+A A -A
Қаз

/

Рус

Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00нан -17:00ге дейiн «БЖЗҚ» АҚ Нұр-Сұлтан қ-сы филиалы «Ашық есiк күнiн» өткiзедi. Басты тақырып — «Ерiктi зейнетақы жарналары — өзiңiздiң және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз».

Қор мамандары ерiктi жарналардың артықшылығы туралы, оны қалай әрi кiм сала алатыны және қашан алуға болатыны туралы айтып бередi. Салымшы қандай сыйақы ала алады және оларды мұраға алу құқығы кiмге берiледi?

Келушiлер негiзгi күн тәртiбiмен қатар «БЖЗҚ» АҚ филиалының жұмысын ұйымдастырумен танысып, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қыр-сырын ұғына алады, сондай-ақ өздерiн қызықтыратын мәселелердiң барлығына қатысты бiлiктi кеңес ала алады.

Iс-шараға қатысқан соң қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тiлектерi мен ескертулерiн айту мүмкiндiгi берiледi.

«Ашық есiк күнiнiң» Нұр-Сұлтан қ-сы, Абая даңғылы, 13 үй, «Iскер» Бизнес Орталығы мекенжайындағы «БЖЗҚ» АҚ Нұр-Сұлтан қ-сы филиалы кеңсесiнде өтетiнiн еске саламыз.

Мақаланы құрған күні 19.09.2019 10:10
Мақаланы жаңартқан күні 19.09.2019 10:10
Қаралым саны: 1067