A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Бес сұрақ айдары

1. Қайырлы күн, биыл мен 59 жасқа толамын. Көп ұзамай Қордан зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеуiм керек. Туған күнiм — 31 желтоқсан. «Жаңа жылға дайындаламыз деп жүрiп, бұл күнi өтiнiш берiп үлгермеймiн бе», — деп қорқамын. Егер өтiнiштi алдағы жылдың басында берсем қалай болады? Туған күнге дейiн беруге болмайма? Өтiнiштi қайда беруiм керек?

Зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнет жасына толған әйел (2019 жылы — 59 жас) жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу үшiн ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейiн «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының жергiлiктi Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгiнуi керек. Сәйкесiнше егер Сiз биыл үлгере алмасаңыз, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1 тармағына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алдағы жылы тек 59,5 жасқа толғанда ғана рәсiмдей аласыз.

Сондықтан егер зейнет жасына биылғы жылдың 31 желтоқсанында толатын болсаңыз, онда оған 10 күн қалғанда, яғни 21-31 желтоқсан аралығында Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтiнiш беруiңiзге болады. Өйтпеген жағдайда, зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу үшiн тағы 6 ай күтуiңiзге тура келедi. Себебi, жоғарыда айтып өткенiмiздей, әйелдердiң зейнеткерлiкке шығу жасы жыл сайын 6 айға ұзартылып отырады.

Еске саламыз, 2018 жылдың қазан айынан бастап «Бiр терезе» қағидаты бойынша Композиттiк қызмет iске қосылды. Соған сәйкес зейнет жасына толған азаматтар мемлекеттiк бюджеттен төленетiн базалық және ортақ зейнетақыны, сонымен қатар БЖЗҚ-дан берiлетiн зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу үшiн бiрыңғай өтiнiшпен «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгiнедi. Бұл ретте алушы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн және салыстыру үшiн түпнұсқасын, сондай-ақ банк шоты туралы мәлiмет ұсынады. Әрi қарай жиынтық зейнетақы төлемдерi бекiтiлген кесте бойынша ай сайын алушының өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына бiр мезгiлде аударылып отырады.

2. Мен кеншi болып жұмыс iстеймiн. Таяуда жұмыс берушiм мен үшiн өз қаражаты есебiнен айлық табыстың 5 пайызы көлемiнде Қорға мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын аударуы керектiгiн естiдiм. Мен жұмыс берушiнiң осы жарналарды Қорға дер кезiнде аударып отырғандығын қалай бiлуiме болады?

Қазiргi уақытта Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алудың бiрқатар ыңғайлы тәсiлдерiн ұсынады. Атап айтар болсақ, Сiз шотыңыздағы зейнетақы жинақтарыңыз туралы ақпаратты:

- Қор кеңсесiне тiкелей бару арқылы (Қордың 215 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi);

- пошта байланысы арқылы (үзiндiи көшiрме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiшiнде көрсетiлген мекенжайына жолданады);

- электрондық пошта арқылы (зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат салымшының шот ашу туралы өтiнiшiнде немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту туралы келiсiмде көрсеткен электрондық поштасына (таңдауына қарай: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бiр рет) жолданады);

- интернет байланысы арқылы (логин мен құпиясөз немесе электрондық цифрлық қолтаңбанының (ЭЦҚ) көмегiмен, enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөлiмi және ұялы телефонға жүктелген ENPF ұялы қосымшасы арқылы) ала аласыз.

Бұлардан басқа ЭЦҚ көмегiмен e-gov.kz сайтының «Әлеуметтiк қамтамасыз ету»-«Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстерiн ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» бөлiмi арқылы да алуға мүмкiндiк бар.

Әрине, осы тәсiлдердiң iшiнде ең ыңғайлысы — интернет байланысы. Ол бүгiнде салымшылар мен алушылар арасында кеңiнен танымал. Өйткенi ол шоттың жай-күйiн кез келген уақытта, кез келген жерде жылдам алуға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар Қордың смартфондар мен планшеттерге арналған мобильдi қосымшасын пайдалануға болады.

Ал егер шотыңыз бойынша ақпаратты Қор мамандарынан алғыңыз келсе, онда Қордың жергiлiктi бөлiмшесiне жүгiне аласыз.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары Қорға табыстар алынған айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi. Оның толық және уақтылы төленуiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк кiрiс органдары жүзеге асырады.

Жұмыскер жалақы алғанына қарамастан жұмыс берушi уақытылы ұстап қалмаған және Қорға аудармаған мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын мемлекеттiк кiрiс органдары есептелген өсiмпұлмен бiрге өндiрiп алады және Қорға аударуды жүзеге асырады. Бұдан басқа салық қызметi органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша берешегi бар және оларды алты айдан астам уақыт бойы өтемей келе жатқан жұмыс берушiлердiң тiзiмiн жариялап отырады.

3. Саламатсыз ба, менiң әкем екiншi топтағы мүгедек. Оған Қордың бөлiмшесiне келу өте қиын. Сұрайын дегенiм, Қордың зейнетақы қызметтерiн үйде алуға мүмкiндiк бар ма?

«БЖЗҚ» АҚ әрбiр салымшының (алушының) қамын ойлайды және өзiнiң зейнетақы қызметтерiн әр ыңғайлы тәсiлмен ұсынуға тырысады. 2015 жылы «Мобильдiк агент» жобасын iске қосты. Ондағы мақсат — халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына, оның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi жандардың үйлерiне, сондай-ақ жергiлiктi ұйымдар мен кәсiпорындарға және режимдiк нысандарға барып, зейнетақы жүйесi мен Қор қызметi жайында таныстырылымдық шаралар өткiзу және қызмет көрсету. Осылайша Қор қызметiнiң ашықтығын, сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыру.

«Мобильдiк агент» жобасы аясында Қордың барлық өңiрлiк филиалдарында Барып қызмет көрсету бөлiмдерi құрылған. Осылайша қандай да бiр себеппен, бiрiншi кезектi денсаулығына байланысты Қор кеңсесiне келе алмайтын салымшы зейнетақы қызметiн үйiнде алу үшiн Қордың байланыс орталығының 1418 тегiн телефонына хабарласып, жағдайын айтып, өтiнiш қалдыра алады. Сондай-ақ enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету»-«Халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн электрондық өтiнiш беру» бөлiмiне кiрiп, тиiстi нысандарды толтырып, электрондық өтiнiш қалдыруға да болады. Қор қызметкерлерi өтiнiш берген салымшыға хабарласып, жағдайын анықтап, кездесу уақытын белгiлейдi. Сөйтiп, 5 жұмыс күнi iшiнде үйiне барып онлайн тәртiбiнде қызмет көрсетедi. Бұл үшiн Қор мамандары өздерiмен бiрге арнайы ноутбук, принтер, модем және басқа да қажеттi құрылғыларды алып барады.

Мiнеки, мұның барлығы салымшылар мен алушыларға барлық маңызды зейнетақы қызметтерiн үйде алуға мүмкiндiк бередi.

4. Менiң жұбайым өзiнiң зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударып едi. Алғашқы төлемдi алып та үлгердi. Алайда ақылдаса келе бұл қызметтен бас тартуды жөн көрдiк. Ендi сақтандыру компаниясына аударған жинақтарымызды Қорға керi қайтара аламыз ба?

Өкiнiшке қарай, сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы жинақтарын Қорға қайтаруға мүмкiндiк жоқ. Өтiнiштiң күшiн зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударғанға дейiн ғана жоюға болады. Зейнетақы заңнамасы бойынша Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының тиiстi құжаттарын алған соң, оның зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына 10 жұмыс күнi iшiнде аударады. Демек алушы жеке басын куәландырушы құжатпен Қорға осы уақыт iшiнде барып барып үлгеруi тиiс.

5. Мен таяуда 63 жасқа толдым. Қазiр зейнеткермiн. Бiрақ жұмысымды одан әрi жалғастырып жатырмын. Әлi де iстей бергiм келедi. Менiң бiлейiн дегенiм, зейнеткер болсам да жалақымнан мiндеттi зейнетақы жарналары ұстала ма?

Жоқ, ұсталмайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2 тармағына сәйкес зейнет жасына толған азаматтар Қорға мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бiрақ олар өз еркiмен ерiктi жарналар аударуға құқылы. Бұл үшiн БЖЗҚ-мен ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. Бұл ретте жарналардың мөлшерi мен аудару жиiлiгiн салымшының өзi белгiлейдi.

Мақаланың шыққан күні: 18.11.2019 17:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.11.2019 17:50
Қаралым саны: 114

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz