A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Ақмола облысында жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдер қаралды

Мемлекеттiк қызметшiлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi облыстық Жер қатынастары басқармасында жер саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн анықтау және жою туралы семинар-кеңес өткiздi.

Кездесу барысында Департаменттiң алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмiрханов сөз сөйлеп, ең алдымен қатысушыларды республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларында енгiзiлген жаңалықтар туралы хабардар еттi.

«Жер учаскелерi әртүрлi алаяқтар, сондай-ақ мемлекеттiк билiк органдарының өкiлдерi үшiн ерекше сала болып табылатыны ешкiмге құпия емес. Тәжiрибе көрсеткендей, жер қатынастары саласы бiздiң елiмiздегi ең сыбайлас жемқорлық саланың бiрi болып табылады. Сондықтан тиiстi органдардың бiрiншi басшылары бағынышты қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық фактiлерiн болдырмау үшiн барлық қажеттi алдын алу шараларын қабылдауға мiндеттi», — деп атап өттi Бақытжан Әмiрханов.

Айта кету керек, бұрын департамент Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлiмiнiң қызметiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау бойынша талдау жүргiздi.

Жүргiзiлген талдау барысында Бөлiм ұсынатын мемлекеттiк қызметтер саласында бiрқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi анықталды. Мысалы, талдау көрсеткендей, жер қатынастары саласындағы қолданыстағы заңнаманы бұзудың ең жиi орын алатын жағдайлары — ЖТҮҚ үшiн жер учаскелерiн кезектен тыс беру. ЖТҮҚ үшiн жер учаскелерiн беру бойынша арнайы есепке алуды (кезектiлiктi) жүргiзу рәсiмiнiң жетiлмегендiгi анықталды.

Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қандай да бiр мемлекеттiк қызметтi алушымен тiкелей байланысы түрiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелi анықталған. Мемлекеттiк қызметтердiң бiрқатар стандарттары «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңның талаптарына сәйкес келмейдi.

Бұдан басқа, егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары болмаса және бас жоспардың сәйкессiз объектiлердi салу үшiн жер учаскелерiн беру кезiнде бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ, Департаментпен мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiн беру кезiнде бұзушылықтар анықталды. Талдау қорытындысы бойынша тиiстi ұсынымдар шығарылды.

Семинар соңында Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Бауыржан Ерназаров мемлекеттiк органның басшылығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн болдырмау, сондай-ақ басқарма қызметкерлерi арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қажеттi шаралар қабылданатынына және тиiстi iс-шаралар жүргiзiлетiнiне сендiрдi.

Мақаланың шыққан күні: 13.01.2020
Қаралым саны: 109

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz