+A A -A
Қаз

/

Рус

Әкімнің өмірбаяны

Қасенов Гайдар Қабдоллаұлы, 1976 жылы Ақмола облысы Атбасар ауданында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы аграрлық университетi, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Халықаралық бизнес академиясын бiтiрген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласының «Алматы» ауданы әкiмi аппаратының бас маманы болып бастаған. 2001 жылдан бастап 2006 жылға дейiн коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс iстедi.

2006-2008 жылдары Астана қаласының «Алматы» ауданы әкiмiнiң орынбасары, содан кейiн әкiм қызметiн атқарды.

2008-2015 жылдары «Қазтемiртранс» АҚ Корпоративтiк даму жөнiндегi вице-президентi болып жұмыс iстедi.

Шортанды ауданының әкiмi болып тағайындалғанға дейiн Нұр-Сұлтан қ. «Nur Otan» партиясы Алматы аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары болды.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Үйленген, үш баланың әкесi.

Мақаланы құрған күні 11.01.2018 11:02
Мақаланы жаңартқан күні 13.11.2019 11:10
Қаралым саны: 2891