A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2019 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сенiмгерлiк басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерi 9,99 трлн теңгенi құрады.

Салымшылар мен алушылардың зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 2018 жылдың шiлде мен 2019 жылдың маусымы аралығында (өткен 12 ай iшiнде) 9,4 пайызға жеттi. Дәл осы кезеңде инфляция деңгейi 5,4 пайызды көрсеттi.

2019 жылдың басынан берi есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 285,2 млрд теңгеден асты.

Зейнетақы активтерi бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

- бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «керi РЕПО» операциялары

Бойынша сыйақы түрiндегi табыстар 330,57 млрд теңге;

- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан орын алған шығындар (31,79) млрд теңге;

- шетелдiк валютаны қайта бағалаудан орын алған шығындар (24,10) млрд теңге;

- сыртқы басқарудан түскен табыстар 6,68 млрд теңге;

- басқа да шығындар 3,85 млрд теңгенi құрады.

2019 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiндегi борыштық қаржы құралдарының өтелуi бойынша орташа табыстылық жылына 7,0 пайызды құрады. Оның iшiнде теңгеге номиналданғандары бойынша орташа табыстылық — жылдық 8,5 пайыз, ал шетелдiк валютада — жылдық 3,7 пайызды құрады.

Қордың зейнетақы активтерi портфелiнiң негiзгi бөлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құнды қағаздарына (40,31 пайыз) тиесiлi. Бұл табысы ең тұрақты қаржы құралдарының бiрi. Есептi күнге қарай теңгеге номиналданған ҚР мемлекеттiк бағалы қағаздарының өтелуi бойынша орташа табыстылық жылдық 7,5 пайызды, ал АҚШ долларында — жылдық 4,5 пайызды құрады.

Шет мемлекеттердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарының ағымдағы құны 2019 жылдың 1 шiлдесiне 1 446,22 млрд теңгенi құрап, жыл басынан берi 21,34 пайызға артты. Олардың портфельдегi үлесi 14,47 пайызды құрады. БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң портфелiнде шетел мемлекеттерiнiң МБҚ өтеуге орташа алынған кiрiстiлiгi есептi күнге 3,2 пайызды құрады.

Қазақстан Республикасының квази мемлекеттiк ұйымдарының 2019 жылдың 1 шiлдесiндегi облигациялары зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiнiң 13,71 пайызын құрады. Есептi күнге ҚР квази мемлекеттiк ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кiрiстiлiк жылдық 10,2 пайызды, АҚШ долларымен — жылдық 5,0 пайызды құрады.

Екiншi деңгейлi қазақстандық банктердiң қаржы құралдары былайша келтiрiлген: портфельдiң 12,69 пайызы облигацияларға орналастырылған, олардың орташа алынған кiрiстiлiгi ұлттық валютада жылдық 10 пайызды және АҚШ долларында 6,4 пайызды құрады; депозиттердiң үлесi орташа алынған кiрiстiлiкпен жылдық 9,4% пайызды құрап, 2,66 пайызға жеттi.

БЖЗҚ зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар шеңберiндегi қаржы құралдарының инвестициялық портфелi былайша көрiнiс тапты: ұлттық валютадағы инвестициялар — 68,23 пайыз, АҚШ долларында — 31,36 пайыз, басқа валюталарда — зейнетақы активтерi портфелiнiң 0,42 пайызын құрады.

Қордың сенiмгерлiк басқарудағы зейнетақы активтерi портфелiнiң құрылымдық үлестiрiлiмi БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келедi.

БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол мына сiлтеме бойынша қолжетiмдi:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/f65/f657f047351a31b5e726c10056d5da2c.pdf

Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай нарықтық баға бойынша қандай бағалы қағаздарға және қанша мөлшерде инвестицияланғаны жайындағы мағлұматтардан тұрады.

Мақаланың шыққан күні: 28.08.2019 13:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.08.2019 13:26
Қаралым саны: 397

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz