01.2014ж.) толық 5 жыл өттi. Сәйкесiнше өз пайдаларына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары кемiнде күнтiзбелiк 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер)өздерi таңдаған сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасу мүмкiндiгiне ие болды. Бiрақ бұл үшiн Қордағы мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақ ақша ай сайын кемiнде ең төмен зейнетақы мөлшерiндегi зейнетақыны төлеп тұруға жеткiлiктi болуы тиiс.Жыл басынан бастап күнi бүгiнге дейiн 1,2 мыңнан астам адам осы құқықтарын пайдаланып үлгердi. Олар сақтандыру ұйымдарына жиынтық жинақтары есебiнен шамамен 16,2 млрд теңгенi аударды.Осылайша еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдар үшiн Қордан МКЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын алу түрiндегi жеңiлдiк толығымен жүзеге асырылып жатыр.

2019 жылдың 7 айы iшiнде салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 363,2 млрд теңгеден асты. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы жыл басынан берi 3,77 пайыз, ал инфляция 2,8 пайыз болды. Егер бұл көрсеткiштi жылдық тұрғыда алып қарайтын болсақ, зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай iшiнде 9,65 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейi 5,4 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляциядан жоғары болып, нақты табыстылық 4,25 пайызға жетiп отыр.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 28.08.2019 13:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.08.2019 13:29
Қаралым саны: 429

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz