A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады Тақырыбы: «Зейнетақыны жоспарлау»

2019 жылдың 29 қарашасында таңғы сағат 10.00-да Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсiздiк даңғылы, 3 «Ашық есiк күнi» шарасы өткiзiледi.

Аталмыш шара барысында «БЖЗҚ» АҚ мамандары мемлекеттiк/ мемлекеттiк емес органдардың: тұрғындарға әлеуметтiк қызмет көрсететiн қоғамдық бiрлестiктер, «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы, Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының өкiлдерiмен бiрлесе отырып, болашақ зейнетақыны жоспарлау бойынша ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi.

Қор мамандары бұған қоса зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңыздылығы туралы әңгiмелеп, зейнетақы калькуляторының көмегiмен болашақ зейнетақыны жоспарлау жолдарын үйретедi және Қордың салымшылармен байланыс жасау арналары туралы мағлұматтар бередi.

Шараға қатысушылар тек күн тәртiбiндегi тақырып бойынша ғана емес, жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Қор қызметi, сондай-ақ өздерiнiң жинақтары туралы да сұрақтарға тиянақты жауаптар алады.

«БЖЗҚ» АҚ өзiнiң салымшылары мен алушыларын және барлық ниет бiлдiрушi азаматтарды «Ашық есiк күнi» шарасында күтедi!

Мақаланың шыққан күні: 20.11.2019 18:10
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.11.2019 18:10
Қаралым саны: 79

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz