A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Жас мамандардың мемлекеттік қызметтегі алғашқы қадамдары

Жоғары кәсiби мемлекеттiк қызметтiң қалыптасуы көп жағдайда мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiпқойлығына байланысты. Мемлекеттiк қызметшiге тән болуы тиiс негiзгi қасиеттер — жоғары жауапкершiлiк, кәсiби бiлiм мен оларды iс жүзiнде пайдалану, белсендi өмiрлiк ұстаным және өздiгiнен дамуға ұмтылыс.

Мемлекеттiк аппараттың кәсiпқойлығы кадрлардың сабақтастығының қамтылуын, мемлекеттiк қызметке дарынды және қабiлеттi жастарды тартуды талап етедi. Бұл бағытта Департаментпен облыстың жоғары оқу орындары мен халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бiрлесiп жүйелi жұмыс ұйымдастырылған. Тұрақты негiзiнде кездесулер өткiзiледi, жыл сайынғы дәстүр студенттер, колледж оқушылары мен жұмыссыз жастарға арналған бос орындар жәрмеңкелер өткiзу болды. Осылайша, ағымдағы жылдың сәуiр айында облыстың барлық өңiрлерiнде бос орындар жәрмеңкелерi өткзiлдi, оған 2000 астам адам барды.

Жастар арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстың өткiзiлуiнiң белгiлi оң нәтижелерi бар. Бүгiнгi күнi облыстың мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ширегiн 29 жасқа дейiнгi жастар құрайды.

Алғаш рет мемлекеттiк қызметке орналасқан тұлғаларды бейiмдеу мақсатында сынақ мерзiмi бойы оларға тәлiмгерлер бекiтiледi. Ағымдағы жылдың басынан 135 мемлекеттiк қызметшiге тәлiмгерлер бектiлдi.

Тәлiмгерлiк — нәтижелiлiктi арттыру мен кәсiпқойлықты дамытудың маңызды элементi. Бұл жас маманды тәрбиелеу бойынша тәлiмгер мен мемлекеттiк орган ұжымының бiрлескен жұмысы.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Заңға сәйкес тәлiмгер — мемлекеттiк қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттiк қызметшiге бекiтiлетiн, оның кәсiби бейiмделуiне практикалық көмек көрсететiн мемлекеттiк қызметшi.

Тәлiмгерлiктi ұйымдастыру жөнiндегi жұмысты жүйелi қылу мақсатында мемлекеттiк органда тәлiмгерлер резервi құрылады. Оның құрамы мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес, жоғары кәсiби қасиеттерге ие, соңғы жылы қызметiнiң бағасы «тиiмдi» дегеннен төмен емес нәтижесi бар, тәрбие жұмысына бейiмдiлiгi бар және ұжымда беделге ие, сондай-ақ соңғы жылы тәртiптiк жазасы жоқ мемлекеттiк қызметшiлер қатарынан қалыптастырылады. Яғни, мемлекеттiк қызметтегi тәлiмгерлiк бұл құрамттi және абыройлы. Бұл мемлекеттiк қызметке алғаш рет орналасатын тұлғалың бұдан әрi кәсiби қалыптасуының кепiлi.

Тәлiмгерқызметшiге таңдалған мамандықты игеруге көмектеседi, оған қызметтiк мiндеттердi түсiндiрiп, оларды сапалы орындаудың әдiстерi мен тәсiлдерiн көрсетед.

Тәлiмгер қызметшiге қызметтiк iстi тиiмдi жүзеге асырудың, сондай-ақ қойылған мiндеттердi өздiгiмен шешудiң оң үлгiсi болып табылады.

Тәлiмгер қызметшiнi ұжымның қоғамдық өмiрiне белсендi қатысуға тартады, салауатты өмiр салтын жүргiзуге үгiттейдi, жалпы мәдени және кәсiби зерденiң дамуына көмектеседi, патриотизмге тәрбиелейдi.

Осылайша, мемлекеттiк қызметтеген алғашқы қадамын жас мамандар тәлiмгерлермен бiрлесiп жасайды, оның басты мiндетi жауапкершiлiк, қайырымдылық, бастамашылдық, тәртiптiлiк, кәсiпқойлық сияқты қасиеттердi қалдыптастыру болып табылады.

Тәлiмгерлiк қызметiнiң нәтижелiлiгi мен сапасына алдағы уақытты жас мемлекеттiк қызметiш қандай болатыны байланысты.

Евниева Гүлмира Бекетқызы,
ҚР мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс — қимыл
Агенттiгi Ақмола облысы бойынша Департаментiнiң мемлекеттiк қызмет
басқарудың басшысы

Мақаланың шыққан күні: 09.11.2018 17:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.01.2019 11:36
Қаралым саны: 1232

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz