+A A -A
Қаз

/

Рус

23 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшi күнi

2013 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Президентiнiң «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп, 23 маусым Мемлекеттiк қызметшi күнi деп жарияланды.

Қазақстанда мемлекеттiк қызметшi күнiн мерекелеу Мемлекеттiк қызметтiң беделiн нығайтуға ықпал етуi тиiс.

Құрметтi әрiптестер!

Сiздердi кәсiби мереке — Мемлекеттiк қызметшi күнiмен шын жүректен құттықтаймын. Билiкке деген сенiм мемлекеттiк қызметшiден басталады. Әркiмнiң мiндетi — азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, елдiң, өз өңiрiнiң тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамуына жағдай жасау, қазақстандықтардың жоғары өмiр сүру деңгейiне қол жеткiзуге ықпал ету.

Сiздерге және сiздердiң отбасыларыңызға зор денсаулық, жақсылық, игiлiк, өмiрлiк табыс тiлеймiн. Мерекелерiңiзбен!

Iзгi ниетпен, аудан әкiмi
Гайдар ҚАСЕНОВ

23.06.2020
72