A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысын жариялады

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығы бойынша БЖЗҚ қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi сенiмдi оң динамиканы көрсетедi: 2019 жылдың 1 шiлдесiне қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,99 трлн. теңгенi құрап, жыл басынан берi 7% — ға немесе 615 млрд.теңгеге ұлғайды.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында жинақталған зейнетақы қаражатының өзгеруi 464,8 млрд.теңге мөлшерiнде зейнетақы жарналарының, 107,6 млрд.теңге мөлшерiндегi зейнетақы төлемдерiнiң, сондай-ақ, 257,5 млрд.теңге көлемiндегi инвестициялық кiрiстiңтүсулерiмен байланысты.

01.07.2019 ж. қарай мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 9,8 трлн. теңгенi, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ)есебiнен — 220,0 млрд.теңгенi, ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ)есебiнен-1,9 млрд. теңгенi құрады.

2019 жылдың 1 шiлдесiне қарай МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны (техникалық шоттарды қоспағанда) 10,3 млн. шотты құрап, жыл басынан бастап 1,2%-ға немесе 119,3 мың шотқа өстi (жүйеден шыққан қатысушылар бойынша шоттардың жабылуын ескере отырып).

Бұл ретте МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (техникалық шоттарды есепке алмағанда) жыл басынан бастап 1%-ға немесе 100 мың шотқа (жүйеден шыққан қатысушылар бойынша шоттардың жабылуын ескере отырып) ұлғайып, 9,7 млн.шотты құрады.

Техникалық (сәйкестендiрiлмеген) шоттар саны есептiк кезеңде 216,3 мыңнан 201,8 мың шотқа дейiн 7%-ға азайды.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында БЖЗҚ-да 155 821 салымшы үшiн жеке зейнетақы шоттары ашылды. Алғаш рет БЖЗҚ-да шот ашқандардың 22%-ы 20 жасқа дейiнгi топты құрады, 36,2% — 21-ден 30 жасты, 18,3%- 31-ден 40 жасты, 13,6%- 41-ден 50 жасқа дейiнгi, 9,9% — 51 жастан жоғары топтарды құрады.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығындағы зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 107,6 млрд. теңгенi құрады. Бұл ретте жасына байланысты төлемдер 41 млрд.теңгенi құрап, сақтандыру ұйымдарына 30 млрд. теңге аударылды, 21 млрд. теңге ҚР шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлендi. Салыстыру үшiн — өткен жылдың осы кезеңiнде зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 100,9 млрд.теңгенi құрады.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кiрiс 257,5 млрд. теңгенi құрады. Соңғы 12 айда зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляция 5,4% болғанда 9,4% құрады. Осылайша зейнетақы активтерi соңғы 12 айда 4% мөлшерiнде нақты оң кiрiстiлiкке ие.

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жалғастыруда. 01.01.2017 ж. — 01.07.2019 ж. аралығында Қор қызметкерлерi 59,8 мың көшпелi тұсаукесерлер өткiзiп, оған 1,8 млн. адам (немесе елдiң жұмыспен қамтылған халқының 21%) қатысты.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Қор кеңселерiнде күн сайын Қазақстан бойынша 13 мыңнан астам қызмет көрсетiлдi.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Қор қызметiнiң 80,5%-ы электронды форматта (он-лайн) жүргiзiлдi.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Қор әртүрлi байланыс арналары арқылы келiп түскен 300 мыңға жуық салымшылардың (алушылардың) өтiнiштерiн қабылдап, өңдедi.

Мақаланың шыққан күні: 28.08.2019 13:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.08.2019 13:34
Қаралым саны: 394

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz