A- A A+
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Мемлекеттік басқару академиясына құжаттар қабылдау жалғасуда

Қазiргi таңда Академия халықаралық бiлiм беру стандарттары бойынша жұмыс iстейдi және iс басындағы мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби дамуы мен бiлiм алуына жауап беретiн Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Академияның жұмысы мемлекеттiк аппаратқа стратегиялық және инновациялық тұрғыда ойлай бiлетiн, және, сәйкесiнше, бүгiнгi күннiң ғана емес, ертеңгi күннiң де мiндеттерiн шеше алатын кадрларды дайындауға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы еңбек өтiлi 1 жыл+ мемлекеттiк қызметшiлердi магистратураның 11 бағдарламасының немесе докторантураның 4 бағдарламасының бiрiне грантқа түсуге шақырады.

Академиядағы оқу қандай бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады?

МАГИСТРАТУРА (1 жылдық оқу)

•MPM Мемлекеттiк менеджмент (ыңғайлы оқу кестесi)

•MDPA Цифрлық мемлекеттiк басқару

•MACP Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

•MPPL Мемлекеттiк саясат және құқық

•MPP Мемлекеттiк саясат (ағылшын тiлiнде оқытылады)

•MHRM Адами ресурстарды басқару

•MIR Халықаралық қатынастар

МАГИСТРАТУРА (2 жылдық оқу)

•MPP Мемлекеттiк саясат

•MPA Мемлекеттiк басқару

•ME Экономика

•MRD Өңiрлiк даму

ДОКТОРАНТУРА (3 жылдық оқу)

•DPA Мемлекеттiк басқару

•DE Экономика

•DIR Халықаралық қатынастар

•EDPM Мемлекеттiк менеджмент

Мемлекеттiк қызметшiлер үшiн Академияда оқудың артықшылықтары:

•Академиядағы оқу уақыты мемлекеттiк қызмет өтiлiне есептелiнедi.

•Академияда бiлiм алушылар соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы мөлшерiнде стипендия алады.

•Академияда бiлiм алушылар Maxwell School of Citizenship and Public Affairs — Сиракуз университетi (АҚШ), DBB академиясы (Берлин, Германия), Вена дипломатиялық академиясы (Австрия), Эстон дипломатия мектебi, Мохаммед Бин Рашид атындағы Мемлекеттiк басқару мектебi (БАӘ), Нидерландтық «Clingendael» Халықаралық қатынастар институты (Нидерланды), сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерiнде бiлiм алуға және тағылымдамадан өтуге мүмкiндiк алады.

•Бiлiм алушылар Мемлекеттiк басқару академиясы жанындағы зерттеу орталықтарының жұмысына қатыса алады, мемлекеттiк сектордағы жобалық менеджмент бойынша сертификатталған сарапшылардың жетекшiлiгiмен өз жобаларын құрып, iске асыра алады.

Академияға түсу үшiн қажеттi құжаттар тiзiмi

•Өтiнiш

•Бiлiм туралы құжаттың көшiрмесi (қосымшаларымен бiрге)

•IELTS немесе TOEFL тестiн тапсырғаны туралы сертификаттың көшiрмесi немесе APTIS тестiн тапсыруға арналған тiркеу нысаны

•Еңбек қызметiн растайтын құжат (мемлекеттiк қызметшiлер үшiн қызмет тiзiмi немесе басқа тұлғалар үшiн еңбек кiтапшасының көшiрмесi)

•086-У нысанындағы медициналық анықтама

•Мемлекеттiк органның жолдамасы (мемлекеттiк қызметшiлер үшiн)

•Магистратура бағдарламасының үмiткерлерi үшiн — мотивациялық эссе және бағдарлама бойынша эссе, докторантура бағдарламасының үмiткерлерi үшiн — мотивациялық эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal) және ғылыми еңбектердiң тiзiмi (бар болған жағдайда)

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 12 шiлдесiне дейiн, APTIS тестiлеуi — 2019 жылдың 17–18 шiлдесiнде жүргiзiледi. APTIS тестi төрт тiлдiк дағды бойынша тапсырмаларды қамтиды: айтылым, жазылым, оқылым және тыңдалым. APTIS тестiн ұйымдастыру мен өткiзудi Британ кеңесi жүзеге асырады, бұл процестiң объективтiлiгi мен ашықтығын қамтамасыз етедi.

Академияның мемлекеттiк қызметшiлердiң IТ-құзыреттiлiгiн дамыту үшiн заманауи цифрлық платформасы, озық материалдық-техникалық базасы бар, ал оқу үдерiсiн ұйымдастырудың өзi цифрлық және интерактивтi оқыту технологияларын барынша қолдануға негiзделген. Академияның профессор-оқытушылар құрамы штаттағы, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан шақырылған оқытушылар-практиктерден тұрады, олар министрлер, министр орынбасарлары, әр түрлi департаменттердiң директорлары, елшiлер және т.б.

Мемлекеттiк басқару академиясына оқуға түсу туралы толығырақ ақпаратты www.apa.kz сайтынан және +7 (7172) 75 33 95 телефоны немесе admissions@apa.kz e-mail адресi арқылы бiлуге болады.

Мақаланың шыққан күні: 03.07.2019
Қаралым саны: 459

Бейнегалерея

 

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Пошта мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,Шортанды кентi, Абылайхан көшесi 20, 021600

Аудан әкiмiнiң қабылдау бөлмесi: 8 (71631) 2-12-13

Aудан әкiмi аппаратының басшысы: 8 (71631) 2-11-45

Әдеп жөнiндегi уәкiлi: 8 (71631)2-18-31

Қабылдауға жазылу: 8 (71631) 2-15-18

Электронды пошта мекенжайы: shortandy_kanz@akmo.kz