A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Астана қ. салымшылары мен алушыларына ақпарат берудің жаңа арнасы

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры барлық қазақстандықтарға сапалы қызмет көрсетумен қатар оларға өзiнiң жаңа қызметтерi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы маңызды және пайдалы ақпараттарды жеткiзуге ұмтылады.

Бұл үшiн Қор барлық мүмкiндiктердi пайдаланады: көшпелi таныстырылымдық шаралар өткiзедi, БАҚ өкiлдерiмен тығыз қарым-қатынас жасайды және қашықтықтан өзара әрекеттесудiң қосымша арналарын дамытады.

Еске саламыз, БЖЗҚ 2018 жылдың шiлдесiнде WhatsApp мессенджерiнде арна енгiзген болатын. Бұл арна Қазақстанда және шет елдерде жүрген азаматтарға зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша ақпарат және кеңес алуға мүмкiндiк бередi.

БЖЗҚ ақпарат алу арналарын кеңейту үшiн Қазақстан Республикасының электрондық үкiметiмен, барлық облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкiмдiктерiмен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Былтырғы жылы жоғарыда аталған әкiмдiктермен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар 2018 жылдың 6 қыркүйегiнде БЖЗҚ мен Астана қаласы әкiмдiгiнiң iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы арасында өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойылды.

Атап өту керек, орталық барлық қалалық тiршiлiкпен қамтамасыз ету қызметтерi бойынша демалыссыз және тәулiк бойы ақыл-кеңес бередi, тұрғындардың шағымдары мен өтiнiштерiн қабылдайды, әлеуметтiк желiлерге мониторинг жасайды және әлеуметтiк желiлер арқылы келiп түскен өтiнiштерге жауап бередi.

iKomek-тiң тiзiмдемесiнде 770-тен астам көрсетiлетiн қызмет түрлерi бар. Оған келiсiмге қол қойылған соң, БЖЗҚ жұмысы мен көрсететiн қызметтерi туралы ақпарат беру және «БЖЗҚ» АҚ Астана қалалық филиалының байланыс деректерi бойынша анықтамалық ақпарат беру қызметi қосылды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Астана қаласын бақылау және талдау құралы ретiнде әрекет жасайды. Оның алдыға қойған негiзгi мақсаты  — тұрғындардың өтiнiштерiн қабылдау, оқыс оқиғалар мен апаттарды ретке келтiру және алдын алу барысында ң коммуналдық және жедел қызметтердiң жұмысын үйлестiру, оқыс оқиғалардың дер кезiнде реттелуiн бақылау, «болары болып, бояуы сiңгенде» әрекет етпей алдын алу саясатын ұстану,

құқық бұзушылық әрекеттердi анықтау және өңдеу, сондай-ақ қаладағы ахуалды қалалық бейнебақылау жүйесi арқылы «осы жерде және қазiр» режiмiнде жедел бақылау.

Орталық 365/24/7 күн тәртiбiнде жұмыс iстейдi. 109 телефон нөмiрi, «Smart Astana» ұялы қосымшасы немесе әлеуметтiк желiлердегi ресми парақша арқылы өтiнiш бiлдiруге болады.

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 27.03.2019 10:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.03.2019 10:05
Қаралым саны: 914

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz