A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Әкелу кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы

ҚР Қаржы министрiнiң 2015 жылғы 9 желтоқсанда № 640 бұйрығымен бекiтiлген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң өзара трансшекаралық саудасы шеңберiнде жекелеген тауарларды, оларды өткiзу кезiнде есепке алу жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi нұсқ аулыққа сәйкес (бұдан әрi-Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО басқа мүше мемлекеттiң аумағына Тiзбеге енгiзiлген тауарларды әкету кезiнде салық төлеушi мемлекеттiк кiрiстер органынан (бұдан әрi-МКО) осы нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауарға iлеспе құжат ретiнде электрондық –шорт-фактуралардыңжәне тауарға декларациялардың көшiрмелерiн көрсетiлген құжаттардың кқшiрмелереiән қоса бере отырып табыс етедi.

2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастапҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң "Әкелу кедендiк бажы қолданылатын тауарлар тiзбесiн, мөлшерлемелер көлемiн және олардың қолданылу мерзiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2017 жылғы 9 ақпандағы № 58 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы» бұйрығы күшiне ендi.

Сонымен бiрге, 12.08.2016 ж. № 5 Еуразиялық Үкiмет аралық Кеңес Шешiмiне сәйкес Тiзбеге енгiзiлген тауарларды Қазақстан Республикасы аумағынан басқа ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына өткiзу кезiнде, тауарға iлеспе құжаттардың орнына осы ҚР ҚМ Мемлекеттiк кiрiстер комитетi органдарының мөрiмен куәландырылған қағаздағы электронды шот-фактура көшiрмесi болып танылады, сонымен қатар мына құжаттардың бiрiмен iлеседi:

кедендiк декларация көшiрмесi, ҚР ҚМ МКО мөрiмен куәландырылған — бұрын үшiншi елдерден ЕАЭО БКТ бажы мөлшерiмен әкелiнген тауарларды өткiзу кезiнде;

тауардың пайда болуы туралы куәлiктiң СТ-1 нысана түпнұсқасы — Қазақстанда жасалған тауарларды өткiзу кезiнде;

тауардың пайда болуы туралы куәлiктiң СТ-KZ нысанасы — еркiн экономикалық аймақта және еркiн қоймада жасалған тауарларды өткiзу кезiнде;

тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi — бұрын басқа ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағынан әкелiнген тауарларды өткiзу кезiнде;

Ескертемiз, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап алу Тiзбесiне кiретiн тауарлардың өтуiн есепке алу мен бақылау мақсатында ҚР ӘҚБтК 280-1 бабы 5 және 6 –тармақтарымен толықтырылған.

5. Тауарларды өткiзудiң есепке алу жүйесiн бұзып, тiзбеге енгiзiлген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкету кезiнде рәсiмдеу көзделетiн, мемлекеттiк кiрiс органдарының мөрiмен куәландырылған тауардың iлеспе құжаттарының болмауы — елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Шортанды ауданы бойынша МКБ басшысы                                                                       С. Әлмағанбетов

Мақаланың шыққан күні: 09.11.2018 17:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.02.2019 12:30
Қаралым саны: 1098

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz