A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін еске салады

«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлiк жасқа толған (ерлер — 63 жас және одан жоғары, әйелдер 59 жас және одан жоғары) және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар азаматтарға Қордан зейнетақы төлемдерiн алу қажеттiлiгiн хабарлайды.

БЖЗҚ-дан берiлетiн зейнетақы төлемдерi алушы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады және зейнетақы жинақтары таусылғанша жүзеге асырылады. Осыған байланысты «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамына, оның жұмыс кестесiн ескере отырып, кез келген ыңғайлы уақытта жүгiну керектiгiн еске саламыз. Бұл ретте өтiнiштi зейнеткерлiк жасқа толуға 10 күн қалғанда беруге болады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына мына төмендегi өзгерiстердiң енгiзiлiп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгендiгiн хабарлаймыз:

1)әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа толғанда;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа толғанда;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа толғанда;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа толғанда;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толғанда;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толғанда;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толғанда;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толғанда;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толғанда;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргiзiледi.

2)БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарынан құралған жинақтар есебiнен зейнетақы төлемдерi:

бекiтiлген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерi түрiнде;

егер алушылар өтiнiш берген күнi, олардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi зейнетақының он екi еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда (2019 жылы — 433 296 теңге = 12 * 36 108), бiр жолғы төлем түрiнде;

«БЖЗҚ» АҚ-тан зейнетақы төлемдерiн есептеу тәртiбiне сәйкес Қордан ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызынан кем емес көлемде (2019 жылы — 16 036,92 тенге = 54% * 29 698) жүзеге асырылады.

БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға SMS, электрондық пошта, пуш-хабарлама, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ-тың пошталық хабарламасы арқылы тұрақты негiзде ақпарат беру жұмыстарын жүргiзiп келедi.

БЖЗҚ зейнеткерлiк жасқа толған және Қорда зейнетақы жинақтары бар, бiрақ күнi бүгiнге дейiн оларды қандай да бiр себептермен алмаған адамдарға «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының бөлiмшесiне жүгiну қажеттiгiн тағы да ескертедi.

Мақаланың шыққан күні: 25.11.2019 14:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.11.2019 14:58
Қаралым саны: 75

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz