A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңы.

Ескерту. ҚР 1997.06.19 № 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшiне кiредi.

Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.07.26 № 462 Заңымен.

I. Жалпы Ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттiк, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың Республикаға сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде мемлекеттiк наградалармен наградталады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкiн.

Мемлекеттiк наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.

2-бап. Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi — "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ерi" атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендерi, медальдары, құрметтi атақтары және Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болып табылады.

Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2008.12.01 № 93-IV Заңымен.

3-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградаларының атаулары мемлекеттiк тiлде белгiленедi.

Мемлекеттiк наградалардың сипаттамасын, "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ерi" кiтапшаларының, орден кiтапшаларының, медальдарға куәлiктердiң және құрметтi атақтар берiлгенi туралы куәлiктердiң үлгiлерiн, мемлекеттiк наградаларға ұсыну және оларды тапсыру тәртiбiн, басқа да құжаттар мен ережелердi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2008.12.01 № 93-IV Заңымен.

4-бап. "Алтын Қыран" орденiмен наградтау үшiн кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды.

Өзге мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Парламентi, Үкiметi, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар енгiзедi.

Наградтау үшiн кандидатураларды еңбек ұжымдары қарап, ұсынуы мүмкiн.

Шет ел азаматтары наградтауға ұсынуды жалпы негiздерде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, басқа министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық атқарушы органдары жүргiзедi.

Азаматтарды кезектi наградаға ұсыну, көп балалы аналарды наградтауға және қаhармандық ерлiк жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға байланысты ерекше реттердi қоспағанда, осының алдындағы наградтау сәтiнен бастап бес жыл өткен соң жүргiзiледi.

5-бап. Бiр адам дәрежелерi бар наградалардан басқа ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерiмен, сол орденмен немесе медальмен екi мәрте наградталмайды.

Құрметтi атақтар қайталап берiлмейдi.

Елiмiздiң мүддесiн қорғау үстiнде көрсеткен батылдығы, ерлiгi, қаһармандығы үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтау қайтыс болғаннан кейiн де жүргiзiлуi мүмкiн.

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда — ҚР 1999.07.26 № 462 Заңымен.

6-бап. Қазақстан Республикасының кез келген орденiмен наградталған адамдар осы орденнiң иегерлерi деп аталады.

7-бап. Наградалар жөнiндегi ұсыныстарды алдын ала қарап, дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия құрылады. Комиссияның құрамын және оның қызметi туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

II. Ең жоғарғы дәрежелi ерекшелiк белгiлерi

8-бап. "Алтын Қыран" (Золотой Орел) орденi Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi болып табылады.

"Алтын Қыран" орденiмен азаматтар Қазақстан Республикасына сiңiрген мемлекеттiк ерекше еңбегi үшiн наградталады.

"Алтын Қыран" орденiмен бұрын Қазақстан Республикасының немесе КСР Одағының ордендерiнiң бiрiмен наградталған азаматтар наградталады.

9-бап. Қазақстан Республикасының Президентi лауазымы бойынша айрықша үлгiдегi "Алтын Қыран" орденiнiң иегерi болып табылады.

10-бап. "Халық қаhарманы" (Народный герой) атағы Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi.

"Халық қаhарманы" атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi — Алтын жұлдыз және "Отан орденi" тапсырылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы өзiнiң мәртебесi бойынша айрықша ерекшелiк белгiсi — Алтын жұлдыз және "Отан" орденi тапсырыла отырып, "Халық қаһарманы" (Народный герой) атағының иегерi болады.

Ескерту. 10-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 1999.07.26 N 462, 2007.07.21 N 307; 02.01.2012 № 525-IV; 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

10-1-бап. "Қазақстанның Еңбек Ерi" атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтiк-гуманитарлық дамытудағы аса үздiк жетiстiктерi үшiн берiледi.

"Қазақстанның Еңбек Ерi" атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi — Алтын жұлдыз жөне "Отан" орденi тапсырылады.

Ескерту. II-тарау 10-1-баппен толықтырылды — ҚР 2008.12.01 № 93-IV Заңымен.

III. Ордендер

11-бап. Қазақстан республикасының ордендерi мыналар:

 — "Отан"(Отечество)

 — "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" (Первый Президент Республики Казахстан — Елбасы Нурсултан Назарбаев)

 — "Барыс" (Барс)

 — "Даңқ" (Слава)

 — "Айбын" (Доблесть)

 — "Парасат" (Благородство)

 — "Достық" (Дружба)

 — "Құрмет" (Почет)

 — "Еңбек Даңқы" (Трудовая Слава).

Ескерту. 11-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 1999.07.26 № 462, 2001.05.03 № 180, 2010.06.14 № 290-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз); 27.06.2014 № 212-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

12-бап. "Отан" орденiмен азаматтар:

 — мемлекеттiк және қоғамдық қызметтегi;

 — экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi дамытудағы;

 — мемлекеттiк, құқық қорғау және әскери қызметтегi, демократия мен әлеуметтiк прогрестi дамытудағы айрықша еңбегi үшiн наградталады.

12-1-бап. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденiмен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюiне және даңқын шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттiк және қоғамдық қызметтегi айрықша еңбегi үшiн Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденiмен Қазақстан Республикасына сiңiрген айрықша еңбегi үшiн шет мемлекеттер мен олардың үкiметтерiнiң басшылары наградталуы мүмкiн.

Ескерту. 12-1-бап жаңа редакцияда — ҚР 2001.05.03 № 180, өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2010.06.14 № 290-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

12-2-бап. "Барыс" орденiмен наградтау:

 — Қазақстан Республикасының мемлекеттiгi мен егемендiгiн нығайту iсiндегi;

 — бейбiтшiлiктi, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бiрлiгiн қамтамасыз етудегi;

 — мемлекеттiк, өндiрiстiк, ғылыми, әлеуметтiк-мәдени және қоғамдық қызметтегi;

 — халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық мәдениеттердi жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы айрықша еңбегi үшiн жүргiзiледi.

"Барыс" орденi үш дәрежеден тұрады:

 — I дәрежелi "Барыс";

 — II дәрежелi "Барыс";

 — III дәрежелi "Барыс".

I дәреже орденнiң жоғары дәрежесi болып табылады. Наградтау III дәреже, II дәреже, I дәреже ретiмен жүргiзiледi.

Ерекше жағдайларда айрықша көзге түскенi үшiн Мемлекет басшысының шешiмiмен наградтау реттiлiк ескерiлмей жүргiзiлуi мүмкiн.

Ескерту. III-тарау 12-2-баппен толықтырылды — ҚР 2001.05.03 № 180 Заңымен.

13-бап. "Даңқ" орденiмен Қарулы Күштердiң, басқа әскерлердiң және әскери құрамалардың жоғары офицерлiк құрамдағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдарының, прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi:

 — әскерлерге басшылық жасау және оларды басқару iсiндегi табыстары, әскерлердiң жоғары жауынгерлiк даярлығы және елдiң қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз еткенi үшiн;

 — әскери, шекаралық және iшкi қызметтi үздiк ұйымдастырғаны, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз еткенi, заңдылықты және қоғамдық тәртiптi сақтауды нығайтқаны үшiн наградталады.

"Даңқ" орденi екi дәрежеден тұрады:

 — I дәрежелi "Даңқ";

 — II дәрежелi "Даңқ".

I дәреже орденнiң жоғары дәрежесi болып табылады. Наградтау II дәреже және I дәреже ретiмен жүргiзiледi.

Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда — ҚР 1999.07.26 № 462 Заңымен, өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 2003.07.04 № 473, 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

14-бап. "Айбын" орденiмен Қарулы Күштердiң, басқа әскерлердiң және әскери құрамалардың әскери қызметшiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдарының, прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi:

 — жауынгерлiк әзiрлiкте, әскерлердi жоғары жауынгерлiк даярлықта ұстауда және жаңа әскери техниканы игеруде, заңдылықты және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуде қол жеткiзген табыстары үшiн;

 — әскери және қызметтiк борышын атқару үстiнде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесiн қорғау кезiнде жасаған ерлiгi үшiн наградталады.

"Айбын" орденi үш дәрежеден тұрады:

 — I дәрежелi "Айбын";

 — II дәрежелi "Айбын";

 — III дәрежелi "Айбын".

I және II дәрежелi "Айбын" ордендерiмен офицерлердiң кiшi және аға құрамдарындағы адамдар наградталады.

I дәреже орденнiң жоғары дәрежесi болып табылады. Наградтау: II дәреже және I дәреже ретiмен жүргiзiледi.

III дәрежелi "Айбын" орденiмен сарбаздар, матростар, сержанттар, старшиналар наградталады.

Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда — ҚР 1999.07.26 № 462 Заңымен, өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 2003.07.04 № 473, 2007.05.22 N 255, 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

15-бап. "Парасат" орденiмен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлерi, мемлекет және қоғам қайраткерлерi, сондай-ақ Республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетiн дамыту мен молайтуға зор жеке үлес қосқан не адам құқықтарын және оның әлеуметтiк мүдделерiн қорғау жөнiндегi белсендi қызметi үшiн азаматтар наградталады.

16-бап. "Достық" орденiмен азаматтар қоғамда өзара татулықты сақтау жөнiндегi жемiстi жұмысы, халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн наградталады.

"Достық" орденi екi дәрежеден тұрады:

 — I дәрежелi "Достық";

 — II дәрежелi "Достық".

Наградтау реттiлiк ескерiлмей жүргiзiлуi мүмкiн.

Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.07.26 № 462 Заңымен.

17-бап. "Құрмет" орденiмен азаматтар экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi, бiлiм беру iсiн дамытуға сiңiрген еңбегi, мемлекеттiк органдардағы мiнсiз қызметi және белсендi қоғамдық қызметi үшiн наградталады.

17-1-бап."Еңбек Даңқы" орденiмен өнеркәсiп, көлiк, құрылыс, ауыл шаруашылығы және материалдық өндiрiстiң басқа да салаларының жұмысшылары мен еңбеккерлерi бiр кәсiпорындағы, мекемедегi, ұйымдағы жемiстi ұзақ жылғы еңбегi, сондай-ақ еңбек өнiмдiлiгiн көтеруге және өнiмнiң сапасын жақсартуға, ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға ықпал ететiн өндiрiстегi аса жоғары көрсеткiштерi үшiн наградталады.

"Еңбек Даңқы" орденi үш дәрежеден тұрады:

I дәрежелi "Еңбек Даңқы";

II дәрежелi "Еңбек Даңқы";

III дәрежелi "Еңбек Даңқы".

I дәреже орденнiң жоғары дәрежесi болып табылады. Наградтау III дәреже, II дәреже және I дәреже ретiмен жүргiзiледi.

"Еңбек Даңқы" орденiнiң үш дәрежесiнiң иегерлерi мәртебесi бойынша "Қазақстанның Еңбек Ерi" атағына ие болған адамдарға теңестiрiледi.

Ескерту. III-тарау 17-1-баппен толықтырылды — ҚР 27.06.2014 № 212-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда — ҚР 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

IV. Медальдар

18-бап. Қазақстан Республикасының медальдары мыналар:

 — "Ерлiгi үшiн" (За мужество)

 — "Жауынгерлiк ерлiгi үшiн" (За воинскую доблесть)

 — "Ерен еңбегi үшiн" (За трудовое отличие)

 — "Шапағат" (Милосердие).

19-бап. "Ерлiгi үшiн" медалiмен азаматтар:

 — адам өмiрiн сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайларда (суға кету, өртке душар болу, дүлей апаттар кезiнде);

 — қылмысқа қарсы күресте көрсеткен ержүректiгi мен жанқиярлығы үшiн наградталады.

20-бап. "Жауынгерлiк ерлiгi үшiн" медалiмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының әскери қызметшiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттiк органдардың, прокуратура органдарының қызметкерлерi, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi:

 — әскери бөлiмнiң, бөлiмшенiң жауынгерлiк мiндеттердi ойдағыдай орындауына жәрдемдесетiн ұрыстағы, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрестегi бiлгiр, бастамашыл әрi батыл iс-әрекетi үшiн;

 — мемлекеттiк шекараны қорғау кезiнде көрсеткен ерлiгi үшiн;

 — қызмет өткеру кезiнде сiңiрген қызметi үшiн наградталады.

Ескерту. 20-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 1999.07.26 № 462, 2002.07.10 № 338, 2003.07.04 № 473, 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

21-бап. "Ерен еңбегi үшiн" медалiмен азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi және мемлекеттiк қызметтегi еңбек жетiстiктерi үшiн наградталады.

22-бап. "Шапағат" медалiмен азаматтар белсендi және жемiстi қызметi, мейiр-шапағаты мен қайырымдылығы үшiн наградталады.

Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда — ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

23-бап. Қазақстан Республикасының ордендерi мен медальдарының мәндiлiгi жағынан реттiлiгi осы Заңда баяндалған тәртiп бойынша белгiленедi.

Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.07.26 № 462 Заңымен.

V. Құрметтi атақтар

24-бап. Қазақстан Республикасында мынадай құрметтi атақтар белгiленедi:

"Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi" (Заслуженный деятель Казахстана);

"Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" (Летчик-космонавт Казахстана).

"Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметтi атағына ие болған адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы алуға құқығы бар.

Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда — ҚР 2009.12.02 № 211-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

25-бап. Қазақстан Республикасының құрметтi атақтары:

 — "Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi" — Республикаға сiңiрген зор еңбегi үшiн көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерiне, ғылым, мәдениет, өнер, өндiрiс және әлеуметтiк саланың өкiлдерiне;

 — "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" — белгiленген ғарыштық ұшу бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырған, алдарына қойылған ғылыми-техникалық, зерттеушiлiк және практикалық мiндеттердi мiнсiз орындаған азаматтарға берiледi.

Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда — ҚР 1999.07.26 № 462 Заңымен.

26-бап. Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарына ие болған адамдарға белгiленген үлгiдегi омырауға тағатын белгi табыс етiледi.

VI. Көп балалы аналарға арналған наградалар

27-бап. Көп балалы аналарға арналған наградалар мына алқалар:

 — "Алтын алқа" (Золотая подвеска)

 — "Күмiс алқа" (Серебряная подвеска).

28-бап. "Алтын алқа" алқасымен жетi және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар наградталады.

"Алтын алқа" алқасымен наградтау осы ананың жетiншi баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте жүргiзiледi.

"Алтын алқа" алқасымен наградтау кезiнде, сондай-ақ:

 — ананың заңда белгiленген тәртiппен асырап алған;

 — Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескерiледi.

Ескерту. 28-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2009.12.02 № 211-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

29-бап. "Күмiс алқа" алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады.

"Күмiс алқа" алқасымен наградтау кезiнде, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының үшiншi бөлiгiнде аталған балалар да ескерiледi.

Ескерту. 29-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 1999.07.26 № 462, 2009.12.02 № 211-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

30-бап. "Алтын алқа" және "Күмiс алқа" алқаларының Қазақстан Республикасының ордендерi мәртебесi болады.

VII. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы

31-бап. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, әскери және өзге мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық және мемлекеттiк қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.

Құрмет грамотасымен шығармашылық ұжымдар халықтар арасындағы мәдени байланыстарды, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпалын тигiзген гастрольдiк сапарларының нәтижелерi бойынша наградталуы мүмкiн.

Ескерту. 31-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

VIII. Ордендердi, медальдарды және басқа да ерекшелiк белгiлерiн тағып жүру тәртiбi

32-бап. Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi — "Алтын Қыран" орденi, Алтын жұлдыз сол жақ омырауға ордендер мен медальдардың үстiнен тағылады.

Құрметтi атақтар белгiлерi оң жақ омырауға тағылады.

33-бап. Қазақстан Республикасының ордендерi мен медальдары сол жақ омырауға осы Заңның 11 және 18-баптарында көрсетiлген реттiлiкпен тағылады.

Орден белгiсiн иық лентасына тағу кезiнде ол оң иық арқылы өтедi. Осы орденнiң жұлдызы сол жақ омырауға ордендерден солға қарай орналасады.

Наградталған адамдар ордендер мен медальдардың орнына белгiленген үлгiдегi наградалар рәмiзiн тағып жүре алады.

Ескерту. 33-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.07.26 № 462 Заңымен.

33-1-бап. Наградталушыда бұрынғы КСРО-ның және өзге де шет мемлекеттердiң мемлекеттiк наградалары болған жағдайда КСРО-ның және шет мемлекеттердiң наградалары осы Заңның 11 және 18-баптарында белгiленген ретпен Қазақстан Республикасының наградаларынан кейiн тағылады.

Ескерту. VIII-тарау 33-1-баппен толықтырылды — ҚР 1999.07.26 № 462 Заңымен.

IХ. Мемлекеттiк наградалардың және олармен наградталған

адамдардың мәртебесi

34-бап. Жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi "Отан" орденiне немесе "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденiне ие болған азаматтарды наградтау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын Қазақстан Республикасының Даңқ Кiтабына жазылады.

Қазақстан Республикасының Даңқ Кiтабын жүргiзу және сақтау ережесiн, сондай-ақ оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Ескерту. 34-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi — ҚР 2001.05.03 № 180, 2007.07.21 № 307, 2010.06.14 № 290-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

35-бап. Алынып тасталды — ҚР 1997.06.19 N 134-I Заңымен.

36-бап. "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен наградталған көпбалалы аналар "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғынжаймен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiледi.

"Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен наградталған көп балалы аналарға "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген негiзде және тәртiппен ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы төленедi.

Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда — ҚР 06.05.2019 № 251-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

37-бап. "Күмiс алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналарға жеңiлдiктер жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен белгiленуi мүмкiн.

Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда — ҚР 1999.07.26 № 462 Заңымен.

38-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларына ие болған адамдар олардың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.

Мемлекеттiк наградалар мен оларға қоса берiлген құжаттар жоғалған жағдайда наградталғандар өздерiнiң наградаларға құқығын сақтайды.

Жоғалғандардың орнына "Алтын Қыран" орденiнiң, Алтын жұлдыздың, ордендердiң, медальдар мен омырауға тағатын ерекшелiк белгiлерiнiң дубликаттары, әдетте, берiлмейдi. Ерекшелiк ретiнде олар Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияның шешiмiмен өрт, жер сiлкiну және басқа да дүлей апаттар салдарынан жоғалған, яғни наградталған адам оларды жоғалудан сақтап қала алмаған жағдайда ғана берiледi.

Наградтау туралы құжаттар жоғалған жағдайда олардың дубликаттары жергiлiктi атқарушы органдардың өтiнiшi бойынша Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияның шешiмiмен берiледi.

39-бап. Қайтыс болған наградталған азаматтардың және қаза тапқаннан кейiн наградталғандардың Қазақстан Республикасы ордендерi, медальдары, құрметтi атақтарына қоса берiлетiн омырауға тағатын белгiлерi, сондай-ақ оларды наградтау туралы құжаттар отбасына естелiк ретiнде сақтауға қалдырылады.

Қайтыс болған кiсiнiң мұрагерлерiнiң келiсуiмен оның наградалары мен наградталуы туралы құжаттары сақтау және экспонат ретiнде көрсету үшiн мұражайларға берiлуi мүмкiн.

Егер қайтыс болған кiсiнiң мұрагерлерi жоқ болса, оның наградалары мен наградталуы туралы құжаттары Қазақстан Республикасының Президентiне қайтарылады.

39-1-бап. Мемлекеттiк наградалармен наградталған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың наградталуы туралы құжаттары болған жағдайда, бұл наградаларды Республикадан тыс жерге алып кетуге құқығы бар.

Бағалы металдардан жасалған мемлекеттiк наградаларды алып кету тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.

Ескерту. IX-тарау 39-1-баппен толықтырылды — ҚР 1999.07.26 № 462 Заңымен.

Х. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын айыру

40-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларынан айыруды наградталған адам қылмысы үшiн сотталған жағдайда — заңда белгiленген негiзде және тәртiппен соттың ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларынан айырған кезде олар және оларға қоса берiлген құжаттар Қазақстан Республикасының Президентiне қайтарылуға тиiс.

41-бап. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың мемлекеттiк наградаларға құқығын соттың шешiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi қайта қалпына келтiредi.

ХI. Қорытынды және өтпелi ережелер

42-бап. Сыртқы түрi жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларына ұқсастығы бар ордендер мен медальдарды, омырауға тағатын белгiлер мен оларға қоса берiлетiн құжаттарды, сондай-ақ Құрмет грамотасын тағайындауға және жасауға тыйым салынады.

43-бап. Қазақстан Республикасының орденiн, медалi мен құрметтi атаққа берiлетiн омырауға тағатын белгiсiн сатып алу, сату, айырбастау немесе өзгедей өтеуге беру, сондай-ақ мемлекеттiк наградаларға қатысты басқа да заңсыз iс-әрекет жасау заңмен белгiленген жауаптылыққа әкелiп соғады.

44-бап. Осы Заң күшiне енгенге дейiн "Отан", "Даңқ" ордендерiмен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесi — "Халық Қаһарманы" атағына, республиканың құрметтi атақтарына ие болған азаматтарға жергiлiктi өкiлдi органдар жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен жеңiлдiктер беруге құқылы.

Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда — ҚР 1999.07.26 № 462 Заңымен.

45-бап. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" 1993 жылғы 1 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 8, 157-құжат);

"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңды күшiне енгiзу туралы" 1993 жылғы 1 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы, 3 және 4-тармақтарынан басқасы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 8, 158-құжат).

Осы Заң 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

Ескерту. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 1999.07.26 № 462 Заңымен.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Мақаланың шыққан күні: 17.06.2019 11:10
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.06.2019 11:10
Қаралым саны: 702

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz