+A A -A
Қаз

/

Рус

Құрметтi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi және ардагерлерi!

Баршаңызды кәсiби мереке — Қазақстан Республикасының Полиция күнiмен құттықтаймын!

Полиция күнi — бұл Қазақстан полициясын құрып, оның қатарында еңбек еткендердiң барлығына алғыс. Бұл бiздiң полицияның ең жақсы қасиеттерiнiң символына айналған күн.

Қазақстан тәуелсiздiк алған сәттен бастап бiздiң елiмiз өзiн мықты мемлекеттiк жүйесi бар, қылмысқа қарсы тұруға қабiлеттi, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететiн ел ретiнде көрсетiп отыр.

Бүгiн мен кез-келген уақытта өзгелер үшiн өзiн тәуекелге ұшыратуға дайын, бiздiң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда бiрiншi болып тұрған барлық батыл және игi адамдарға алғыс айтқым келедi. Сiздерге шын жүректен денсаулық, сәттiлiк, амандық, шыдамдылық және табыс тiлеймiн. Мен сондай-ақ, полиция қызметкерлерiнiң жақын-туысқандарына да алғыс айтқым келедi. Сiздерге денсаулық, қуаныш және барлық тiлектерiңiздiң орындалуын тiлеймiн!

Құрметпен, аудан әкiмi
Гайдар КАСЕНОВ

23.06.2020
67