A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
«БЖЗҚ» АҚ 2020 жылға арналған комиссиялық сыйақысы

Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға, кастодиандық қызметтерге, зейнетақы қызметтерiн көрсету бойынша шығындарға, БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақышоттарындағы жинақтарды инвестициялық және дербес есепке алуға қатысты комиссия шамамен екi есеге қысқарады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаулысымен «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамының комиссиялық сыйақысының 2020 жылға арналған шамасы:

1) инвестициялық табыс сомасының 2,0 пайызы;

2) зейнетақы активтерiнiң айына 0,011 пайызы көлемiнде бекiтiлдi.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шектi шамасы: инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан және зейнетақы активтерiнiң айына 0,025пайызынан аспайтын шекте белгiленетiндiгiн атап өткен жөн.

2014 жылдан берi комиссиялық сыйақының аталған шамалары талай рет азайтылды. Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгiленетiн комиссиялық сыйақының нақты шамалары заңда белгiленген шектi шамалардан:

– инвестициялық табыс сомасынан — 3,75 есеге;

– зейнетақы активтерiнен — 2,3 есеге төмен.

Комиссиялық сыйақының салыстырмалы және абсолюттiк шамаларын азайтуға зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаратын Ұлттық Банктiң, сонымен қатар қаржы құралдарын инвестициялық есепке алу, жеке зейнетақы шоттарын дербес есепке алу, салымшылар мен алушыларға зейнетақы қызметтерiн көрсету бойынша бiрыңғай оператор — БЖЗҚ-ның атқарып жатқан тиiмдi жұмыстарының арқасында қол жеткiзiлдi.

Инвестициялық шығындар мен кастодиандық қызметтерге қатысты комиссиялық шығындар азайтылды. Бұдан басқа БЖЗҚ әкiмшiлiк шығындары бизнес-үдерiстердi автоматтандыру және қызметкерлердiң еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, зейнетақы қызметтерiн электрондық форматқа ауыстыру және операциялардың жалпы көлемiнде олардың үлесiн көбейту бойынша жүргiзiлген жұмыстардың арқасында, сондай-ақ әкiмшiлiк шығындардың бiр бөлiгiн меншiктi активтердi инвестициялаудан түскен табыстар арқылы өтеу есебiнен қысқартылды.

Комиссиялық сыйақының шамаларын едәуiр азайту — инвестициялық табыс пен салымшылар мен алушылардың зейнетақы жинақтарының артуына септiгiн тигiзедi.

«БЖЗҚ» АҚ-ның баспасөз орталығы

Мақаланың шыққан күні: 21.01.2020 14:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.01.2020 14:41
Қаралым саны: 321

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@aqmola.gov.kz