A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
2019 жылы 130 астам журналист зейнетақы жүйесі туралы білімдерін жетілдіріп, сертификаттар алды

«БЖЗҚ» АҚ стратегиялық мiндеттерiнiң бiрi — халық арасында ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын белсендi түрде жүргiзу. Аталмыш шара қаржылық сауаттылықты, БЖЗҚ-ның көрсететiн қызметтерi, зейнетақы жүйесi, зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер, зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық қызметтiң нәтижелерi, дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған.Бұл мiндеттердi жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлi өте зор. Осыған байланысты Қор мамандары БАҚ өкiлдерi, журналистика факультеттерiнiң студенттерi және блогерлер үшiн Қаржы журналистикасы мектебi үлгiсiнде дәрiстер жүргiзiп жатыр. Басты тақырып: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы қажеттi мағлұматтар».

Мектептi өткiзудегi мақсат — Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесi бойынша журналистердiң, блогерлердiң және журналистика факультетi студенттерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру, сонымен қатар БЖЗҚ өкiлдерiнiң олармен кәсiби тұрғыда бiрлесе әрекет жасауына мүмкiндiк беру.

Курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдерi ұсынылады: зейнетақы жүйесiнiң модельдерi, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң ерекшелiктерi, зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер, жинақтаушы зейнетақыны жоспарлау және есептеу, қолданыстағы электрондық сервистер, зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық қызмет және «БЖЗҚ» АҚ ақпараттық жұмыстары.

Курс барысында журналистерге шұғыл түрде шынайы материалдар дайындау үшiн Қор сайты және басқа да ақпарат көздерiмен қалай жұмыс iстеу керектiгi туралы кеңестер берiледi.

Аталмыш шара осымен төртiншi жыл өткiзiлiп жатыр. Бұған дейiн ол негiзiнен Алматы қаласында өткiзiлiп келген болатын. Биыл БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебi Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында ұйымдастырылды. Барлық жерде қатысушылар ұсынылған тақырыптарғаерекше қызығушылық танытты.

Оқыту курстарының қорытындысы бойынша барлығы 130-дан астам адамға арнайы сертификаттар табысталды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 21.10.2019 09:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.10.2019 09:49
Қаралым саны: 185

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz