A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
БЖЗҚ өзінің географиясын кеңейтіп жатыр

Тағы 126 елдiмекеннiң тұрғындары БЖЗҚ қызметтерiн «Қазпошта» АҚ
бөлiмшелерi арқылы алуға қол жеткiздi

Ағымдағы жылдың сәуiрiнде Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Қазпошта елiмiздiң шалғай орналасқан елдiмекендерiнiң тұрғындарын зейнетақы қызметтерiмен қамту үшiн бiрлескен жобаны iске қосты. Ол БЖЗҚ салымшылары мен алушыларына Қазпошта бөлiмшелерi арқылы қызмет көрсетуге бағытталған.

«Қазпошта» АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң, «БЖЗҚ» АҚ-тың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдiмекендерде зейнетақы қызметтерi көрсетiле бастады.

Еске саламыз, бұған дейiн «БЖЗҚ» АҚ көрсететiн қызметтерi Қазпоштаның 94 елдiмекендегi бөлiмшелерiнде қолжетiмдi болатын. Ендi олардың қатарына тағы 126 қызмет көрсету бөлiмшесi қосылды.Осылайша бөлiмшелердiң жалпы саны 220-ға жеттi.

Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердiң тұрғындары Қазпошта бөлiмшелерiнде мынадай қызметтердi ала алады:

•салымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң нөмiрi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтiнiш беру;

•хабарлау тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтерiне қол жеткiзу) туралы келiсiмге қол қою.

Атап өту керек, 2019 жылы республика өңiрлерiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының көретiлетiн қызметтерiмен қамту деңгейi 102 пайызға дейiн өстi.

Зейнетақы қызметтерi ұлттық пошта желiсi арқылы Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Түркiстан және Шығыс Қазақстан облыстарының шалғай елдiмекендерiнде көрсетiлiп жатыр. Елдiмекендердiң толық тiзiмiн Қордың enpf.kz сайтынан көруге болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 21.10.2019 09:44
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.10.2019 09:44
Қаралым саны: 159

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz