A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу аясында ағымдағы жылдың 29 қарашасында «Нұр-Отан» партиясының өңiрлiк филиалдарында «Ашық есiк күнi» шарасын өткiзедi.

Басты тақырып: «Зейнетақыны жоспарлау».

Қазiр зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты ең бiр маңызды сұрақтардың бiрi — болашақ зейнетақыны қалыптастыру. Өйткенi әрбiр Қазақстан азаматы болашақта лайықты зейнетақы алуды армандайды. Ал бұған қалай қол жеткiзуге болады? Болашақ зейнетақының көлемiн алдын-ала есептеудiң жолы бар ма? Ерiктi жарналар зейнетақыны арттыруға қаншалықты септiгiн тигiзедi?

Қор мамандары мен әлеуметтiк қамсыздандыру саласында жұмыс iстейтiн мемлекеттiк құрылымдардың өкiлдерi осы және өзге де сұрақтарға жан-жақты жауап беретiн болады.

«Ашық есiк күнi» шарасын ұйымдастырудағы басты мақсат — жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Қор қызметi жайында салымшыларға толыққанды мағлұматтар беру.

Бiз сiздердi Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсiздiк даңғылы, 3 мекенжайында күтемiз!

Мақаланың шыққан күні: 20.11.2019 18:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.11.2019 18:08
Қаралым саны: 102

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz