A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтiк желiлерде жинақтаушы зейнетақы жүйесiне және «БЖЗҚ» АҚ-тың 2018 жылы атқарған қызметiне қатысты сенiмсiз, жалған ақпараттар тарап кеттi.Азаматтар үшiн анық, шынайы ақпараттыңқажеттiлiгiн ескере отырып, «БЖЗҚ» АҚ мына мәлiметтердi хабарлайды

2018 жылғы табыстылық бойынша негiзгi көрсеткiштер

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы активтерi (ол зейнетақы жарналарын, зейнетақы активтерiн инвестициялаудан түсетiн табысты қамтиды және салымшылар мен алушылардың меншiгi болып табылады) мен меншiктi активтер (ол инвестициялық қызмет, БЖЗҚ-ның инвестициялық қызметi, меншiктi операциялық шығындары және қызметтердi одан әрi дамытуға қатысты барлық шығындарды қамтамасыз етуге бағытталған)бөлек есепке алынады.

Салымшылардың зейнетақы активтерi бойынша: 2018 жылдың қорытындысы бойынша салымшылардың шоттарына үлестiрiлген таза инвестициялық табыс 917,1 млрд теңгенi құрады. Бұл ретте табыстылық 11,27 пайызды көрсетсе, инфляция деңгейi 5,3 пайыз болды. Осылайша 2018 жылы зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы 5,97 пайызға жеттi.

БЖЗҚ меншiктi активтерi бойынша: 2018 жылы салық салынғаннан кейiнгi таза пайда 41,3 млрд теңгенi құрады. Бұл ретте 8,6 млрд теңге көлемiнде пайда салығы төлендi.

БЖЗҚ қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi, зейнетақы активтерiн басқару туралы ақпарат enpf.kz сайтына орналастырылады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен Қордың әлеуметтiк желiлердегi ресми парақшаларында жарияланып отырады.

БЖЗҚ 2018 жылғы комиссиялық сыйақысы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 53-бабына сәйкес БЖЗҚ үшiн комиссиялық сыйақысының шектi шамасы: инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан және зейнетақы активтерiнiң айына 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгiленген.

Сыйақының БЖЗҚ үшiн жыл сайынғы нақты шамасы Ұлттық Банк Басқармасының шешiмiмен бекiтiледi. 2019 жылы Қордың комиссиялық сыйақысы инвестициялық табыстың 5,0 пайызын және зейнетақы активтерiнiң айына 0,015 пайызын құрады.

Атап өту керек, аталған көрсеткiштер 2014 жылдан берi бiрнеше рет кезең-кезеңмен қысқартылды, сөйтiп 2019 жылға қарай инвестициялық табыстың шектi шамасынан 33 пайызға (2014 жылы — 7,5%), ал зейнетақы активтерiнiң шектi шамасынан 40 пайызға (2014 жылы — 0,025%) қысқарды. Ұлттық Банк комиссиялық сыйақының көлемiн одан әрi азайтуды қарастырып жатыр.

БЖЗҚ заңға сәйкес комиссиялық сыйақының екi түрiн де алады, сөйтiп барлық шығындарды, олардың iшiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға қатысты шығындарды да жабады. БЖЗҚ-ның меншiктi капиталының өсiмi және меншiктi активтердi инвестициялау комиссиялық сыйақыны одан әрi төмендетуге мүмкiндiк бередi.

БЖЗҚ-ның 2018 жылғы әкiмшiлiк шығындары

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалпы әкiмшiлiк шығындары — 4,3 млрд теңге, қызметкерлер құрамына жұмсалған шығындары — 7,9 млрд теңгенi құрады. Бұл шығындар заңнамада көрсетiлген барлық төлемдердi, салықтар мен әлеуметтiк аударымдарды қамтиды. Қордың 2018 жылғы қаржылық есептiлiгi Халықаралық қаржы есептiлiгi стандарттарына сәйкес жасалған.

Бұдан басқа, БЖЗҚ әкiмшiлiк шығындарға жатпайтын шығындарды өтедi. Бұл зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару және кастодиан банктiң қызметтерi бойынша шығындар. 2018 жылы мұндай шығындардың жалпы сомасы шамамен 8,2 млрд теңгенi құрады. Бұл ретте сенiмгер басқарушыға төленетiн комиссиялық сыйақыға қатысты шығындар 2018 жылы елеулi түрде қысқарды (2017 жылмен салыстырғанда 2 еседен аса қысқарған).

Тәуелсiз аудитор — Deloitte» компаниясы куәландырған толыққанды аудиттелген есептiлiк Қор сайтының «Көрсеткiштер» — «Жылдық аудиторлық есеп» бөлiмiне орналастырылған.

Жалпы әкiмшiлiк шығындар

2018 жылдың қорытындысы бойынша әзiрленген қаржы есептiлiгiнiң деректерiне сәйкес Қордың жалпы әкiмшiлiк шығындары 2018 жылы 4,3 млрд теңгенi құрады.

Бұл сома мынадай шығыс баптарын қамтиды:

– негiзгi құрал-жабдықтардың өтемпұлы (1,16 млрд теңге);

 — операциялық жалдау (783 млн теңге ). 2018 жылы бүкiл республика бойынша Қордың 231 қызмет көрсету кеңселерi жұмыс iстедi. Өткен жылы Қордың өңiрлiк кеңселерiнде және көшпелi қызмет көрсету барысында 5,3 млн астам операция орындалды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан берi электрондық қызметтердiң өсуi және операциялық бөлiмшелерге түсетiн жүктеменiң азаюына байланысты қызмет көрсету кеңселерiнiң саны 215-ке дейiн қысқартылды;

–ақпараттық және телекоммуникациялық қызметтерге кеткен шығындар

(391,0 млн теңге), оған зейнетақы активтерi мен жинақтарын есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде деректер алмасу үшiн байланыс арналарын жалға алу төлемi, интернетке қол жеткiзуге арналған байланыс арналарын жалға алу, мобильдiк кеңселердiң жұмыс iстеуiне арналған телефон және жерсерiктiк байланыс қызметтерi кiредi;

–ақпарат беру-түсiндiру жұмыстары (277 млн теңге). Қор алдында халық

арасында белсендi түрде ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу бойынша стратегиялық мiндет тұр. Ол азаматтардың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi, зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер, зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық қызметтiң нәтижесi, зейнетақы жарналарын төлеу, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Бұдан басқа салымшылар мен зейнетақы төлемдерiн алушыларды қызықтыратын маңызды ақпараттар жариялау. 2018 жыл барысында республикалық және облыстық газеттерде, интернет-порталдар мен телеарналарда шамамен 30 мың материал жарияланды;

– пошталық шығындар (256 млн теңге), олар жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы салымшыларға жыл сайын хабар беру қызметiне төленедi;

 — бағдарламалық жасақтаманы қолдау және оны дамытуға кеткен шығындар

(225 млн теңге). Еске саламыз, БЖЗҚ 10 млн-нан астам шоттағы жинақтардың есебiн жүргiзедi. Қордың көрсететiн қызметтерiнiң 80 пайызы электрондық форматта көрсетiледi. Ал бұл ақпараттық жүйенi тұрақты дамытуды және дерекқордың қауiпсiздiгiн және құпиялылылғын қамтамасыз етудi талап етедi;

 — негiзгi құралдарды жөндеу және пайдалану (151 млн теңге);

– коммуналдық қызметтер (123 млн теңге);

– операциялық қызметтер бойынша автокөлiктердi жалға алу барлық өңiрлiк филиалдар және орталық аппарат бойынша, оның iшiнде салымшылар меналушыларға қызмет көрсету үшiн елiмiздiң шалғай аудандарына баратын мобильдiк кеңселерге кеткен шығындар (95 млн теңге).

Еңбекақы қорына қатысты шығындар

2019 жылдың 1 қаңтарынан берi қызметкерлер құрамы 1981 адамнан 1735 адамға (12,4 пайызға) дейiн қысқарды. Барлығы 2017 жылдан 2019 жылға дейiнгi аралықта «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерiнiң саны 2302 адамнан 1735 адамға дейiн немесе 25 пайызға қысқарды. Сәйкесiнше 2017-2018 жылдары қызметкерлер құрамына қатысты шығын 13 пайызға төмендедi.

Осылайша қызметкерлер құрамы мен еңбекақы төлеу қоры БЖЗҚ-ның бизнес-үдерiстердi оңтайландыру, қызметтердi автоматтандырып, электрондық форматқа ауыстыру, операциялық бөлiмшелердi оңтайландыру, еңбек өнiмдiлiгi мен жұмыскерлердiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша атқарып жатқан жұмыстарының арқасында елеулi түрде қысқартылды.

Қор қызметкерлерi жалақысының көлемi олардың лауазымы, бiлiктiлiгi, қызметтiк мiндетi және жауапкершiлiгiне сәйкес тағайындалады. БЖЗҚ-да орташа жалақы көлемi Қазақстан бойынша орташа жалақы көлемiнен жоғары емес. Жұмыскерлерге жұмыс нәтижесi бойынша төленетiн сыйлықақыны ескеретiн болсақ, БЖЗҚ-дағы жалақы деңгейi қаржы саласындағы орташа атаулы жалақыға жақындатылған, бiрақ одан 25 пайызға төмен.

Бұл ретте Қорда бiлiктi мамандардың жұмыс iстейтiндiгiн ескерген жөн. Қызметкерлердiң 95 пайыздан астамы жоғары бiлiмдi және негiзiнен экономика, қаржы, заңтану, естептегiш техникалар, ақпараттық техникалар, аудит, қаржылық талдау және тәуекелдердi басқару салалары бойынша маманданған. Жұмыскерлердiң басым бөлiгiнiң БЖЗҚ-дағы еңбек өтiлi 3 жылдан 10 жылға дейiн. Сондай-ақ қосымша арнайы дайындықтары және бiлiктiлiк сертификаттары бар.

«Акционерлiк қоғамдар туралы» ҚР Заңына сәйкес лауазымдық жалақы мөлшерiн, еңбекақы төлеу шартын анықтау және Басқарма жетекшiсi мен мүшелерiне сыйлықақы беру Директорлар кеңесiнiң құзырлығына жатады. 2018 жылы еңбекақы төлеу шарты мемлекеттiң қатысуымен жұмыс iстейтiн басқа да қаржылық ұйымдар мен компаниялардағы сыйақы төлеу деңгейiменсалыстырымды болған.

БЖЗҚ дамыту бойынша стратегиялық мiндеттер

Электрондық қызметтердi дамыту, шығындарды оңтайландыру, тиiмдiлiктi арттыру

БЖЗҚ Қазақстанның барлық өңiрлерiнде жұмыс iстейдi және жергiлiктi халыққа барлық қолжетiмдi зейнетақы қызметтерiн көрсетедi. Күн сайын Қор кеңселерiнде 13 мыңнан астам қызмет көрсетiледi. Бұл ретте БЖЗҚ жоғары технологиялық ұйым ретiнде дамып жатыр. Қазiргi уақытта қызметтердiң шамамен 80 пайызы электрондық форматта көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi мен атқарылатын мiндеттер артып жатыр. Соған қарамастан 2017 жылдан 2019 жылға дейiн «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерiнiң саны 567 бiрлiкке немесе 25 пайызға қысқарды. Сәйкесiнше екi жыл iшiнде қызметкерлер құрамына қатысты шығын (2017-2018 жж.) 13 пайызға төмендедi. 2017-2018 жылдар аралығында Қордың қызметкерлерге жұмсаған шығындары, сондай-ақ операциялық жалға алу, iс-сапарлық шығындары 2016 жылмен салыстырғанда 2 млрд астам теңгенi құрады.

Қызметтi автоматтандыру, электрондық қызметтердi дамыту, операциялық бөлiмшелердiң бiр бөлiгiн қысқарту, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру негiзiнде қызметтердi дамыту, шығындарды оңтайландыру, Қор жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру жұмыстары жалғасатын болады.

Проблемалық зейнетақы активтерiн қайтару

БЖЗҚ проблемалық активтердi қайтару бойынша күрделi және маңызды жұмыстардыжүзеге асыруда. Олардың басым бөлiгi жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан мұра болып қалған. Осыған байланысты Қазақстанда және басқа да шетелдiк юрисдикцияларда оңалту, эмитенттердiң банкротқа ұшырауы рәсiмдерi және сот талқылаулары жүрiп жатыр. Берешектерiн азаматтық тәртiпте қайтарудың барлық мүмкiндiктерi таусылған эмитенттердiң iсi қылмыстық-құқықтық арнаға аударылды.

БЖЗҚ-ның проблемалық зейнетақы активтерiн қайтару бойынша жүргiзiп жатқан жұмыстары мүдделi тұлғалар, проблемалық компаниялардың жекелеген акционерлерi тарапынан наразылық және белгiлi бiр қарсылық тудырады. Қазiр Қорға қарсы жасалып жатқан ақпараттық шабуылдар және жалпыға қолжетiмдi мәлiметтердiң бұрмаланып түсiндiрiлуi осыған байланысты болуы мүмкiн.

БЖЗҚ Ұлттық Банк және Үкiметпен бiрлесе отырып, алдына қойылған стратегиялық мiндеттердi орындауды одан әрi жалғастырады. Бұл ретте Қор салымшылардың қаражатын қайтаруға және зейнетақы активтерiне келтiрiлген залалға қатысы бар тұлғаларды жауапқа тартуғаниеттi.

Сенiмдiлiк, тұтынушыны бағдар тұту және қызметтiң ашықтығы– Қордың басты құндылықтары және қызмет ету қағидалары болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесi және БЖЗҚ қызметi бойынша шынайы ақпарат және түсiнiктемелер алу қажет болған жағдайда қалаған уақытта Қорға жүгiнуге немесе БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестiң жұмысына қатысуға болады. Қордың қызметi туралы ақпарат, оның iшiнде қаржы есептiлiгi, проблемалық активтерге қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлiметтер, зейнетақы активтерiн басқару туралы деректер enpf.kz сайтында орналдастырылған, сондай-ақ БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңеске тұрақты түрде ұсынылып отырады. Бұдан басқа бұқаралық ақпарат құралдарында және Қордың әлеуметтiк желiлердегi ресми парақшаларында жарияланады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 21.10.2019 09:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.10.2019 09:47
Қаралым саны: 182

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz