A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Жалпы мәліметтер

Шортанды ауданы 1939 жылы құрылған, 4675,6 мың шақ. алаңда орналасқан.

Аудан аумағында 9 селолық, ауылдық округi мен 2 кент бар. Халықтың тығыздығы бiр шаршы шақырымға 6,4 адам.

2018 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша ауданның халқы 29421 адам. Ұлттық құрам: қазақ -41,7%, орыс — 34,4% және басқалар -23,9 %. Облыс орталығына дейiнгi арақашықтық 230 шақ.

Ауданның мамандадандыруы — алтын шығару, астық өндiрiсi, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу.

Салалық бағыттылық — аграрлық — индустриялық.

Шортанды ауданының аумағы бойынша бiрнеше бағыттар бойынша темiр жол өтедi: Алматы — Петропавл, Көкшетау — Қызылорда және т.б., халықаралық, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары, бұл өнеркәсiп қана емес, ауыл шаруашылықты дамыту үшiн оны тартымды етедi. Ауданның бүкiл елдi мекендерiнiң аудан орталығымен асфальт немесе тас — ұсақ тас жабыны бар жолдармен байланысы бар.

Ауданның өнеркәсiп өндiрiсi 50 дейiн адаммен қамтылған шағын бизнес кәсiпорындарымен, қосалқы кәмсiпорындарымен, халықтың үй шаруашылықтарымен, iрi өнеркәсiп кешенi «Қазақалтын» ТМК АҚ филиалы, "Казахалтын Технолоджи" ЖШС — Жолымбет кенiшiмен көрсетiлген. Кәсiпорын түрлi металл кенiшiн шығару мен оны өңдеумен айналысады.

Аудан бойынша үй шаруашылықтарын қосқанда ағымдағы бағамен өнеркәсiп өнiмiн өндiру көлемi 2017 жылғы қаңтар — желтоқсанда 18654,5 млн.теңге құрады (былтырғы жылы 18057,3 млн.теңге), бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзiмiнен 597,1 млн.теңгеге артық. Тау кең қазу өнеркәсiбi 3055,5 млн. теңге немесе 127,3 %, өңдеу әнеркәсiбi 14914,6 млн. теңге немесе 116,6 %.

Жыл басынан нақты көлем индексi былтырғы жылдың сәйкес мерзiмiне 117,8 % құрады.

Құрамында алтын бар кенiштердiң және гранит, балшық, құм, таспен ұсынылған кең таралған пайдалы қазбаларды шығару мен өңдеу жүргiзiлуде.

Шығарылатын өнеркәсiп өнiмiнiң негiзгi түрлерi: алтын, ағаш өңдеу iсi, әртүрлi фракциядағы қиыршық тас, ет және сүт өнiмi, ұн, нан.

14 ауыл шаруашылық құрылымы, 73 шаруа қожалығы бар.

2018 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша мал басы:

IҚМ барлығы -47776 бас, яғни былтырғы жылдың деңгейiне 96,0%,

соның iшiнде сиырлар -7721 бас, яғни былтырғы жылдың деңгейiне 95,6%

Қой мен ешкi — 15305 бас, яғни былтырғы жылдың деңгейiне 100,0%

Шошқа — 12674, яғни былтырғы жылдың деңгейiне 102,5%

Жылқы -5007 бас немесе яғни былтырғы жылдың деңгейiне 91,5%

Құс — 41434 бас, яғни былтырғы жылдың деңгейiне 102,7%

2017 жылы 6 ауыл шаруашылық кооперативi құрылды, одан Бозайғыр ауылдық округiнде ет бағыттағы АШК — 3, Бектау ауылдық округiнде — 1 АШК мал сою пунктi бойынша, Петровка ауылдық округi мен Шортанды кентiнде сүт өндiру жөнiндегi 2 АШК құрылды.

Дәндi дақылдар тұқымының iрiктеп алынған түрлерiнiң өңдiрiсi жөнiндегi «А.И.Бараев атындағы асытқ шаруашылығының ғылыми — өндiрiстiк орталығы» ЖШС әрекет етуде.

Ауыл шаруашылығы пен өсiмдiк шаруашылығында негiзгi бағыт — дәндi — дақылдар өндiрiсi, қосымша салалар — көкөнiс шаруашылығы, картоп шаруашылығы және майлы дақылдар, мал шаруашылығында негiзгi бағыт — сүт, IҚМ мен шошқа етi өндiрiсi.

Сиымдылығы 190 мың тонна астыққа арналған 3 астық қабылдау пунктi бар.

Ауданда 25 жалпы бiлiм беретiн мектеп бар, одан 17 орта, 7 негiзгi, 1 бастауыш мектеп, авариялық жағдайдағы мектептер жоқ.

2017 жылғы 1 қыркүйекке оқушылардың саны 4557 адам. Одан 1 сыныпта — 529 бала, 11 сыныпта — 198 бала.

Мектепке дейiнгi бiлiм мен тәрбиемен қамтылу:

1 жастан 6 жасқа дейiн 61,6% құрайды.

3 жастан 6 жасқа дейiн 98,4% құрайды.

2017 жылы орташа ҰБТ баллы 88,75 құрады, 2016 жылғы 80,9 салыстырғанда, бұл 7,85 тармаққа 2016 жылдан жоғары (облыстық ҰБТ баллы 79,91).

Бозайғыр а. аумағында "№ 5 Агротехникалық колледжi" КММ әрекет етуде.

Медициналық көмек құрамында тәулiктiк болумен 55 орны бар станционар және стационар жанында күндiзгi болумен 39 орны бар, амбулаториялық — емхана қызметi жанында 40 орынға күндiзгi стационары және аусымына 300 келiп кетуге емханасы бар орталық аудандық ауруханасының мамандарымен көрсетiледi. Бұдан басқа, бастапқы медициналық көмектi 8 дәрiгерлiк амбулатория, 4 ФАП және 15 медициналық пунктi көрсетедi.

Гидрогеографиялык желi 11 көл мен ағуы шамалы бiрнеше шағын су ағарлармен ұсынылған (Талқара, Колутон, Шийка, Ащылы-Айрық). Аудан аумағы бойынша ағатын негiзгi судың күре жолы Дамса өзенi үш елдi мекендi сумен жабдықтаудың негiзiгi көзi болып табылады.

Өсiмдiк әлемi келесi негiзгi түрлерiмен ұсынылған: селеу, бетеге, жусан, смортаңда өсiмдiк нашар бiлiнедi. растительность слабо выражена. Сулануы жоғары орындарында жер оты бидайық, жолжелкен, мыңжапырақ, сәлбен, сәбiзшөп және т.б.басымдылығымен. Ағашты — бұталы өсiмдiк кездеседi, бұл итмұрын, тобылғы, талдық, көктерек, қайың және қарағай. Жануарлардан қасқыр, қарсақ, түлкi, қоян, борсық, суыр, сартышқан; құстан — қарға, сауысқан, торғай мекендейдi, саңырау құр, құр, шiл кездеседi; суда жүзетiндерден — қаз, үйрек, сирек аққу.

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2018 15:16
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.11.2018 11:53
Қаралым саны: 1523

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz