A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Жұмыскердің әлеуметтік жауапкершілігі

Зиянды өндiрiстегi жұмыс адам денсаулығына нұқсан келтiретiндiгi бәсенеден белгiлi. Сондықтан бұл шетiн мәселеде жұмыс берушiнiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi өте маңызды.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) — еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсiптерi өндiрiстердiң, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсiптерiнiң тiзбесiнде көрсетiлген жұмыскерлердiң пайдасы үшiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрi — Қор) агенттер меншiктi қаражаты есебiнен аударған ақша. Тiзбенi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Бұл жарналар зиянды еңбек жағдайы үшiн жұмыс берушiнiң өз қаражаты есебiнен жұмыскерлерiнiң пайдасына аударатын өтемақысы.

Қорға төленуге жататын МКЗЖ Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiп бойынша жұмыскердiң ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. Зейнетақы жарнасының бұл түрi 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзiлген.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 984 қаулысымен бекiтiлген Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының (бұдан әрi — Зейнетақы қағидалары) 10 тармағына сәйкес МКЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) бекiтiлген. Ол «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында көзделген құқықтарды, мiндеттер мен жауапкершiлiктi, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның (МКЗЖ есебiнен зейнетақы төлемдерiн алушының) және агенттiң арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшелiктерiн белгiлейдi.

Зейнетақы қағидаларының 11 тармағына сәйкес МКЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу БЖЗҚ-ның iшкi құжатымен бекiтiлген нысан (ол enpf.kz. сайтында орналастырылған) бойынша МКЗЖ-ны есепке алу жөнiнде жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтiнiшке агенттiң және өзi үшiн МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның қол қоюы арқылы жүзеге асырылады.

БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясынан МКЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөнiндегi мәлiметтердiң бiрыңғай тiзiмге енгiзiлгенi туралы электрондық хабарламаны алған күннен бастап агент және өзi үшiн МКЗЖ аударылатын жеке тұлға МКЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледi.

МКЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын жасалған шарт болған жағдайда МКЗЖ аударылатын жеке тұлға және жаңа агент МКЗЖ есепке алу бойынша жаңа ЖЗШ ашпай-ақ БЖЗҚ-ның iшкi құжаттарымен айқындалатын нысан бойынша МКЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтiнiшке қол қояды. Бұл ретте МКЗЖ есепке алу бойынша жаңа шот ашылмайды.

БЖЗҚ-ға МКЗЖ еспке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi рәсiмдеу үшiн салымшы Қорға тиiстi құжаттарды ұсынады. Бұл құжаттардың тiзiмi Қор сайтында орналастырылған. МКЗЖ табыстар алынған айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.

Арнайы салық режимiн қолданатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бұл жарналарды Қорға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көрсетiлген тәртiпте аударады.

Қорға мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуден агент:

1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрi — Заң) 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғалар;

2) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметтiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;

3) еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушылар үшiн босатылады.

Iс жүзiнде төленген және жұмыскер кiрiс алған жағдайда, жұмыс берушi уақтылы аудармаған МКЗЖ сомаларын мемлекеттiк кiрiс органдары өндiрiп алады немесе жұмыс берушi оларды уәкiлеттi орган белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесi көлемiнде мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есепке жазылған өсiмпұлмен бiрге Қорға жұмыскердiң пайдасына аударылуы тиiс. Бұған қарап, еңбеу жағдайлары зиянды өндiрiстерде жұмыс iстейтiндердiң мемлекет тарапынан қорғалғандығына және құрметтi демалысқа шыққан соң барабар төлемдерге үмiт арта алатындығына көз жеткiзуге болады.

Қордағы зейнетақы жинақтары ай сайын ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткiлiктi болған жағдайда өздерi үшiн МКЗЖ кемiнде күнтiзбелiк 60 ай бойы (5 жыл) төленген әрi 50 жасқа толған азаматтар өздерi таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы алып тұру үшiн зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл жарналардың 2014 жылы енгiзiлгенiн ескерсек, зиянды өндiрiстерде жұмыс iстейтiн әрi 50 жасқа толған азаматтар биылдан, яғни 2019 жылдан бастап зейнетақы аннуитетi шартын жасасу арқылы зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын алу құқығына ие болды. Айта кетелiк, 2019 жылдың басынан берi осы санаттағы азаматтар 150-ден астам зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан.

Мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткiлiксiз болған жағдайда, зейнетақы аннуитетi шартын жасасу үшiн салымшы (алушы) ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы.

Осылайша, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетiн жасасу арқылы сақтандыру ұйымынан ай сайын өмiр бойы сақтандыру төлемдерiн алып тұруға болады. Сақтандыру ұйымына аударуға жеткiлiктi соманы зейнетақы калькуляторы арқылы есептеуге мүмкiндiк бар. Ол Қор сайтындағы «Электрондық қызмет көрсету»  — «Зейнетақы калькуляторы» бөлiмiнде қол жетiмдi (https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcInsurance/calc.php).

Айта кетелiк, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары алушыларға тек заңнамада көрсетiлген жағдайлар туындаған кезде ғана берiледi. Заң талаптарына сәйкес Қордан төленетiн зейнетақы төлемдерi зейнеткерлiк жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 59 жасқа толғанда) және бiрiншi немесе екiншi топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандарға төленедi. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың да мiндеттi және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

2019 жылдың 1 сәуiрiндегi жағдай бойынша Қорда МКЗЖ есепке алу бойынша 487,3 мың шот тiркелген. Оларда барлығы 209,5 млрд астам теңге жинақталған.

Анықтама: 2020 жылдан бастап елiмiзде шартты-жинақтаушы құрамдауыш енгiзiледi, яғни жұмыс жағдайына қарамастан барлық жұмыс берушiлер жұмыскерлерiнiң пайдасына өз қаражаты есебiнен Қорға айлық табыстың 5 пайызын қосымша аударатын болады.

Мақаланың шыққан күні: 23.04.2019 09:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.04.2019 09:54
Қаралым саны: 774

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz