A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Шортанды ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы»

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің қаулысы № А-2/35 2017 жылғы 17ақпандағы «Шортанды ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы»

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілгенШортанды ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

2. Осы қаулы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Мұхамединге жүктелсін.

4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                              Г. Сәдуақасова

 

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 17наурыздағы № 5837 болып тіркелген

 

Шортанды ауданы әкімдігінің

2017 жылғы 17 ақпандағы

№ А-2/35

қаулысымен бекітілген

 

Шортанды ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім ұйымның түрі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге) Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)
мемлекеттік жекеменшік мемлекеттік жекеменшік мемлекеттік жекеменшік мемлекеттік жекеменшік
Балабақша 764 70 25540 27146 25540 27146 8000 15000
Балалар толық күн болатын шағын орталық 165 0 18105 0 18105 0 8000 0
Балалар жарты күн болатын шағын орталық 318 0 10921 0 10921 0 0 0
Мақаланың шыққан күні: 08.01.2018 09:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2018 09:35
Қаралым саны: 1472

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz