A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы жөніндегі жұмысы туралы

Шортанды ауданында 2016-2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі хаттамалық тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органмен ғана емес, сондай – ақ ауданның құқық қорғау органдарымен белгілі жұмыс атқарылды. Аудан әкімдігінің жанында жаппай құқықтық білі беру жөніндегі үйлестіру – әдістемелік кеңес іс – әрекет етуде, тыңдаушылар әкімдіктің қызметкерлері, мектеп директорлары, бөлім қызметшілері болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблемаларға қатысты мәселелер міндетті түрде аппараттық оқыту мен жаппай құқықтық білім беру жөніндегі аудандық үйлестіру – әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарына енгізіледі.

Аудандық «Өрлеу», «Вести» газеттерінде 2016 жылысыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы мақалалар жарияланды: «Коррупция вредитгосударству», «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршымызға ортақ іс», «Коррупция наказуема», «Не должнобытьместакоррупции», «Причины, формы, видыкоррупции», «Коррупция. Не подрыватьдоверие». Сондай – ақ мақалалар интернет ресурстарда да жарияланады.

Ауданда әртүрлі тақырыпқа, оның ішінде «Ақмола облысы халқының көзқарасымен сыбайлас жемқорлықтың деңгейін бағалау» тақырыбына да облыстық әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі. Сауалнама аудан халқының арасында жасырын нысанда өткізіледі және Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының талдау мен мониторинг бөліміне жіберіледі.

Аудандық БАҚ редакторлары мен журналистері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстарға БАҚ өкілдері арасындағы өткізілетін облыстық конкурстарға қатысады.

Аудандық «Өрлеу» және «Вести» газеттерінде тұрақты негізде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанақпараттық – түсіндіру жұмыс жүргізіледі. Осылайша, 2017 жылдың ағымдағы мерзімінде 14 мақала мен арнайы жариялау жарияланды.

Шортанды ауданында «Адал жол – Честныйпуть» облыстық марафоны шеңберінде, сондай – ақ Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне ұштастырылған іс – шаралар шеңберінде әртүрлі форматтағы іс – шаралар, оның ішінде жастар флеш - мобы, суреттер мен плакаттар конкурсы, диалогтік алаңдар мен басқа іс – шаралар өткізілуде.

Аудан әкімі, ауылдық округтері мен кент әкімдері аппараттарында, дербес бөлімдерде «сенім телефоны» жұмыс істейді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған пошта жәшігі бар.

Мемлекеттік сатып алудың рәсімдерін өткізу ашықтығы бұл рәсімдерді мемлекеттік органдардың сайттарында жариялау есебінен артады.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінгенқаражаттың нысаналы пайдалануы толық көлемінде қамтамасыз етіледі.

Аудан әкімдігімен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша олардың қызметіне бақылау жасайтын мемлекеттік органдардың араласуына, сондай – ақ мемлекеттік қызметшілермен коммерциялық құрылымдардың мүдделеріне ерекше ықылас білдіруге жол бермеу жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударады.

Нормативтік құқықтық актілер және кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін қозғайтын және мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілер міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарда жарияланады.

Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға оқыту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Алғаш рет қабылданатын қызметкерлермен тәрбие жұмысы жүргізіледі, онда Әдеп кодексін қатаң сақтау және азаматтар мен мемлекеттік органдармен жұмыс жасау кезінде сыбайлас жемқорлық мінез – құлыққа жол бермеу немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жағдай жасау мәселесі түсіндіріледі.

Ерекше назар жергілікті атқарушы органмен және халыққа қызмет көрсету арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге аударылады.

Жыл сайын қаңтар – ақпанда барлық ауылдық округтерінде, сондай – ақ кенттерде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру жиындар өтеді, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылға назар аударылған болатын.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ақпараттық – түсіндіру жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттау бойынша аудандық ақпаратты – насихаттау топтары белсенді тартылуда. Бұл жұмыс барысында АНТ мүшелері біздің мемлекет пен халық сыбайлас жемқорлық үрдісіне қарсылық көрсетуге қабілетті деп идеология жүргізеді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша атқарылатын іс – шаралардың ақпараттық сүйемелдеуін аудандық газеттері қамтамасыз етеді.

Жер учаскелерін беру жөніндегі нормативтік актілер аудандық жер комиссиясы хаттамасы негізінде, Қазақстан Республикасы жер кодексінің талаптарына сәйкес шығарылады.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерінің журналы және мемлекеттік қызмет көрсетуге тұлғалардың шағымдарын тіркеу журналы жүргізілуде. 2017 жылдың есептік мерзімінде қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Ауданның білім беру ұйымдарында мемлекеттік органдардың қызметін түсіндіретін көрнекі үгіті бар стендтер ілінген. Ауданның білім беру мекемелерінде оқушылардан, мұғалімдер мен ата – аналардан ақшалай қаражат жинау оқиғаларынан жол бермеу бойынша қосымша шара қабылдануда. Ауданның барлық жалпы білім беретін мекемелерінде мүдделі тұлғалар өз ұсыныстарын немесе наразылығын сала алатын хаттар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер бар.

2016 жылы және 2017 жылдың 5 айында мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік қылық жасаған үшін тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік қызметшілер тартылған жоқ.

2016 жылы сыбайлас жемқорлықпен қарсы іс – қимыл мәселелері бойынша бекітілген жоспарға сәйкес комиссияның 3 отырысы өтті.

Өткізілген семинар – кеңестердің, дөңгелек үстелдердің, көшпелі семинар – кеңестердің саны: 2016 жылы -8. 2016 жылы құқықтық насихаттау мен жаппай құқықтық білім беру бойынша өткізілген оқыту саны -14. 2016 жылы аудандық «Өрлеу» және «Вести» газеттерінде және әкімнің веб – сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы 12 мақала жарияланды.

Комиссияның ережесіне сәйкес комиссия отырысы жартыжылдықта кемінде бір мәрте өткізіледі. 2017 жылдың 1-жартыжылдығына Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс жоспары әзірленді және бекітілді. Комиссияның кезекті отырысын 2017 жылғы маусым айында өткізу жоспарлануда. 2016 жылы құқықтық насихаттау мен жаппай құқықтық білім беру бойынша өткізілген оқыту саны – 7. А.ж. наурыз айындаШортанды кентінің темір жол вокзалы, а»АТЭК-Энергосбыт» ғимараты, Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы ШЖҚ «Шортанды су» МКК, ХҚКО, «Қазпошта» АҚ, Шортанды ауданының әділет басқармасында, «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы 2 баннер орналастырылды.

2017 жылғы 30 мамырда «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді.

Мақаланың шыққан күні: 05.01.2018 16:23
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.01.2018 16:23
Қаралым саны: 1337

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz