+A A -A
Қаз

/

Рус

Аудан әкiмi Гайдар Қасеновтiң медицина қызметкерлерiнiң күнiмен құттықтауы

Құрметтi Денсаулық сақтау саласының қызметкерлерi!

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiз — медицина қызметкерлерi күнiмен шын жүректен құттықтаймын.

Барлық уақытта сiздiң асыл кәсiбiңiз қоғамда ерекше құрметке лайық. Кәсiби парызыңызды абыроймен орындай отырып, сiз емделушiлерге ең қымбат — денсаулық пен өмiрдi сақтайсыз.

Бүгiнгi күнi Шортанды ауданының тұрғындары аудандық ауруханада және оның 28 құрылымдық бөлiмшелерiнде медициналық көмек алады, онда 350-ге жуық қызметкер жұмыс iстейдi.

Қазiргi уақытта ауданның медициналық мекемелерiнiң құрылысына, қайта жаңартуға, материалдық-техникалық жарақтандыруға көңiл бөлiнуде. Ағымдағы жылы Степное ауылында жаңа дәрiгерлiк амбулаторияны пайдалануға беру жоспарлануда. Жаңа операциялық үстел, көп арналы ЭКГ аппараты сатып алынды, аудандық аурухананың лифтiне күрделi жөндеу жүргiзiлдi, 1 бiрлiк санитарлық автокөлiк сатып алынды, компьютерлiк техника жаңартылды және т.б. оң өзгерiстер орын алды.

Қазiр, коронавирус пандемиясы кезiнде медицина қызметкерлерiнiң еңбегiн ерекше атап өткiм келедi. Сiздерге кәсiбилiк, рух күшi мен мейiрiмдiлiк үшiн рахмет. Шын жүректен зор денсаулық, жақсылық, отбасылық амандық және сiздiң игi iстерiңiзге табыс тiлеймiн!

20.06.2020
58